1 2 - Б Ө Л І М
ЭЛЕКТРЛІК ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
12.1.
Жалпы мәліметтер
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы электротехника мен
электрониканың
кеңінен дамуын негіздейді, бұл өз кезегінде
оларды одан əрі дамытуға ынталандырады. Әсіресе электрлендіру
саласында қол жеткізілген жетістіктерді жəне өнеркəсіпке арналған
электронды құралдарды əзірлеуді атап өту қажет. Жетектің электр
жүйесі машина жасау, химиялық өнеркəсіп, тасымалдау үшін үлкен
қуаттылық алуды қамтамасыз етеді жəне экономиканың дамуына
айтарлықтай үлес қосады.
Машиналардың функционалдық параметрлері мен алынатын
өнімдерэлектрондық
жүйелер
көмегімен
басқарылады.
Электрондық өлшеу құралдары қол жетімді өлшеу ақпаратын алуды
қамтамасыз етеді, ол жады блогындағы белгіленген мəндері бар
электрондық есептеуіш машинасы көмегімен салыстырылады жəне
сосын белгіленген мəндерден ауытқулар кезінде тиісті түзетуді іске
асырады.
Электрлік шамаларды өлшеудің мəнінің жоғарылауы анық.
Сонымен
қатар геометриялық, механикалық, жылу, оптикалық,
уақыттық жəне т.б. сияқты электрлік емес шамалардың электрлік
өлшемдерінің барлық кеңейтілген көлемін байқамай қалуға
болмайды. Электрлік өлшеулердің ерекше артықшылықтарын атап
өту керек:
• жоғары сезімталдық (электр түрлену немесе күшейту
кезінде
түрленудің қосымша қателіктері болмайды) (12.1-кесте);
• нəтижелердің жоғары дəлдігі жəне орындалуы (тез өзгеретін
үдерістерді тіркеу мүмкіндігі, өлшеу жүйесінің өлшенетін объектіге
кері əсері болмауы);
• өлшеу мақсаттары үшін электр қуатын күшейтудің шексіз
мүмкіндігі;
• қызмет етудің ұзақ мерзімі, тозудың аз болуы жəне пайдалану
кезіндегі аздаған талаптар;
218
12.1-К е с т е
Метрологиялық институттарда қол жеткізілетін өлшеу
қателіктері
Өлшенетін
шама
Өлшенетін
шаманың
мəні
Өлшеу құралы
Өлшеулердің
салыстырмал
ы қателігі
Электрлік
токтың
1 нА
Үлгілік резистор
1 · 10
-3
күші
1 мкА
жəне компенсатор
2 · 10
-5
1 А
сол
сияқты
2 · 10
-5
1 кА
»
2 · 10
-5
»
3 · 10
-4
Кернеу
1 мВ
Компенсатор
5 · 10
-6
1 В
»
1 · 10
-5
1 кВ
»
1 · 10
-5
Кедергі
1 мОм
Кельвиннің қос көпірі
1 · 10
-6
1 Ом
сол сияқты
1 · 10
-7
1 кОм
»
5 · 10
-7
1 МОм
Электроомметрлік
2 · 10
-6
көпір
1 ГОм
сол сияқты
5 · 10
-6
• тікелей өлшеу объектісінде жəне одан аздаған қашықтықта
монтаждау мүмкіндігі.
Өлшеу кезінде алынған кез-келген деректерді өлшеу
объектісінен кез-келген
қашықтықта бекітуге болады, сонымен
қатар жергілікті немесе орталықтандырылған электрондық өңдеуді,
бақылауды, өлшеу нəтижелерін тіркеу жəне құжаттандыруды
қамтамасыз етуге болады. Бұл жағдайда топтастыру жолымен
алынатын көлемді төмендету, орташа мəндерді алу жəне шекті
мəндердің асу туралы дабыл беру қажеттілікке ие болады.
Электр
өлшеуіштік құрылғылар реттеу жəне басқару жүйелеріне оңай
қосылуы мүмкін. Сандық өлшегіштік құрылғыларына өту өлшеу
нəтижелерін өңдеудегі қателерді азайтуға жəне өлшеу нəтижелерін
визуалдық есептеу кезінде туындайтын субъективтік қателерді
шектеуге əкеледі.
Дегенмен, жеке ұштастырылатын функционалдық блоктар
түріндегі электрлік өлшеу жүйелерін кеңінен пайдалануды
бағаламауға болмайды. Осының арқасында əртүрлі өлшеу
міндеттерін шешу үшін бірнеше
стандартталған блоктардан
тұратын жүйелерді жасауға болады. Осындай шешімдердің
экономикалық маңызы өлшеу жүйесін əзірлеудегі салыстырмалы
түрде аз материалдық шығындарға жəне басқа да міндеттерді шешу
үшін өлшеу жүйесін салыстырмалы түрде тез қайта құруға жəне
қайта жабдықтау мүмкіндігіне, сонымен қатар
219
блоктар мен тораптарды біршама жеңіл монтаждау мен жөндеуді
қамтамасыз етуден тұрады. Оған қоса, жаңа құралдарды əзірлеуді
жеделдету қамтамасыз етіледі, себебі блоктарды жаңадан əзірлеуге
болмайды.
Өлшем
нəтижелерін
ұсыну
қолайлылығымен
байланысты
артықшылықтарды
ескермеуге
болмайды.
Функционалдық типтендірілген
өлшеу құралдарына көшу, оның
бірігуін, жүйелілігін жəне көрнекілігін қамтамасыз ете отырып,
көптеген көзқарас жағынан барлық өлшеу процесін ұйымдастыруды
жақсартуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: