Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет53/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

Бақылау сұрақтары 
1. Ұқсас өлшеуіш аспаптарды жіктеу үшін қандай белгілер 
пайдаланылады? 
2. Өлшеуіш аспап қандай функционалдық блоктардан тұрады? 
3. Біріншілік өлшеуіштік түрлендіргіштің функциялары қандай? 
4. Активті жəне пассивті біріншілік түрлендіргіштер несімен 
ерекшеленеді? 
97 


5. Механикалық біріншілік түрлендіргіштердің қандай түрлері 
бар? 
6. Сызықтық 
өлшемдердің, 
күштің, 
қозғалыс 
пен 
температураның түрлендіргіштерінің сұлбасын келтіріңіз. 
7. Пневматикалық жəне гидравликалық түрлендіргіштердің 
сұлбасын келтіріңіз. Түрлендіргіштердің бұл түрлерімен қандай 
шамалар түрленуі мүмкін? 
8. Оптикалық түрлендіргіштер не үшін тағайындалған? Олар 
қандай шамаларды түрлендіре алады? 
9. Электрлік біріншілік түрлендіргіштердің қандай əртүрлі 
түрлері бар? Олардың негізгі сұлбасын келтіріңіз. 
10. Сыйымдылықты жəне индуктивті түрлендіргіштердің қандай 
түрлері бар жəне олар не үшін тағайындалған? Олардың негізгі 
сұлбасын келтіріңіз. 
11. Ұқсас көрсетуші аспаптардың негізгі сұлбаларын келтіріңіз. 
Олармен қандай шамалар өлшенуі мүмкін? 
12. Тіркеуші ұқсас аспаптарды тағайындалуы қандай? 


6 Т А Р А У .  
ЭЛЕКТРЛІК ЕМЕС ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
6.1. 
Электрлік емес шамаларды өлшеудің жалпы сұрақтары 
Технологиялық 
процесстерді 
бақылау, 
сонымен 
қатар 
машиналар мен агрегаттардың параметрлерін зерттеу əртүрлі 
электрлік емес шамалардың өлшеулерімен үздіксіз байланысты. 
Шамалардың көпшілігі электрлік өлшеу құралдары көмегімен 
өлшенеді. Бұл басқаларымен салыстырғанда электрлік құралдардың 
артықшылық қатарымен байланысты: жоғары сезімталдықпен жəне 
аспаптардың шағын инерциялығымен, біршама қашықтықта өлшеу 
мүмкіндігімен 
жəне 
нəтижелерді 
өлшеу 
мен 
өңдеуді 
автоматтандырудың қарапайымдылығымен. 
Электрлік құралдар көмегімен өлшенетін электрлік емес 
шамалардың əртүрлілігі өлшеу құралдарының көптеген əртүрлілігін 
құруды қажет етті. Электрлік емес шамаларды өлшеуге арналған 
аспаптардың номенклатурасы электрлік шамаларға қарағанда 
біршама үлкен. Бұл өлшеуді қажет ететін электрлік емес 
шамалардың саны электрлік өлшенетін шамалардың санынан 
біршама көп. 
Электрлік шамалардың өлшуе құралдары мен əдістерінің 
жалпылығы өлшенетін шама алдын ала оған пропорционалды 
электрлік шамасына (ток күші, кернеу, кедергі, жиілік) түрленіп, 
содан кейін белгілі құралдармен өлшенетіндігінен тұрады. Бұл 
ретте электрлік емес шаманың электрлік шамаға өлшеуіштік 
түрленуі бір физикалық шаманың өлшемін басқа физикалық 
шаманың өлшемімен көрсету үшін ғана тағайындалған. Электрлік 
емес шамаларды өлшеуге мұндай бағыт - шамалар арасындағы 
əртүрлі 
функционалдық 
байлансты 
пайдаланатын 
өлшеу 
құралдарын құру кезінде жалғыз болып табылады. 
Электрлік шамаларды өлшеу құралдары мен əдістерінің 
тұтастығы түрі біршама мөлшерде пайдаланылатын өлшегіштік 
түрлендіргішпен анықталатын өлшеуіш тізбектік құрылымдық 
сұлбасын көрсетуге мүмкіндік береді. Электрлік құралдар 
көмегімен электрлік емес шамаларды өлшеуге арналған тізбектің 
жалпыланған құрылымдық сұлбасы 6.1-суретте келтірілген (сұлбада
99 


Электрлік емес шама 
Электрлік шама 
Нəтиже 
6.1-сурет.
Электрлік емес шамаларды өлшеуге арналған тізбектің 
жалпыланған құрылымдық сұлбасы 
нүктелі 
сызықпен 
түрлендіргіштің 
түріне 
байланысты 
қолданылмауы мүмкін тізбектің элементі көрсетілген)
Өлшенетін электрлік емес шама Х ӨТ біріншілік өлшеуіштік 
түрлендіргіштің кірісіне беріледі, ол беріліс үшін, одан əрі 
түрлендіру, 
өңдеу 
жəне 
сақтау 
үшін 
қолайлы, 
бірақ 
бақылаушылардың тікелей қабылдауына бағынбайтын түрде 
өлшеуіштік ақпараттың дабылын өндіру үшін тағайындалған. 
Өлшеуіштік түрлендіргіштің шығыс шамасы электрлік дабылдың 
шамасына пропорционалды Х болып табылады, ол БЖ байланыс
желісі бойынша масштабта таңдау үшін тағайындалған МТ 
масштабты түрлендіргішке келіп түседі. 
Одан əрі күшейткіште К түрленгеннен кейін дабыл фильтр 
Ф көмегімен статикалық өңдеуге ұшырайды. Тізбектің соңғы 
элементі өлшеуіш құрылғы П болып табылады, ал тізбекті 
қоректендіру үшін - Г көзі болып табылады. 
Электрлік емес шамалардың өлшеудің өлшегіштік тізбектеріне 
қойылатын негізгі талап - түрлендіру кезіндегі ақпараттың 
минималдық шығыны.
Өлшенетін электрлік емес шамаларды түрлендіру əдісіне 
байланысты (тікелей түрлендіру немесе теңестіру) өлшеуің əртүрлі 
қателіктері туындайды. 
Тікелей түрлендіру əдісі өлшеуіштік 
ақпарат 
бір 
бағытта 
өлшеуіштік 
құрылғыда түрленетіндігінен тұрады: 
кірістен бастап түрлендіргіштер қатары 
арқылы шығысқа. 
Тікелей түрлендіру əдісін пайдалану 
кезіндегі өлшеудің жалпы қателігі
шамамен 
бірдей 
шамада 
барлық 
өлшеуіштік 
тізбектің 
жекелеген 
түрлендіргіштерінің 
қателіктерімен 
анықталады. 
6.2-сурет.
Теңестіруші 
түрлендіргіші бар 
аспаптың жалпыланған 
құрылымдық сұлбасы 
100 


тізбекте біріншілік ПП мен түрленулердің кері ОП екі параллель 
арна болатындығына болып табылады. Өлшенетін шама Х 
біріншілік жəне екі түрлендіргіште пропорционалдық электрлік 
дабылға параллель түрленеді. Сондықтан да тік түрлену тізбегіне 
кірісіне түрлену жəне кіріс шама дабылдарының сəйкессіздіктері 
дабылы ғана беріледі. Оған қоса түрленудің ең үлкен əсеріне кері 
түрлену арқылы өлшеуіштік тізбектің барлық элементтері 
қамтылған жағдайда қол жеткізіледі. Теңдестіру əдісімен 
өлшеулердің қателігі негізінен кері түрлену қателіктерімен 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет