Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет84/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

Бақылау сұрақтары 
1. Геометриялық шамаларды өлшеу техникасында өлшеу 
объектілері мен өлшеу мəселелерінің қандай түрлері бар? 
2. Сызықтық жəне бұрыштық өлшемдерді орындаудың жалпы 
ережелері қандай? 
3. Өлшенетін сызықтық емес өлшемдер мен өлшеулердің 
қажетті мүмкіндіктедің диапазондары қандай? 
4. Жалпы тағайындалымдағы ұзындықты өлшеудің қандай 
механикалық құрадлары бар? 
5. Ұзындықтың штрихті, кесекті жəне параллельді шеткі 
өлшемдері деген не? 
6. Штангенциркульді жəне оның нониусын қалай пайдаланады? 
7. Сағаттық типтегі микромер мен индикатор қалай құрылған 
жəне олар өлшеудің қандай дəлдіктерін қамтамасыз етеді? 
8. Бұрыштарды 
өлшеудің 
қандай 
оптико-механикалық 
құралдары бар жəне қалай жұмыс істейді? 
9. Бұрыштарды өлшеудің қандай əдістері мен құралдары бар? 
10. Өлшемдерді белсенді бақылаудың принципі неде? Оның 
артықшылықтары қандай? 
11. Белсенді бақылаудың тікелей əдісіне негізделген өлшеуіш 
құрылғылардың қандай типтік сұлбалары бар? 
12. Өлшеулердің қандай сұлбаларының көмегімен белсенді 
бақылаудың жанама əдістерінің дəлдігін арттыруға болады? 
13. Сызықтық өлшеулер үшін пневматикалық аспаптардың 
жұмысы қандай принциптерге негізделген? 
14. Өлшемдер 
мен орын ауыстыруларды өлшеу үшін 
индуктивтік жəне сыйымдылықтық аспаптар қалай жұмыс істейді? 
Олардың негізгі сипаттамалары қандай? 
15. Техникалық көру аспаптары қалай жұмыс істейді жəне не 
үшін қолданылады? 


9 Т А Р А У .  
 
МЕХАНИКАЛЫҚ ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ 
9.1. 
Жалпы ережелер 
Барлық қатты денелер, сұйықтықтар жəне газдардың салмағы 
бар, өзара тартылады, қозғалыс бағыты өзгерген кезде инерцияға ие 
болады жəне сыртқы əсерлердің əсерінен бөлінеді жəне қосылады. 
Масса - материяның негізгі физикалық сипаттарының бірі, оның 
ақпараттық жəне гравитациялық қасиеттерінің шамасы болып 
табылады. 
Денелердің гравитациялық өріс құру жəне басқа денелер 
өрісінде жылдамдық алу қасиеті гравитациялық (ауыр) массамен 
сипатталады. 
Инертті маса деген денелердің олардың қозғалысы өзгерген 
кездегі инертті болуы қасиеті түсіндіріледі. Екі масса да қатаң 
пропоционалды. 
Дене салмағы оның материалдық бөлшектерінің жиынтығымен 
түзіледі. 
Макроскопиялық салмақтарды өлшеу дененің ауырлық күшін 
анықтауға негізделген өлшеу көмегімен іске асырылады, ал 
микроскоптық массаларды өлшеу - сыртқы күштердің əсерінен 
олардың инерциялық сипаттамасын масс-спектрометрмен бақылау 
жолымен жүргізіледі. 
Өлшеу техникасы мен күштік өлшеу техникасы өзара тығыз 
байланысты. Олар металлургияда, машина жасауда, химиялық 
өнеркəсіпте, əйнек, керамика, құрылыс материал өндірісніде, тағам 
өнеркəсібі мен саудада кең қолданысқа ие болды. 
Салмақ пен күшті өлшеу мтериалдарды үнемдеуге, өнімдердің 
сапасын арттыруға жəне өнімділікті көбейтуге үлесін қосады. 
Сондықтан да салмақ, күш жəне қысымды өлшеу жүйелері 
технологиялық процесстерге біршама көп енгізіледі. Бұл, мысалы, 
машиналарды, станоктарды, металлды, цементті, бетонды, 
техникалық əйнекті, тағам өнімдерін жəне т.с.с. өндіру сияқты 
технологиялық процесстерге қатысты. Күш пен қысымды өлшеу 
энергетикалық қондырғылардағы бу қысының шекті мəнін 
оңтайландыру мен дабылдары, 
156 


қысымды 
өңдеудің 
жоғары 
өнімділіктегі 
машиналарының 
параметрлерін, металл кескіш станоктардағы кесуді күшейту сияқты 
қызметтерді атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет