Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет99/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

9.7. 
Шығыс пен деңгейді өлшеу 
9.7.1. 
Сұйықтықтар мен газдардың шығыны 
Ашық жəне жабық құбырлардағы сұйықтықтар мен газдардың 
шығыны қысым айырмасына, күшіне немесе орын ауысына
айналымдық немесе ілгерілемелі қозғалыс жылдамдығына шығын 
түрлендіргіштері бар аспаптармен өлшенеді. Шығындарды өлшеу 
үшін тағайындалған аспаптар шығын өлшеуіштер деп аталады. 
Қысым айырмасын өлшеуде құрылған шығын өлшемдері (9.12-
сурет) өлшеуіштік түрлендіргіштің камерасы 2 жалғанған шығыс 
түтіктері бар тарылған құбырларға 1 ие. Түрлендіргіштің сезімтал 
элементі дəнекерленген инесі 4 бар металл мембрана 3 болып 
табылады. Түрлендіргіштердің кейбір құрылымдарында мембранаға 
көпірлік 
сұлба 
бойынша 
жалғанатын 
тензорезисторларды 
жапсырады. Бірақ та тензорезисторларды шығынын өлшеу қажет 
болатын сұйықтықтың немесе газдың əсерінен мұқият қорғау қажет. 
Иненің ұшын 4 
178 


9.12-сурет. Қысым айырмасын 
пайдалану 
арқылы 
шығын 
өлшеуіштің 
өлшеуіштік 
түрлендіргішінің құрылымы: 
1 - құбыр; 2 - өлшеуіштік 
түрлендіргіш камерасы; 3 - металл 
мембрана; 4 - дəнекерленген ине. 
9.13-сурет. Тізбектің 
құрылымдық сұлбасы жəне 
индукциялық шығын 
өлшеуіштің құрылымы: 
1 - құбыр; 2 - электромагнит;
3 - электродтар 
индуктивтік түрлендіргіштің жылжымалы білікпен немесе 
электростатикалық 
түрлендіргіштің 
жылжымалы 
бөлігімен 
жалғайды. 
Жабық құбырларда электрлік өткізгіш сұйықтықтардың 
шығындарын өлшеу үшін индукциялық шығын өлшеуіштерді жиі 
пайдаланады. Индукциялық шығын өлшеуіштің құрылымының 
принципі (9.13-сурет) магнитті емес материалдан жасалған 
құбырдың 1 кесіндісі айнымалы магниттік ағыны бар 
электромагниттің 2 өрісінде орналасқан. Құбырдың ішінде пластина 
түрінде орындалған екі электрод 3 бекітілген. Электродтар магнитті 
өткізгіштің полюстері бар бір жазықтықта орналасқан. Өлшеуіштің 
түрлендіргіштердің полюстерінің арасында сұйықтық аққанда оның 
катушкасында ЭҚК беріледі, ол индукцияға В, электродтар 
арасындағы қашықтыққа І жəне сұйықтықтың қозғалыс 
жылдамдығына v пропорционалды: 
E = Blv. 
Мұндай 
шығын 
өлшеуіштің 
кемшілігі 
түрлендіргіш 
катушкасында қосымша ЭҚК пайда болады, олардың біреуі сыртқы 
өрістердің əсерімен туындаған, ал екіншісі - поляризация 
құбылысымен туындаған. Оған қоса индукциялық шығын 
өлшеуіштер қарапайым жəне инерциясыз болады. Олар судың, 
сүттің жəне басқа да сұйықтықтардың шығынын өлшеу үшін 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет