жылу сыйымдылығы жəне жылу инерциясы), құрылымның
қарапайымдылығы
(сəйкесінше,
жақсы
сенімділік
жəне
механикалық
беріктік,
сондай-ақ
төмен
баға).
Бұл
түрлендіргіштердің негізгі кемшілігі: өлшенетін температуралардың
салыстырмалы тар диапазоны (əдетте -50 ... + 150 ° C), түрленудің
біршама
сызықтығ
еместігі
(термисторлардың
кедергісі
температураның артуымен шамамен экспоненциалдық заң бойынша
азаяды), экземплярдан экземплярға түрленуі
сипаттамасының
нашар қайталануы (бұл жеке градустау қажеттілігін білдіреді жəне
тіпті бір түрдегі тетіктерді ауыстыруда қиындық тудырады),
сипаттаманың біршама уақыттық тұрақсыздығы, əсіресе жоғары
температурадағы ұзақ жұмыс кезінде.
11.3.4.
Интегралды жартылай өткізгіш
тетіктер
Интегралдық тетіктер микроэлектроника жетістігінің арқасында
салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Бұл тетіктер шығыс
дабылын (кернеу немесе ток) қамтамасыз етеді, ол іс жүзінде
температураға 0 тəуелді. Бұл тетіктерді
нақты өлшегішке қосудың
сұлбалары 11.8-суретте көрсетілген.
11.8,
a -суретте кернеудің интеграцияланған тетігін қосу
сұлбасы келтірілген. Тетіктің шығыс кернеуі
U = f(0) күшейткіш
арқылы сандық вольтметрдің (СВ)
немесе ұқсас сандық
түрлендіргіштің (ҰСТ) кірісіне беріледі, ол бұл кернеуді
температураға пропорционалды сандық кодқа түрлендіреді. Мұндай
тетіктердің сезімталдығы əдетте 10 мВ/°С.
11.8, б-сурет токтың интегралдық
тетігінің қосылуын
бейнелейді. Тетіктің шығу тогы I = f (0) резистор R көмегімен
пропорционалды кернеуге түрленеді жəне сандық кірудің кірісіне
немесе
ҰСТ кірісіне беріледі, ол бұл кернеудің одан əрі сандық
кодқа түрлендіреді. Мұндай тетіктердің типтік сезімталдығы əдетте
1 мкА / ° С болады.
11.8-сурет. Интегралдық жартылай өткізгішті тетіктерді қосу:
Достарыңызбен бөлісу: