Тікелей жəне ауыспалы токтарда өлшеу үшін термоэлектрлік
аспаптар пайдаланылуы мүмкін. Олар
жоғары жиілікті токтарды
өлшеу үшін ең қолайлы болып табылады. Термоэлектрлік
түрлендіргіштер одан өтетін өлшенетін ток
I
M
арқылы
қыздырылатын
сымнан
тұрады.
Сымның
ортасында
термоэлементтің өлшегіш бөлігі орналастырылған.
Туындайтын
термоЭҚК қыздыру температурасына пропорционалды болады.
Термоэлектрлік аспаптар тиімді мəндерді өлшеуге көмектеседі.
Өлшеу шектерін қате таңдау кезінде пайда болған қателіктерді
өлшеу диапазонын кеңейтуге мүмкіндік беретін күшейткіштерді
немесе əлсіреткіштерді пайдалану арқылы азайтуға немесе жоюға
болады (12.3-сурет).
Ток күшін өлшеу кезінде өлшеу
диапазоны токты тарату
жолымен іске асырылады. (12.3, а- сурет). Бұл жағдайда өлшенетін
ток бөлігі градусталған температуралық тəуелсіз резистор арқылы
жіберіледі. Температураның мыс орамдарына əсер етуі нəтижесінде
туындайтын қателерді бір мезгілде шектеу үшін жеткілікті үлкен
кедергідегі температураға тəуелсіз түзету резисторы қосылады.
R
y
>>R
GI
мұнда R
y
—күйге келтіру кедергісі; R
GI
— өлшеуіштік резистордың
кедергісі.
Бірақ, егер барлық өлшенетін ток өлшеуіш катушкалар арқылы
өтуі қажет болса (мысалы, электромагниттік өлшеу құралында),
онда өлшеу диапазоны өлшеу орамдарын секцияларға сəйкес түрде
бөлу жолымен кеңейтілуі мүмкін.
а
б
ж
д
12.3-сурет. Өлшеу диапазонын кеңейтетін сұлбалар:
Достарыңызбен бөлісу: