Сандық мультимтерлер. сандық вольтметрінің құрылымдық
сұлбасына микропроцессеор мен қосымша түрлендіргіштерді қосу
оны əмбебап өлшеуіш аспап - мультметрге айналдыруға мүмкіндік
береді.
Сандық мультиметрлер тұрақты жəне айнымалы кернеуді, ток
күшін, резисторлардың кедергісін, электрлік тербелістердің жиілігін
өлшейді. Осциллограпен бірге пайдалану кезінде мультимтерлер
уақыттық интервалдарды өлшеуге мүмкіндік береді (импульстердің
мерзімі,
ұзақтығы
жəне
т.с.с).
Вольтметр
сұлбасында
микропроцессордың болуы қателіктерді атвоматты түрде түзетуді,
автокалибрлеуді жəне істен шығулар диагностикасын іске асыруға
мүмкіндік береді.
14.21-суретте мысал ретінде микропроцессоры бар заманауи
сандық вольтметр көрсетілген. Вольтмтердің негізгі құрылғылары
микропроцессор, ҰСТ, дабылдар мен басқаруды қалпына келтіру
блоктары болып табылады.
Дабылдарды қалыпқа келтіру блогы сəйкес түрлендіргіш
көмегімен кіріс өлшейтін параметрлерді (тұрақты жəне айнымалы
ток кернеулерін, тұрақты токқа кедергілер жəне т.с.с)
бірегейлендірілген дабылға əкеледі (и
=
), ол ҰСТ кірісіне беріледі.
Соңғысы əдетте қос интегрлеу əдісі бойынша əрекет етеді. Басқару
блогы өлшеудің берілген түрі, ҰСТ, дисплейді басқару үшін жұмыс
режимін таңдауды қамтамасыз етеді. Оған қоса, ол өлшеу жүйесінің
қажетті конфигурациясын құрады.
Басқару блогының негізі басқалармен регистрлер арқылы
байланысқан микропроцессор болып табылады. Микропроцессорды
басқару басқару панелінде орналасқан пернетақта көмегімен немесе
байланыстың қосатын арнасының стандартты интерфейсі арқылы
іске асырылады. Микропроцессордың жұмыс бағдарламасы тұрақт
есте сақтау құрылғысында (ТЕҚ) сақталады жəне жедел есте сақтау
құрылғысы (ЖЕҚ) көмегімен қамтамасыз етіледі.
Өлшеулер үшін ендірілген жоғары тұрақтылықтағы жəне тіректі
кернеудің прецизиондық резистивтік бөлгіштері, дифференциалдық
күшейткіш (ДК) жəне элементтер қатары (аттенюатор жəне режимді
таңдау құрылғысы, тіректік кернеу блогы (иоп) пайдаланылады.
Барлық
импульстік
жəне
сандық
құрылғылар
тактілік
импульстердің генераторы дабылдармен синхрондалады.
290