Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі



Pdf көрінісі
бет32/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

3.4. 
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі 
Өлшеу жұмыстарын ұйымдастырудағы орталық міндет - əртүрлі 
уақытта, əртүрлі орындарда, əртүрлі əдістер мен құралдар 
көмегімен орындалған бірдей нысандарды өлшеудің салыстырмалы 
нəтижелеріне қол жеткізу. Бұл міндет өлшем бірлігін қамтамасыз 
ету жолымен шешіледі. Өз кезегінде, бұл бірлікке метрология 
саласындағы мемлекеттік актілерге, ережелерге, талаптарға, 
нормаларға, бекітілген стандарттарға сəйкес өлшем бірлігіне қол 
жеткізу мен сүйемелдеу бағытталған метрологиялық қызмет 
жұмысының нəтижесінде қол жеткізіледі. 
Ұйымдастырушылық 
жағынан 
бұл 
бірлік 
метрология 
субъектілермен: өзінің қызметін халықаралық метрологиялық 
ұйымдармен, 
Ресейдің 
атқарушы 
билігінің 
федералдық 
органдарының 
метрологиялық 
қызметтерімен 
жəне 
заңды 
тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен байланыстыратын 
елдің мемлекеттік метрологиялық қызметімен қамтамасыз етеді. 
Мемлекет тарапынан өлшем бірлігін қамтамасыз етудің 
маңызды формасы Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен 
қадағалау (ММБменҚ) болып табылады. 
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасы 
заңнамалық метрология болып табылады, ал техникалық база 
ретінде физикалық шамалар бірлігін жаңғырту жүйесі мен олардың 
өлшемдері туралы ақпаратты елдегі өлшеу құралдарына шектеусіз
барлығына беру қарастырылады (3.2-сурет). 
Метрологиялық сипаттар жəне (немесе) өлшем құралдарының 
қолдануға жарамдылығының қолданыстағы мəндерін анықтау мен 
ұстау мақсаттарында орындалатын, мемлекеттік метрологиялық 
Шаманың мемлекеттік эталоны 
 
1-разряд эталондары 
2-разряд эталондары 
3-разряд эталондары 
Өлшемдердің жұмысшы 
құралдары 
3.2-сурет. шама бірліктерінің өлшемін беру жүйесінің сұлбалық 
суреті 
58 


бақылау мен қадағалауға жатпайтын операциялардың жиынтығы 
калибрлеу деп аталады. 
Анықтамадан екі қорытынды жасауға болады: 
• калибрлеу РФ-ның 27.04.93 жылғы №4871-1 «Өлшем бірлігін 
қамтамасыз ету туралы» Заңның 13-бабымен бекітілген ММБменҚ 
саласында пайдаланылмайтын өлшеу құралдары үшін жүргізіледі, 
яғни тексеруге жатпайды; 
• калибрлеу екі қызметті атқарады: өлшеу құралдарының 
метрологиялық сипаттарының жарамды мəндерін анықтау мен 
растау; өлшеу құралдарының қолданысқа жарамдылығын анықтау 
мен растау. 
Бірінші жағдайда, тапсырыс беушінің өтінімі (шарт) бойынша 
өлшеу құралдарын калибрлеуші зертхана аспаптың жарамдылығы 
туралы қорытынды шығармайды. Бекітілген сипаттар төлқұжаттық 
сипаттардан ерекшеленуі мүмкін жəне бұл өлшеу құралдарын 
қандай жағдайларда жəне қандай мақсатта пайдалануға болатынын 
жəне керектігін анықтауға тапсырыс берушінің ғана құзыретінде 
болады. 
Екінші жағдайда өлшеу құралы жарамды деп танылады, егер 
оның 
метрологиялық 
сипаттарының 
қолданыстағы 
мəні 
нормативтік құжатта (НҚ) немесе тапсырыс беруші бекіткен 
техникалық талаптарға сəйкес келгенде жарамды деп танылады. 
Өлшеу құралдарының жарамдылығы туралы қорытындыны бұл 
жағдайда калибрлеу зертханасы жасайды. 
Тəжірибеде шешілетін өлшеу тапсырмаларында калибрлеу 
өлшем құралдарының жарамдылығына, яғни оның жұмысқа 
қабілеттілігін тексеруге ғана саяды. Соның ішінде, өлшенетін 
шаманың жарамсыз мəндерін білу қажет, тек белгілі деңгейдегі 
өлшенетін дабылдың шамасының барын констататиялау керек. 
Мысал ретінде температураның шекті мəнінің құрылғы-
сигнализаторларын калибрлеуді алуға болады. Бір немесе бірнеше 
дабылдық лампалары бар сигнализаторларда лампаларды қосу 
немесе өшіру шаманың шекті мəндеріне қол жеткізу туралы 
білдіреді. Бірнеше жарықтық секторлары түріндегі шкаласы бар 
құрылғыларда («Цептер» фирмасының ыдыстарына ұқсас), нақты 
сектор шегінде сілтеуіш нұсқауырдың күйі өлшеу нысанының 
белгілі күйін білдіреді. 
Жоғарыда аталған заңның 23-бабында калибрлеудің қолданылу 
саласы мен ерікті сипаты көрсетіледі: «Тексеруге жатпайтын өлшеу 
құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығарылғанда, импорт 
бойынша кіргізілгенде, пайдалану, жалға беру жəне сату кезінде 
калибрлеуге ұшырауы мүмкін». Калибрлеудің ерікті сипаты 
калиберлеу кезінде Мемлекетік шама бірліктерінің эталондарына 
қатар бағынатын эталондардың калибрлеу жұмыстары кезінде 
метрологиялық қызметті пайдалану қажеттілігінен босатпайды. 
59 


Калибрлеу заңды тұлғаның метрологиялық қызметіне (МҚ) де, 
сол сияқты калибрлеу жұмыстарын орындауға қабілетті кез келген 
басқа ұйымға да артылуы мүмкін. 
Өлшеу құралдарын калибрлеу нəтижелері өлшеу құралдарына 
эксплуаттациялық құжаттарындағы жазбамен немесе калибрлеу 
туралы сертификатпен енгізілетін калибрлеу белгісімен расталады. 
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен немесе 
Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) органдарымен 
жасалатын шарттар негізінде заңды тұлғалардың қызығушы 
метрологиялық қызметтері калибрлеу жұмыстарын жүргізу 
құқығына аккредиттелуі мүмкін. Бұл жағдайларда соңғыларына 
оларды аккредиттеген органдар мен ұйымдардың атынан калибрлеу 
туралы сертификаттар беру құқығы беріледі. 
Аккредиттеу - ерікті процедура. Ол ең алдымен кəсіпорын шет 
елдік нарықтарға өнімдерін шығарғанда қажет болады. Бұл 
жағдайда сауда серіктесі (сатып алушы) сатушыдан өнімнің 
сипаттамалары 
тексерілген 
аккредиттелген 
метрологиялық 
қызметтің аспаптарымен өлшенгендігін растауды талап етуі мүмкін. 
1994-1995 жж. Ресейде Ресей калибрлеу жүйесі (РКЖ) құрылды. 
«Ресей калибрлеу жүйесі туралы ережеде» келесі сұрақтар 
регламенттелген: 
• РКЖ ұйымы, құрылығы жəне қызметі; 
• оған кіретін заңды тұлғалардың жеке меншік нысаны мен 
басқаларына қарамастан құқықтары мен міндеттері; 
РКЖ құруда бірнеше принциптер қатары сақталған. Біріншіден, 
жүйе ерікті негізде құрылады. Ешкім метрологиялық қызметтің 
аккредиттеуін мəжбүрлеуге құқылы емес. РКЖ кіру еріктігі тану 
процедурасын, сəйкесінше жүйедегі барлық қолданыстағы 
нормативтік құжаттарды орындауды қарастырады. Екіншіден, 
аккредиттеу органы ретінде мемлекеттік ғылыми метрологиялық 
орталықтар мен ММҚ органдары қатыса алады. Үшіншіден, 
аккредиттелген МҚ сертификаттар береді жəне аккредиттеуші 
орган атынан калибрлеу клеймоларының баспа таңбасын қояды. 
Төртіншіден, РКЖ құзыреттілік принципінде құрылған, оған сəйкес 
МҚ аккредиттеуін аккредиттеудің жарияланған саласында 
құзыретті аккредиттеуші органдар жүргізеді. Бесіншіден, бұл өзін-
өзі өтеушілік принципі. Ол МҚ аккредттеу ақылы қызмет болып 
табылатындығын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет