Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет41/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

5.2. 
Ұқсас біріншілік өлшеуіштік 
түрлендіргіштер 
Бір өлшеуіштік жүйенің шегінде біріншілік түрлендіргіш 
өлшенетін объекті менөлшеуіштік дабылды өңдейтін өлшеуіш 
тізбектің элементтері арасындағы байланысты іске асырады. 
Біріншілік түрлендіргіш өлшенетін шаманы тікелей немесе жанама 
қабылдайды жəне өлшеуіштік дабылдың ақпараттық параметрін 
құрады. Оған қоса, өлшенетін объектімен біріншілік түрлендіргішті 
жалғау кезінде бұл түрлендіргіштің əсері аздаған болуы қажет. 
Біріншілік түрлендіргіш өлшенетін нысанмен тікелей байланысы 
бар өлшеуіш тізбектің жалғыз элементі немесе деңгейі болып 
табылады (5.1-сур.қар.). Оның қасиеті біршама жиі түрде барлық 
өлшеу жүйесінің қасиеттерін белгілі шамада негіздейді. 
Біріншілік түрлендіргіштер өлшеу жүйесінің активті немесе 
пассивті элементтері болуы мүмкін. Белсенді біріншілік 
түрлендіргіштер əдетте энергияның қосымша көздерін қажет етеді. 
5.2.1. 
Механикалық біріншілік түрлендіргіштер 
Сызықтық өлшемдердің механикалық түрлендіргіштері. 
Ұзындықтың механикалық түрлендіргішін іске асырған кезде 
(сызықтық орын ауысу) біріншілік түрлендіргіш күштік немесе 
кейде кинематикалық байланысты пайдалану арқылы өлшеу 
нысанымен тікелей байланысты болуы тиіс Өте кішкентай 
ұзындықты түрлендіру үшін түрленетін өлшеуіш дабылды күшейту 
қажет болады. 
Дабылды күшейту иінтіректі бұрандалы (бұрама) немесе тісшелі 
берілік көмегімен іске асырылуы мүмкін (5.2-сурет). 
Шығу дабылы үшін келесі қатынас əділетті болып табылады: 
s
a
 = s
e
/i, 
мұнда ∆s
a
— шығыстағы ұзындықтың (жолдың) өзгеруі; ∆s
e
— 
кірістегі ұзындықтың өзгеруі; i — берілістік қатынас (кері 
сезімталдық). 
Бірнеше берілісті ретімен қосу кезінде жалпы берілістік 
қатынасты алады: 
,
1
k
п
k
общ
i
i



мұнда n
 
— беріліс саны; i
k
— жекелеген берілістердің ауыстырғыш 
қасиеттері. 
82 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет