Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Техникалық көру жүйесімен жабдықталған



Pdf көрінісі
бет82/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

8.9.1. 
Техникалық көру жүйесімен жабдықталған 
ақпараттық-өлшеу жүйелерінің ерекшеліктері 
Техникалық көруді пайдалану арқылы ЭЕМ базасында құрылған 
ақпараттық-өлшеу жүйесі (АӨЖ) зертханалық жəне өндірістік-
цехтық жағдайларда жүргізілетін бақылау-өлшеудің жоғары 
дəлдіктегі операцияларын автоматтандыру бойынша өзекті шешім 
болып табылады. АӨЖ қолдану саласы əртүрлі болуы мүмкін жəне 
қолданбалы бағдарламалардың пакетіне байланысты болады. Жүйе 
видеодетектордың көру аймағындағы объектінің болуын тіркеу, 
объектілер санын санау, объектінің геометриялық параметрлерін 
өлшеу (периметрді, ауданды, сызықтық жəне бұрыштық өлшемдер 
жəне т.с.с), объектінің оның бетіндегі сəулелену қабілеті бойынша 
физикалық параметрлерін анықтау сияқты міндеттердің кең 
спектрін шешуге мүмкіндік береді. 
Бұл міндеттердің əрбірін шешу үшін таңдалуы төмендегілерге 
байланысты болатын сəйкес бағдарламалық жасақтама қажет: 
әрекет ету сапасына  - міндеттерді шешу сапасына талаптардың 
артуымен жүйенің шешуші қабілеін арттыру қажеттілігі туындайды, 
сəйкесінше, алынған сурет элементтерінің саны артады, ол өз 
кезегінде уақыттың нақты масштабында міндеттерді шешуді 
күрделендіреді, сондықтан да видеоақпаратты параллельді өңдеуді 
бағдарламалық немесе жүйелік қамтамасыз ету қажет; 
қарастырылатын бағдарламалардың өлшемділігі - үш өлшемді 
көріністі талдау, əдетте, екі өлшемді көрінің проекциясын өңдеуден 
біршама күрделірек, сондықтан да кеңістікті міндеттер «жалпақ» 
міндеттерге қарағанда өздерінің шешімдері үшін біршама күрделі 
алгоритмдерді қарастырады; квазижалпақ міндеттер аралық күйді 
алады, мұнда жұмыс суреттердің көрінетін нүктелерінің қашықтығы 
туралы ақпаратты қосу арқылы суреттің жазықтығымен жүргізіледі. 
жұмысшы сценаның қозғалмайтындығы - видеодетекторға 
қатысты қозғалмайтын суреттер, орын ауысатындарға қарағанда 
біршама қарапайым алгоритмдермен өңделеді жəне талданады; 
объектілердің оқшаулығы - жекелеген объектілерді көптік 
объектілерден қарағанда өңдеу біршама жеңіл; бір көрініс 
объектілерін басқасымен жапқан кезде мəселе қиындайды; мұндай 
жағдай жекелеген нысандармен жұмыс істеу кезінде де туындауы 
мүмкін, ол кезде видеодетектормен бақыланатын облысқа бөгде 
объектілер түседі (тозаңдық ластану, өндірістік қоқыс жəне т.с.с.); 
объектілердің біркелкілігі - біркелкілік мəселесі бейнелерді тану 
мəселелерін шешкенде туындайды, себебі объектіні бір
150 


мəнді сипаттау үшін жіктелімдік белгілер қажет болса, оларды 
жіктеу де соншалықты күрделі болады; оған қоса жүйе əрекетінің 
тиімділігі тану мəселесін шешудің нақтылығымен анықталады, ол 
танылатын объектілер туралы апостериорлық ақпарат санына, яғни 
мəліметтерді алмасуды қолдау алгоритмдерін əзірлеу қажеттілігіне 
əкелетін білім базасының мөлшеріне байланысты болады; 
ашықтықты 
диапазонға 

күңгірт суреттермен (көп 
градациялық) қарағанда, объектілердің бинарлық (екі градациялық) 
суреттерімен жұмыс істеу біршама жеңіл). 
Бұрын баяндалғандардың негізінде, біріншілік тетік ретінде 
видеодетекторы бар сызықтық өлшемдерді бақылаудың кез келген 
ақпараттық-өлшеу жүйесін шешу тиіс біршама ортақ міндеттердің 
қатарын анықтаймыз: 
• оптикалық дабылды қабылдау жəне суретті қалыптастыру; 
• шудың əсерін əлсірету, қарама-қарсылықты жақсарту, 
бұрмалануды түзету, ақпаратты қысу жəне т.с.с. мақсаттарда 
суретті алдын ала өңдеу; 
• бақыланатын көрініс суретінің құрам бөліктерге сегменттелуі - 
қажетті объектілерді, олардың фрагменттерін немесе оларға тəн 
ерекшеліктерді бөлу; 
• суреттің сипаттамасы - олардың геометриялық жəне басқа да 
сипаттарын санау, жіктеуші белгілерді есептеу, орналасқан орнын 
жəне бағдарын анықтау; 
• объектілердің бейнелерін тану арқылы суретті сапалы бағалау 
жəне олармен əрекет ету шешімін қабылдау. 
АӨЖ 
негізгі 
элементтерінің 
бірі 

ЭЕМ 
үйлесетін 
видеодетектор-сканер болып табылады. Сканер жетегі жəне онымен 
мəліметтермен алмасу бағдарламалық драйвермен іске асырылады. 
Сканердің жұмысының негізінде -келесілік ұқсас-сандық 
түрлендіру арқылы зарядтық байланысы бар аспаптың (ЗБА) 
сызғышының көмегімен бақылау позициясынан бейнеақпаратты 
жол сайын есептеу принципі жатыр, бұл өлшеудің қажетті дəлдігіне 
сəйкес суреттің бинарлық немесе күңгірт элементтерінің ондайған 
миллиондарын бөлуге жəне оларды минималдық мүмкін уақытта 
ЭЕМ жадына енгізуді іске асыруға мүмкіндік береді. 
Бұрын аталғандай, жүргізілетін өлшемдердің дəлдік диапазонын 
кеңейту суреттің элементарлық құраушысының көлемінің артуына 
əкеледі, сондықтан да жүйенің жылдам əрекет етуін арттыру үшін 
операциялар қатарын орындаудың параллельдігін қамтамасыз ету 
қажет. Мұндай операциялардың бірі жұмысшы көріністе 
орналасқан барлық объектілерді белгілеу мақсаттарында суретті 
белгілеу болып табылады. 
8.16-суретте видеодетектор көмегімен жұмысшы көріністі əрбір 
жолдық сканерлеу кезінде алынған бинарлық суреттердің 
зерттеулер үлгісі көрсетілген. Зерттеу маркерді - - өлшемі 2х2 
151 


8.16-сурет. Бинарлық суретті зерттеу үлгісі: 
а — жергілікті терезе; б —реттік белгілеу түрі 
элементтің жергілікті терезесін пайдалану арқылы жүргізіледі 
(8.16, а сурет), сондықтан да суреттің тек екі жолағы ғана өңдеуге 
ұшырайды: алдыңғы жəне ағымдағы Бұл белгілеудің көптеген 
мүмкін нұсқаларының тек бірі ғана, бұл ретте осы нысан үшін əдісті 
таңдау толықтай оның формасының ерекшеліктеріне байланысты 
болады. 
Белгілеудің бұл əдісінің артықшылығы ол суретті реттік 
сканерлеуге жақсы бейімделгендігі болып табылады жəне 
ақпараттың көп көлемі бар жұмыста пайдалануы жадыны тиімсіз 
пайдалануға əкелетін рекурсивтік шақыртуларды қажет етпейді 
жəне өңдеудің параллельдік əдісін пайдалануға мүмкіндік бермейді. 
Сканерлеу жолақ арқылы, жоғарыдан төмен жəне солдан оңға 
жүргізіледі делік (сканерлеу траекториясы 8.16, а-суретте 
көрсетілген). Сонда А элементін өңдеу кезінде сол жақ элемент В 
дəл жоғарғы С сияқты белгіленгенін білеміз. Одан əрі В үстінде 
орналасқан Д элементі А-мен байланысты деп есептеледі жəне 
сондықтанда сонымен қатар назарға алынуы тиіс. 
Қарапайымдылық үшін объектінің тек бір компонентін ғана 
белгілеу жүргізіледі деп болжалық. Ондае егер А-да 0 болса, онда 
одан əрі жүруге болады. Егер А-да бірлік бар болса, ал Д бұрын 
белгіленген болса, онда бұл белгіні көшіріп алып, жұмысты 
жалғастыру жеткілікті. Егер В немесе С элементтердің біреуі ғана 
белгіленген болса да дəл солай істеу керек. Егер В-да, С-да 
белгіленгбеген болса, онда А үшін жаңа белгіні таңдау қажет. Сол 
арқылы қарауға жаңа компонент енгізіледі. Қалған мүмкіндік: В да, 
С да белгілері бар. Бұл белгілер бірдей болғанда мəселе болмайды; 
бірақ сұлба бойынша (8.16, а суретті қараңыз) олар іргелес болып 
табылмайды, олардың белгілері əртүрлі болуы мүмкні. Бұл 
жағдайда екі əртүрлі белгілер суреттің бір компонентінің əртүрлі 
бөліктері үшін пайдаланылады деп есептеледі (8.16, б-сурет). Олар 
А нүктесі арқылы жалғанады. одан əрі 
152 


екі белгі деп баламалы екендігін көрсету қажет жəне А үшін 
олардың бірін пайдалану керек. Көрудің соңында белгілерді 
біріктіру үшін əрбір бөлікке оның бастапқы белгісі тиесілі 
баламалықтың сол санатының өкілінің белгісін бере отырып, 
суретті екінші рет көру қажет. 
Мұндай белгілеу суретке алдын ала талдау жүргізуге жəне онда 
сегменттерді бөлуге мүмкіндік береді, оларды операциялау арқылы 
минималдық мүмкін уақыттық шығындары бар жүйенің алдына 
қойылған тапсырмаларды шешуге болады, себебі барлық суретті 
одан кейінгі қараудың қажеттілігі жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет