9.12-сурет. Қысым айырмасын
пайдалану
арқылы
шығын
өлшеуіштің
өлшеуіштік
түрлендіргішінің құрылымы:
1 - құбыр; 2 - өлшеуіштік
түрлендіргіш камерасы; 3 - металл
мембрана; 4 - дəнекерленген ине.
9.13-сурет. Тізбектің
құрылымдық сұлбасы жəне
индукциялық шығын
өлшеуіштің құрылымы:
1 - құбыр; 2 - электромагнит;
3 -
электродтар
индуктивтік түрлендіргіштің
жылжымалы білікпен немесе
электростатикалық
түрлендіргіштің
жылжымалы
бөлігімен
жалғайды.
Жабық құбырларда электрлік өткізгіш сұйықтықтардың
шығындарын өлшеу үшін индукциялық шығын өлшеуіштерді жиі
пайдаланады. Индукциялық шығын өлшеуіштің құрылымының
принципі (9.13-сурет) магнитті
емес материалдан жасалған
құбырдың 1 кесіндісі айнымалы магниттік ағыны бар
электромагниттің 2 өрісінде орналасқан. Құбырдың ішінде пластина
түрінде орындалған екі электрод 3 бекітілген. Электродтар магнитті
өткізгіштің полюстері бар бір жазықтықта орналасқан. Өлшеуіштің
түрлендіргіштердің полюстерінің арасында сұйықтық аққанда оның
катушкасында ЭҚК беріледі, ол индукцияға В, электродтар
арасындағы қашықтыққа І жəне сұйықтықтың қозғалыс
жылдамдығына v пропорционалды:
E = Blv.
Мұндай
шығын
өлшеуіштің
кемшілігі
түрлендіргіш
катушкасында қосымша ЭҚК пайда болады, олардың біреуі сыртқы
өрістердің əсерімен туындаған, ал екіншісі - поляризация
құбылысымен туындаған.
Оған қоса индукциялық шығын
өлшеуіштер қарапайым жəне инерциясыз болады. Олар судың,
сүттің жəне басқа да сұйықтықтардың шығынын өлшеу үшін
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: