85
өзгеріссіз дерлік болады. Солайша, келтірілген кернеудің өзгеріссіз
болуында трансформатор өзегіндегі магнитті ағын амплитудасы
жүктеменің кез келген өзгеруінде өзгеріссіз дерлік болады.
Трансформатор жүктемесінде
қосымша орамда өтетін I
2
тоқ
Ленц заңына сəйкес өзектегі магнитті ағынға бағытталған жəне оны
азайтуға ұмтылатын өз магнитті ағынын тудырады. Өзектегі нəтиже
беруші магнитті ағын өзгеріссіз қалуы үшін, қосымша орамның
қарсы магнитті ағыны бастапқы орамның магнитті ағынымен
теңдестірілуі тиіс.
Демек, қосымша орам тоғы ұлғайған кезде, бұл орамның
магнитсіздендіретін магнитті ағыны өседі жəне
бір уақытта I
1
бастапқы орам тоғы, сондай-ақ, осы тоқ тудыратын магнитті ағын
артады. Бастапқы орамның магнитті ағыны қосымша орамның
магнитсіздендіретін
ағынын теңдестіретіндіктен, өзектегі нəтиже
беруші магнитті ағын өзгеріссіз қалады.
Төмендетуші трансформаторда
U
1
бастапқы орам кернеуі
U
2
қосымша орам кернеуінен к есе артық. Демек,
I
2
қосымша орам
тоғы
1
1
бастапқы орам тоғынан сондай к есе артық. Жоғарылатушы
трансформаторда оның орамдарының кернеуі мен олардағы тоқтар
арасында кері қатынас бар.
Солайша, кернеуі жоғары орамдағы тоқ кернеуі төмен орамға
қарағанда азырақ болады. Жоғары кернеулі орамның айналымдар
саны көбірек жəне кернеуі
азырақ орамға қарағанда, көлденең
қимасы азырақ сымнан оралады.
Трансформатор жүктемемен жұмыс істеген кезде оның
бастапқы жəне қосымша орамдарынан таралу ағындарын тудыратын
тоқтар өтеді. Бұл магнитті ағындар тек тоғымен тудырылатын орам
айналымдарымен ғана ілініскен жəне əрқашан трансформатордың
магнит өткізгіші бойынша тұйықталатын Ф негізгі магнитті
ағынынан аз болады, себебі таралу ағындары көбінесе магнитті емес
ортада өтеді. Таралу ағындары ЭҚК орамдарында аз дəрежеде
трансформатор жүктемесі өзгерген
кезде оның қосымша орамының
кернеуін өзгертетін таралуларды ықпалдандырады.
Әрбір жұмыс кернеуіне жеке трансформатор орнатпау үшін,
бір трансформаторда айналымдар саны əр түрлі бірнеше қосымша
орам орындау мақсатқа лайықты. Мұндай трансформаторлар көп
орамды деп аталады. Олар кеңінен радиоқабылдағыштарда,
теледидарларда, күшейткіштерде жəне қуат үшін əр түрлі ауыспалы
кернеулерді қажет ететін басқа аппаратурада қолданылады.
86
Кез келген қосымша орамдағы тоқтың өзгеруі бастапқы орам
тоғының сəйкес өзгеруін тудырады.
Бұл ретте трансформатордың
барлық қосымша орамдарының кернеулері өзгереді, яғни, кез келген
қосымша орам кернеуі осы орамдағы, сондай-ақ, трансформатордың
кез келген басқа қосымша орамындағы тоқтан тəуелді.
Трансформатордың бос жүріс режимінде (5.2, б сур.) қосымша
орам ажыратылған жəне бұл орамнан тоқ өтпейді. Бастапқы орамда
бұл ретте трансформатордың номинал жүктемесінде осы орам
тоғынан айтарлықтай аз болатын
Достарыңызбен бөлісу: