Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ЭЛЕКТР ҚОЗҒАЛТҚЫШЫН ТАҢДАУ



Pdf көрінісі
бет88/169
Дата26.12.2023
өлшемі5.26 Mb.
#488043
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   169
Каз.Морозова Электротехника и электроника

10.3. 
ЭЛЕКТР ҚОЗҒАЛТҚЫШЫН ТАҢДАУ 
 
Электр жетегі үшін қозғалтқышты таңдау қозғалтқыштың түрін жəне 
оның номиналды мəліметтерін анықтаудан тұрады: қуаты, кернеудің жəне 
айналу жиілігінің номиналды мəндері, аса жүктеу қабілеттігі жəне т.б. 
Жетекті қозғалтқышты дұрыс таңдау электр жетегіне барлық белгіленген 
режимдерде ұзақ мерзімді сенімді жұмысты қамтамасыз етеді. 
Қозғалтқышты 
таңдау 
қоректендіру 
желісінің 
параметрлерімен, 
қозғалтқышты монтаждау тəсілімен, оны пайдаланудың сыртқы 
шарттарымен, электр жетегінің жұмыс режимімен анықталатын бірқатар 
талаптарды қанағаттандырумен байланысты. 
Қоректендіргіш желінің параметрлері қозғалтқыштың түрін (тұрақты 
немесе айнымалы тоқ, бір фазалы немесе үш фазалы) жəне оның 
номиналды кернеуін таңдауды анықтайды. Монтаж əдісі жəне 
пайдаланудың сыртқы шарттары қозғалтқыштың конструкциясын 
(аяқтары бар немесе фланецті бекітілетін қозғалтқыш, жабық немесе 
қорғалған түрде орындалған) жəне оның климаттық орыналуын (қалыпты, 
салқын, тропикалық климат жəне т.б. үшін) анықтайды. 


152 
10.3 -сурет. 
Асинхронды жəне синхронды қозғалтқыштардың механикалық 
қасиеттері (а) жəне тұрақты тоқ қозғалтқыштарының электромеханикалық 
қасиеттері (б): 
— тікелей қосу тоғы; — кері қосу тоғы; — критикалық кернеу 
Электр жетегінің жұмыс режимі қозғалтқыштың динамикалық 
жəне статикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтайды. 
Қозғалтқыштың динамикалық қасиеттеріне қойылатын талаптар 
іске қосу жəне тежеу жиілігіне, қолдану сипатына жəне 
қозғалтқышқа жүктемені алып тастауға байланысты. 
Қозғалтқыштың 
статикалық 
қасиеттері 
механикалық 
сипаттамамен, яғни 
қозғалтқыштың айналу жиілігінің п 
электромагниттік моментке М немесе зəкір тоғына 1
я 
тəуелділігімен 
бағаланады. Механикалық сипаттаманың түріне байланысты
барлық электр қозғалтқыштар үш топқа бөлінеді: 
■ 
тура, параллель абсциссалар осі түрі абсолютті қатты 
механикалық қасиеттері бар электр қозғалтқыштар (10.3-сурет, 
а-сурет), 1 график). Синхронды қозғалтқыштар осындай 
механикалық қасиетке ие, олардың жүктеме моменттерінің 
рұқсат етілген бүкіл диапазонында айналу жиілігі тұрақты
болып қалады; 
■ 
қатаң механикалық қасиеттері бар электр қозғалтқыштары, 
олардың білігіндегі жүктегіш моментті арттыру айналу 
жиілігінің сəл азаюымен қатар жүреді. Жалпы міндеттелген 
асинхронды қозғалтқыштар (10.3, а-суретті қараңыз, график 2) 
жəне тəуелсіз (параллель) қозудың тұрақты тоқ қозғалтқыштары 
(10.3, б-сурет, график 1) осындай қасиетке ие; 
■ 
жұмсақ механикалық қасиеті бар электр қозғалтқыштары, 
олардың жүктемесі артқан сайын айналу жиілігі айтарлықтай 
төмендейді. Ротор орамының тізбегіндегі аса жоғары белсенді 
кедергісі бар асинхронды қозғалтқыштары осындай қасиетке ие. 


153 
Мысалы, атқарушы асинхронды қозғалтқыштар (10.3, а-суретті 
қараңыз, график 3), тізбектей қозатын тұрақты тоқ 
қозғалтқыштары (10.3, б-суретті қараңыз, график 2) жəне 
параллель қозатын зəкір тізбегінде қосалқы резисторы бар 
қозғалтқыштар (10.3, б-суретті қараңыз, график 3). 
Электр 
қозғалтқышының 
түрін 
таңдағанда, 
өндірістік 
механизмінің техникалық деректері шешуші болып табылады: 
айналу жиілігі, оның тұрақтылығы немесе терең реттеу қажеттілігі, 
қуат, іске қосуу шарттары (жүктемемен немесе бос жүріспен) жəне 
басқасы, сондай-ақ экономика мəселелері (орнату жəне оны 
пайдалану құны, қуат коэффициентін реттеу қажеттілігі жəне т.б.). 
Егер айтарлықтай қуатпен қозғалтқыштың тұрақты айналу 
жиілігін ұстап тұру қажет болса, синхронды қозғалтқыштарды 
таңдайды, айнымалы кернеудің тұрақты жиілігінде олардың айналу 
жиілігі кез-келген жүктемеде тұрақты болып қалады. Сонымен 
қатар, синхронды қозғалтқыштар бір мезгілде кəсіпорынның қуат 
коэффициентін арттыратын өтемді құрылғылар болып табылады. 
Олар сорғылар жетектерінде, желдеткіштерде, компрессорлық 
қондырғыларда, түрлендіргіш агрегаттарда жəне т.б. қолданылады. 
Тұрақты тоқ қозғалтқыштары айналу жиілігін баяу реттеудің кең 
диапазоны қажет болған жағдайларда жəне қозғалтқышты жиі 
тоқтатып, кері қайтару қажет болғанда қолданады. 
Айналу жиілігін реттеу дапазоны аз болса, кернеуі өзгермейтін 
тұрақты тоқ желісінен қоректендіру кезіндегі праллель қозатын 
тұрақты тоқ қозғалтқыштары қолданылады. Айналу жиілігін реттеу 
дапазоны кең болса жəне жиі іске қосылған жағдайларда, параллель 
қозатын қозғалтқыш ыңғайлы, бірақ ол кернеуі кең диапазонда 
өзгеретін бөлек қайнар көзден қоректенеді. Осындай шарттар 
қуатты реверсивті илемдік орнақтарда, ірі металл өңдеу 
станоктарында, 
шахталық 
көтергіштерде 
жəне 
жоғары 
ғимараттардағы 
көтергіштерде, 
қуатты 
экскаваторларда 
қолданылады. 
Тізбектей қозатын тұрақты тоқ қозғалтқыштары өздерінің 
жұмсақ механикалық қасиеттерінің арқасында жəне үлкен іске қосу 
моментіне байланысты, негізінен электр көліктерінде, көтергіш 
крандардың жетегінде, илемдік орнақтардың кейбір қосалқы 
механизмдерінде қолданылды. 
Көптеген механизмдер үшін қозғалтқыштың айналу жиілігін 
реттеу немесе оны тұрақты ұстап тұру қажет болмағандықтан, 


154 
қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыштар ең 
таралған болып табылады. Олар құрылымы бойынша жəне 
пайдалануда қарапайым, сенімді жəне бағасы төмен. 
Қозғалтқыштың айналу жиілігін тар диапазонда реттеуді қажет 
ететін, кейбір қондырғыларда үлкен іске қосу моменті қажет,
немесе жиі іске қосылатын қондырғыларда ротордың фазалық 
орамы бар асинхронды қозғалтқыштар қолданылады. Оларды 
илемдік орнақтар, көтергіш крандар, кіші жəне орта қуаттағы 
жолаушылар лифттері, сомдау машиналары мен баспағы, басқа 
жабдықтар үшін қолданады. 
Бірақ бұл қозғалтқыштар реттегіш реостаттарындағы қуаттың 
жоғалуы есебінен айналу жиілігін реттеу кезінде электр жетегінің 
ПӘК төмендетеді. Сонымен қатар, қозғалтқыштың айналу жиілігін 
тек синхронды жиіліктен азаю жағына қарай ғана реттеуге болады. 
Қозғалтқыштың түрін таңдағанда оның жұмыс істеуйтін 
қоршаған орта жағдайларын (ылғалдылық, жарылғыш заттардың 
болуы, шаң, қышқыл булары жəне т.б.) ескеру қажет. Орамдардың 
шаңмен ластануы жылу берілісін азайтады жəне оқшаулаудың 
мерзімінен бұрын тозуына əкеледі. Су мен қышқыл булары 
оқшаулау қасиеттерін нашарлатады. Егер қоршаған ортада 
жарылғыш заттар болса, онда конструкциясында пайда болатын 
ұшқын осы ортамен əсерлеспейтін қозғалтқышты таңдау керек. 
Қоршаған ортаның жағдайларына сəйкес қорғалған, жабық 
немесе жарылыстан қорғалып жасалған қозғалтқышты таңдау
керек. Қорғалған қозғалтқыштардың қызметкерлерді тоқ өткізетін 
бөлшектермен 
кездейсоқ 
жанасуынан, 
сыртқы 
ылғал 
тамшыларынан, жаңбырдан жəне бүркін тамшылардан қорғайтын 
құрылғылары болу керек. Жабық қозғалтқыштарда салқындатуды 
жақсарту үшін қозғалтқыш білігіне орнатылған желдеткіш бар. 
Жетекке арналған электр қозғалтқыш үнемділік, өнімділік жəне 
сенімділік талаптарына сəйкес болуы керек. Жетек талаптары 
бойынша қажетті өқуаттан артық қуаты бар қозғалтқышты орнатқан 
кезде машинаның жұмысы кезінде энергияның артық шығындары 
туындайды, бұл қосымша күрделі қаржы жұмсауға жəне 
қозғалтқыштың габариттік өлшемдерін ұлғайтуға əкеледі. Қуаты 
жеткіліксіз қозғалтқышты орнату жұмыс машинасының өнімділігін 
төмендетеді жəне оны сенімсіз етеді, ал қозғалтқыштың өзі оңай 
зақымдануы мүмкін. 
Қозғалтқыш 
оның 
қуаты 
мүмкіндігінше 
толығырақ 
пайдаланылатындай етіп таңдалуы керек. 


155 
Жұмыс істеу барысында қозғалтқыш ең жоғарғы рұқсат етілген 
температураға дейін қызу керек, бірақ одан аспау керек. Сонымен қатар 
қозғалтқыш мүмкін болатын уақыт жүктемелері кезінде қалыпты жұмыс 
істеуі керек жəне осы жұмыс машинасына қажетті іске қосу моментін 
дамыту керек. Осыған сəйкес қозғалтқыштың қуаты көп жағдайда жылыту 
жағдайларына негізделіп (қызу бойынша қуатын таңдау) таңдалады. Содан 
кейін қозғалтқыштың жүктеу қабілетінің машинаны іске қосу шарттарына 
жəне уақытша жүктемелерге сəйкестігі тексеріледі. Кейде (қысқа мерзімді 
жүктеме үлкен болған кезде) қажетті максималды қуатқа негізделіп, 
қозғалтқышты таңдап алу керек. Осындай жағдайларда қозғалтқыштың 
қуаты көп жағдайда толық пайдаланылмайды. 
Жетекті қозғалтқышының қажетті номиналды қуатын анықтағанда 
алдымен оның есептік қуатын есептейді. Есептік қуатты анықтау
əдістемесі электр жетегінің жұмыс режиміне байланысты. 
Егер электр жетегінің жұмыс режимі тұрақты жүктеме моменті бар 
ұзақ мерзімді болса, онда жетекті қозғалтқыштың есептік қуаты -Р
есеп
, кВт, 
мына формула бойынша анықталады: 
Р
есеп
= 0,105 • 10
-3
М
с
n
2

мұндағы М
с 
— статикалық момент, Н • м; п

— қозғалтқыш білігінің 
айналу жиілігі, айн/мин. 
Каталог бойынша қабылданған əрекет ету принципінің электр 
қозғалтқыштарына кернеу мен айналу жиілігін ескеріп, номиналды қуаты 
есептік номиналды мəннен 10 ... 20% жоғары, яғни Рном = (1,1.1,2)Ресеп. 
қозғалтқышты таңдайды. 
Егер электр жетегінің жұмыс режимі қайталама қысқа мерзімді болса, 
онда қозғалтқыштың ұзақ мерзімді жұмыс режиміне арналған 
қозғалтқыштың есептік қуаты Р
есеп 
салыстырмалы ұзақтыққа байланысты 
таңдалады: 
ПВ, % ............................ 15 
25 
40 
60 
Р …………………….0 4 Р
есепт 
0 5Р
есепт 
0 62Р
есепт 
0 77Р
есепт 
Қуаттың есептік мəні Р
есеп 
бойынша номиналды қуаты есептік 
қуаттан 10...20% жоғары қозғалтқышты таңдайды. 
Таңдалған қозғалтқыш түрінің асқын жүктеме қабілетін жəне 
бастапқы іске қосу моментін тексеру керек. Қозғалтқыштың 
шамадан тыс жүктелу қабілеттілігінің рұқсат етілген минималды 
мəні Mmax / Mnom> 1.5 (егер электр жетегінің жұмыс шарттары 
бойынша одан артық шамадан тыс жүктелу қабілеттілігі талап 
етілмесе). 


156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет