Есептік
импульстердің ілесу кезеңі Т
сч
= 1/ f
cч
Δ
t
x
қарағанда аз
таңдалатын болғандықтан, УС арқылы өткен есептік импульстер саны
N
мына формуламен өрнектеледі:
Сондықтан Δt = N/f
сч
. Осылайша әр уақыт интервалына ҰЦТ, яғни
цифрлық кодқа шығу кезінде белгілі сандар импульстерінің реті
ұйқастыққа келеді.
Цифрлық есептеу құрылғылары оператордың ондық цифрды есептеуге
ыңғайлы кәдімгі түрдегі өлшеу нәтижелерін ұсынуға қызмет етеді.
Цифрлық есептеу құрылғысында цифрлық
инликаторлардың бірнеше
түрлері қолданылады. Газоразрядты, жарықдиодты және сұйықкристалды
индикаторлар кең таралған.
Газоразрядты
индикаторларда
араб
цифрлар
формасында
орындалған сым катодтарының жинағы және жалпы торлы аноды бар.
Катодтар бір пакетке жиналған және тереңдігі бойынша, неонмен толық
емес баллонда бірінің-артынан бірі орналасқан.
Егер кернеу анодқа және
қандай да бір катодқа берілсе, онда олардың арасында жарқыраған сәйкес
цифр
түрінде
жалынсыз
разряд
пайда
болады.
Газоразрядты
индикаторлардың жұмыс кернеуі 170-200 В құрайды. Бұндай жоғары
кернеудегі индикаторлар төмен вольтты интегралды микросызбалармен
нашар бірігеді. Бұл олардың негізгі кемшілігі.
Жарықдиодты индикаторларды жартылай өткізгіш инжекционды
жарық шығарушы диодтарда қолданады.
Жарықдиодтары спектрдің
көрінетін бөлігінде сәуле таратады. Сәуле түсі материалға байланысты
және іс жүзінде кез келген- қызылдан жасылға дейін болуы мүмкін. Бұл
түрдегі индикаторлардың әдетте сегменттік құрылымы бар. Осылайша
цифр анықталған сегменттердің түссізденуімен қалыптастырылады.
Жарықдиодты индикаторлардың құндылығына жоғары ашықтық, үлкен
төзімділік, төмен жұмыс кернеуі (бірнеше вольт) жатады. Бірақ бұл
индикаторлардың тек кішігірім мөлшерлері бар.
Сұйықкристалды индикаторлар сұйық кристалдар деп аталатын
кейбір органикалық заттардың қасиетін, қолданатын кернеу әсерімен сыну
коэффициентті өзгертуді қолданады. Құрастырмалы индикаторлар
конденсатор түрінде орындалған, оның астары екі шыны пластинкаға
мөлдір қабықша түрінде қондырылған
өткізгіш электродтар болып
табылады. Сұйық кристалдың жұқа қабаты осы пластинкалар арасында
орналасқан. Индикаторлар өз энергиясын сәулелендірмейді, олар
шағылысқан жарықта кернеу мен фон арасында қондырылған кереғарды
пайдалана отырып, жұмыс жасайды. Оның нәтижесінде сұйықкристалды
индикаторлар өте үнемді. Бұл инидикаторлардың кемшілігі
- бейнелеудің
алуан түрлілігінің сыртқы жарық бергіштікке, сонымен қатар жоғары емес
ашықтыққа тәуелділігі.
98