Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет64/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

8.3. Импульстік вольтметрлер 
Импульстік вольтметрлер (ИВ) үлкен қуыстылықты импульстік 
сигналдардың периодты амплитудасын және дара импульстердің 
амплитудасын өлшеуге арналған.
Импульстік 
сигналдардың 
амплитудасын 
өлшеудің 
басты 
қиындығы кең диапазонды уақыттық сипаттамаларды өлшеу 
импульстері формаларының алуан түрлілігімен - импульс 
ұзындықтарымен және ИВ көрсетулеріне әсер ететін қуыстылығынан 
туындайды. Бұл ретте, операторға импульстер формасы, уақытша 
параметрлері және олардың статистикалық сипаттамалары әрдайым 
мәлім бола бермейді, сондықтан өлшеу нәтижесіне тиісті түзетулер 
енгізу мүмкін емес. Дара импульстер амплитудасын өлшеу қосымша 
қиындықтармен байланысты. Егер периодты сигналдармен жұмыс 
кезінде сигналдың бірнеше дүркін әсерімен өлшенетін шама туралы
өлшеуіш құрылғысына ақпарат жинақтау мүмкіндігі болса, онда дара 
импульстерімен жұмыс кезінде өлшеуге арналған энергия өлшеуіш 
құрылғысына тек импульстің болуы сәтінде ғана түседі. 
Аналогті ИВ жалпыланған құрылымдық сызбасы 8.5-суретте 
ұсынылған.
ИВ зерттелетін импульстік сигналды алдын ала күшейте отырып, 
құру мүмкін болады. Бұл жағдайда, импульстік күшейткіштің өту 
сызығы бұдан бұрынғы импульс амплитудасын түрлендіру ИАТ
жағдайында, кіру сигналының параметрлеріне сәйкес келуі қажет. 
Бұдан кейін сигнал тұрақты тоқтың күшейткішіне ТТК түседі. 
Сериялы шығарылатын электрондық вольтметрлерде негізгі 
техникалық сипаттамалардың келесідей шекті мәндеріне жетеді:
қателік +0,5 %, жұмыс диапазонының жиілігі 20Гц-1ГГц; шығу 
кедергісі 10
9
Ом; өлшеудің төменгі шегі 1 мкВ. 
Электрондық вольтметрлердің жаңа түрлерін құру кезінде жаңа
тенденциялар деп, мыналарды есептеуге болады: 
1) 
жиіліктік және динамикалық диапазондардың шектік мәндеріне 
таяу қателіктің 0,5-1,5 % мәніне жетуі;
2) 
интегралдық электрониканы пайдалану негізінде аспаптарды 
ыңғайлау; 
8.5-сурет. Импульстік ұқсас 
вольтметрдің құрылымдық сызбасы 
141 


3 ) аспаптардың көп функционалдығын ұлғайту, яғни бір аспапқа 
тұрақты тоқ вольтметрінің, орта, амплитудалық және қолданыстағы 
импульстік вольтметрлердің, амперметрлердің және омметрлердің 
функцияларын қосу;
4) тіркеу, автоматты өңдеу, басқару үшін, тұрақты және ауыспалы 
кернеулер (тоқтар) бойынша күшейткіштердің сызықтық шығуларын 
құру; 
5) аспаптың уақытша қызуын азайту, нөлді қолмен қондырудан 
және сезгіштікті калибрлеуден бас тарту, полярлықты және өлшеу 
шегін автоматты таңдау. 
Перспективалық деп, электрмеханикалық есептік құрылғылардың
әсерлілігі аз АЦТ цифрлық есептік құрылғылармен және қатарлас код 
түріндегі сызықтық шығулармен ауыстырылатын құрылымдарды 
айтады.
Мұндай АЦТ қателіктері бағыттамалық есептік құрылғылар 
қателігіне қарағанда әжептәуір аз болуы мүмкін. Бұл жағдайда, 
вольтметрлердің дәлдігі сызбаның аналогтіқ бөлігінің дәлдігімен 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет