61
Құрылыста
негізінен
төмен
қосындыланған
болаттар
қолданылады.Ондағы көміртектің құрамы 0,2%-дан аспау керек. Жоғары
құрамда иілгіштік пен коррозиялық беріктік бәсеңдейді, болаттың
пісірілуі нашарлайды. Қосындыланған заттар коррозиялық тұрақтылықты,
созымдылық, металлдың тығыздығын арттырады.
Қосындыланған болаттарда қосынды заттар ретінде кремний – (С),
хром (Х), никель (Н), молибден (М), марганец (Г), вольраф (В), алюминий
(А), мыс (Д), кобальт (К) қолданады. Кремний мен хром болаттың
беріктігі мен ыстыққа төзімділігін арттырады, никель беріктікті
бәсеңдетусіз жабысқақтықты жақсартады, марганец беріктік, қаттылық
пен тозуға қарсыласуды арттырады, мыс – атмосфералық коррозияға
тұрақтылықты және т.б. Кернеулі темірбетон конструкциясының
арматурасының қосындыланған болатты белгімен белгілеу (мысалы,
25ХГ2С) онда 0,25 % көміртек, 1% хром, 2% марганец пен 1 % кремний
бар екендігін көрсетеді. Сөйтіп, болатты белгілеудің алғашқы екі саны
пайыздың жүздік үлесінде көміртектің құрамын, ал қалған сандар толық
пайызда сан алдында тұратын қоспаланатын элемент құрамын көрсетеді.
Төмен қосындыланған болаттың аз көміртектіге қарағанда
механикалық көрсеткіші жоғары. Никель, мыс пен хромы бар
болаттардың иілгіштігі жоғары, жақсы пісіріледі және әртүрлі ғимараттар
мен құрылыстар, көпір аралығы, құбыр және т.б. пісіру және шегеленген
конструкция үшін қолданылады.
▪
6.3.2.Болат қасиеттері
Құрылыста қолдануда маңызға ие болатын болаттың негізгі физико-
механикалық қасиеті болып беріктік, тығыздық,иілгіштік, жылу
сыйымдылық пен жылу өткізгіштік,температуралық кеңею коэффициенті,
қаттылық, соғуға қарсыласу,сынғыштық пен төзімділік саналады.
Беріктік – келтірілген жүктеме әсерімен деформация мен бүлінуге
қарсы тұру қасиеті: созылмалы, қыспалы бүгілмелі, бұрауыш және кеспелі
(6.2 сур.). Жүктемелер сыртқы (масса, қысым) және ішкі (ысу мен суудан
дене өлшемінің өзгеруі және т.б.), сонымен қатар, статикалық, яғни әрекет
шамасы мен бағыты бойынша тұрақты, немесе динамикалық,яғни
шама,бағыт пен әрекет ұзақтығы бойынша ауыспалы болады.
Болатты созуда беріктік шегі мен оның тығыздығын үзуші машинада
арнайы үлгілерді сынауда бағалайды. Сынақ нәтижесі диаграмма түрінде
графикалық
көрінеді (6.3 сур).
|