Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет61/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   145
сәулеттік материалтану

Жоғары тығыздықты гипс кальцийдің жартылай сулы 
сульфатынан тұрады. Оны автоклавта екісулы гипсті бу қысымында 
жылулық өңдеу арқылы алады. Оның су қажеттілігі төмен, бұл 
тығыздылығы жоғары гипстік бұйымдарды алуға мүмкіндік береді. 
Жоғары тығыздықты гипс қымбат тұтқыр зат ретінде гипсоцементті-
пуццоланды және гипсоәктасты-қожды тұтқыр заттарды дайындауда
қолданылады. 
7.2.2. Ауа әктасы
 
Ауа әктасы - карбонатты әктасты және әктасты –магнезитті тау 
жыныстарын күйдіру арқылы алынатын тұтқыр зат. Оның сазды қоспасы 
6...8% дейін болады. Негізгі шикізат – тығыз әктас, бор, көмірқышқылды 
кальцийден тұратын (СаСОз) доломиттелген әктас. 
Әктас - гипс сияқты өте ескі тұтқыр зат, ол біздің эрамызға дейін 
бірнеше мыңжылдықтарда белгілі болды. Оны арнайы пештерде СО

толығымен шығарғанға дейін күйдіру арқылы алады
СаСО
3
= СаО + СО
2

Белсенді СаО және MgO құраушылардан тұратын кесек 
сөндірілмеген әк сумен белсенді әрекеттесетін борқылдақ кесектерден 
құралады. Одан басқа, оның құрамында жану толымсыздығының кейбір 
мөлшері болады (бұзылмаған СаСО
3
), оның СаО қоспалармен балқыту 
кезінде алынатын артық жағу және тұтқыр қасиеттері жоқ. Артық жағу 
түйірі өте жай сөндіріледі және дайын өнімде сөндірілуі мүмкін (аздап 
зақымдауды тудырады). 
Кесек әктасты ұнтақтәрізді тұтқыр затқа екі әдіспен айналдырады: 
механикалық – тартқыштарда ұсақтау арқылы (ұсақталған сөндірілмеген 
әк) және сумен сөндіру арқылы 
(сөндірілген әк).Ұсақталған 
сөндірілмеген әк химиялық құрамы бойынша бастапқы кесек әкке 
ұсайды (сурет 7.2). 


78
 
Әкті сөндіру келесі реакция бойынша орындалады: 
СаО + Н
2
О = Са(ОН)
2
+ Q
1 кг әкті сөндіру кезінде 1 160 кДж жылу бөлінеді. Сөндірілетін
әк температурасы суды қайнату, сонымен бірге ағашты жандыру 
орындалатын мәндерге жетеді. Сондықтан сөндірілмейтін әкті
қайнатылған әктас деп атайды. 
Сөндіру кезінде алынған су мөлшеріне тәуелді гидратты әктасты 
алуға болады (сумен арақатынасы - 1:1), оны мамықты әктас деп 
атайды («мамық» сөзінен), ал су шығынында алынған зат (1:3 және 
одан көп) – әктасты қамыр немесе 
әктасты сүт
деп аталады. 
Мамықты әктас жұқа ақ ұнтақтан тұрады, оның көлемі бастапқы 
қайнатылған әктас көлемінен екі-үш есе жоғары болады. Әктасты 
қамыр қаймақ тәрізді ақ түсті массаға ие болады. Әктасты сүт сұйық 
түрінде болады. 
Сөндірілген әктаста дайындалған бетон қоспаларын және 
ерітінділерді қатайту ауада алдымен ерітіндіні еріту, кристалдарды 
жақындату Са(ОН)

және оларды тұтастыру, одан кейін ауадағы 
көмірқышқылды жұту нәтижесінде карбондау арқылы жай 
өткізіледі: 
Сa(ОН)
2
+ СО
2
^ СаСО
3
+ Н
2
О
Бір айдан кейін ерітінді және бетон беріктігі 0,5... 1,0 МПа 
құрайды; ондаған және жүзедеген жылдардан кейін — 5...7 МПа 
құрайды. Әктас қатаю кезінде отыра бастайды. 
Сурет. 7.2. Әктасты алу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет