Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет67/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   145
сәулеттік материалтану

7.3.2. 
Арнайы цементтер
 
Аллюминий тотықты цемент (АТЦ) балқытуға дейін күйдірілген
шикізат қоспасын (бокситтер мен әктастан тұратын қоспа) жұқа ұсақтау 
арқылы алынатын тез қатаятын гидравликалық тұтқыр затты білдіреді. 
Ол тез тұтқырланатын зат болып саналады (бірақ тез қатаймайтын): бір 
тәулікте АТЦ 60... 70% маркалы тығыздылықты, 3 тәулікте анықталған 
цемент маркасының тығыздылығын жинайды— М400, М500 және 
М600.
Цемент жоғары химиялық тұрақтылықпен, суға төзімділікпен және 
ыстыққа төзімділікпен ерекшеленеді. Аллюминий тотықты цементтегі 
бетондардың 
тығыздылығы 
жоғары 
болады, 
борпылдақтығы 
портландцементпен салыстырғанда 1,5 есе аз, бұл олардың жоғары 
суыққа төзімділік қасиетін анықтайды. 


84
 
АТЦ тез қатаю қабілеттілігі апатты-қайта қалпына келтіру 
жұмыстарында қолданылады. Оны агрессивті ортада жұмыс 
істейтін бетонды және темірбетонды құрылыстарда, кейде қысқы 
бетондауда, химиялық тұрақты бетондарды алуда пайдаланады. 
Ұлғайғыш және отырғызылмайтын цементтер келесідей 
артықшылықтарға ие: қатаюдың үлкен жылдамдығы, қатаю кезінде 
кеңею қабілеттілігі, бұл цементтік тастың жарылуын болдырмауға 
және су өткізбейтін бетонды алуға мүмкіндік береді. 
Барлық гидравликалық тұтқыр заттар негізінде алынған 
цементтер тас жиналатын темірбетонды элементтер түйістерінде 
жарамайтын жарылулардың пайда болуына алып келетін отырғызу 
деформацияларынан өтеді. Сондықтан туннель тюбингтерінің 
тігістерін, қонышты құбырларды бітеу үшін, бетонды және 
темірбетонды құрылыстардың тығыз түйістерін алу үшін және 
жарылуларды бітеу үшін ұлғайғыш немесе отырғызылмайтын 
цементті пайдаланады. Оларға ылғалды шарттарда қатайту кезінде 
көлемі шамалы артатын цементтер немесе ауада қатайту кезінде 
отырғызылмайтын цементтер жатады. Көлемнің артуы 0,5... 1 % 
құрауы мүмкін. Барлық ұлғайғыш цементтер аралас болып 
саналады және негізгі тұтқыр заттан және көпқұрамды ұлғайғыш 
қоспадан тұрады. Ұлғайғыш цементтердің бірнеше түрлері бар. 
Су өткізбейтін ұлғайғыш цемент (СӨЦ) — бұзылған бетонды 
және темірбетонды құрылыстарды қалпына келтіруде, туннельдерді, 
шахтаның орта тұсын гидрооқшаулауда, жерасты және суасты 
құрылыстарында, суөткізбейтін тігістерді құруда қолданылатын тез 
қатаятын және тезтығыздалатын тұтқыр зат. 
Ұлғайғыш портландцемент (КПЦ) жоғары қатаюға, жоғары 
тығыздылыққа және ылғалды шарттарда алғашқы үш тәулікте 
цементтік тастың су өткізбейтін қабілетіне ие болады. 
Кернейтін цемент (КЦ) цементтік таста 3.4 МПа дейін өзіндік 
кернеуді құрайтын кеңейтудің үлкен энергиясымен ерекшеленеді. 
Осыған байланысты, темірбетонды құрылымда орналасуына 
тәуелсіз арматурада алдын-ала кернеу пайда болады. КЦ-пен 
дайындалатын темірбетонды құрылыстардың жарылуға төзімділігі 
жоғары, сондықтан КЦ жерасты және суасты қысымды 
мекемелерде, газдар мен сұйықтықтарды сақтауға арналған
қоймаларда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет