Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет104/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   145
сәулеттік материалтану

134
 
Сурет 13.4. ПХП панельдері
ПХП панельдері әртүрлі түсте және кескінде болады: жылтыр және 
күңгірт, ағаш, мәрмәр, гранит немесе басқа тас боямасы бар кескін 
түрінде, металды және айна тәрізді жабын түрінде. ПХП панельдерін 
қабырғалар мен төбелерді өңдеуге пайдаланады. 
Пластикті панельдердің әртүрліліктерінің біріне сайдинг (сыртқы 
қаптама) жатады (сурет 13.5). Бұл жуандығы шамамен 1 мм ысырма 
құлпы бар және шегелерге арналған жиегі бар поливинилхлоридті 
панель болып саналады, ол арнайы профильден тұратын және 
климаттық шарттарының талаптары жоғары ғимараттар алдын сыртқы 
өңдеу үшін қолданылады. Оның беті ағашқа немесе тасқа ұқсас 
болады және бояуды қажет етпейді. Винильді сайдинг түстері көбінесе 
ашық болып келеді: ашық, ақ сары, ашық жасыл. Материал
уландырғыш емес, жанбайды, түсін өзгертпейді, коррозияға 
ұшырамайды, температура ауытқуларын -50 +50 °С аралығында 
ұстайды. 
Сурет 13.5. Винильді сайдинг


135
 
Поливинилхлоридті сәндік үлдірлерді қағаз негізінде немесе негізсіз 
түрде әртүрлі түсте, кескінсіз, баспалы немесе бедерлі кескінмен 
дайындайды. Қабықша гигиеналық, су, бу және газ өткізбейді. Олар 
сабынды ерітінділерге, қышқылдар мен сілтілердің әлсіз ерітінділеріне 
төзімді болып келеді. Негізсіз қабаттар жуандығы бойынша боялады 
және беттік жағынан кескінге, бедерге ие, олар сүрекке, матаға, 
керамикалық тақтайшаға ұқсайды. Оларды сүректерді, талшықтасты 
табақтарды өңдеу үшін пайдаланады. Қағаз негізіндегі қабат – бұл 
орамды өңдеу материалы болып табылады, мұнда түсті қабат қағаз 
немесе мата негізіне полимерлік қабатты бедерлеу арқылы жағылады 
(әрдайым емес). Мұндай қабықшалар қабырғалар мен ылғалды режимі 
қалыпты қалқандарды өңдеу үшін қолданылады. 
Өздігінен жабысатын үлдірді арнайы өңделген және қорғалған 
қағазбен 
кеппейтін 
желімді 
қабаттың 
поливинилхлоридті 
қабықшасына жағу арқылы дайындайды. Олардың әртүрлі түрлері 
шығарылады: күңгірт, майда боялған, бедерлі немесе баспалы кескіні 
бар. Оларды тұрғын-үй және қоғамдық ғимараттарды, санитарлық 
торапты, ас-үйді, дәлдіздерді, қалқандарды, есік тақтасын, орнатылған 
жиһазды өңдеу үшін пайдаланады. 
Орама өңдеу материалдарының әртүрлілігіне ылғалтөзімді 
(жуылатын) түсқағаздар жатады: бұл - латекс (ақсөл), акрил және 
поливинилацетаты эмульсиялармен немесе поливинилхлоридпен 
беттік жабылған қарапайым түсқағаздар. Мұндай түсқағаздарды 
ылғалды шүберекпен сүртуге және жылы сумен жууға болады. 
Олардың қызмет ету мерзімі қарапайым түсқағаздардан екі-үш есе көп
болады. 
Ылғалтөзімді 
түсқағаздарды 
ас-үйлерді, 
санитарлы 
тораптарды бояудың орнына, қабырғаларды өңдеу үшін пайдаланады. 
Көрме үлдірлі төбелер арнайы қаңқаға тартылған жұқа 
қабықшадан немесе матадан тұрады, олар базалық төбеге немесе 
қабырға периметрі бойынша бекітіледі. Алыған төбелі жалпақтық
тегіс және біртекті, қатты төбе түріне ұқсас болады. Көрме төбелері 
жанбайды, жылтырамайды және деформацияланбайды. Оларды әртүрлі 
мекемелерді дизайнерлік өңдеу үшін қолданады. Төбені тарту 
материалдарының екі негізгі түрлері бар: ПХП қабаты (тігісткері бар 
төбелер үшін) және полиэстердан жасалған, полиуретанмен бітелген 
трикотажды кенеп (тігіссіз төбелер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет