53
үйілген жылуизоляциясы мен толықтырғыш ретінде,сонымен қатар,
декоративті-әрлеу материалы ретінде қолданылады.
Шыныталшық (шыны талшығы) – органикалық емес әйнек
ерітіндісінен жасалатын жасанды талшық.
Ол шағылмайды, сынбайды, бірақ жақсы иіледі және әртүрлі
деформацияларға
оңай
беріледі,
жылуөткізгіштіктің
төмен
коэффициентімен ерекшеленеді, яғни ауаны ұстап, сөйтіп суық пен
ыстықтан қорғайды, дыбыс сіңіру қасиетіне ие.Шыныталшық
шынымақта, шынытұсқағаз, шынымата,шыныпластик пен басқа да
композициялық материал, оптикалық-талшықты кабель, бетон
арматурасын өндіру үшін қолданылады.
5.3.
СИТАЛЛ МЕН ҚОЖСИТАЛЛ
Құрылыс үшін үлкен маңызға әйнек-кристаллды материалдар ие
болып келеді. Әйнектің көптеген жақсы қасиеттерін сақтай отырып,
олар оны беріктік, химиялық және термикалық беріктік бойынша асып
түседі және кейбір конструкцияларда тіпті металлдарды алмастыруы
мүмкін.
Ситалл (силикат пен металл сөздерінен қысқартылған) әйнектің
толық немесе бөлікті кристаллдануы нәтижесінде алынатын
әйнеккристаллды материалдарды білдіреді. Шикізат ретінде әйнек
материалдары,сонымен қатар арнайы қоспалар қатары саналады.
Ситаллды әйнек ерітінділеріне кристаллдануды жақсартатын арнайы
қоспалар (катализаторлар) созу, үрлеу, жұқарту мен пресстеу
әдістерімен алады.Қалыптанған өнімдерді ситаллдарға сипатты
майдакристаллды тығыз құрылым жасау үшін арнайы термикалық
өңдеуге салады. Ситалл құрылымы толтырушысы кристалл болып
саналатын, ал ұстастырғыш – әйнекті қабаттаушы болатын
микробетонды еске салады.
Ситалл тұнық, тұнық емес, қара, ақ, ақсары және түрлі-түсті болады.
Ол әйнектен қатты, жақсы диэлектрлі қасиетке ие, тозуға
тұрақты,термикалық кеңеюі аз, химиялық және термикалық тұрақты, газ
және ылғал өткізбейді.
Оларды
сыртқы,
ішкі
әрлеу
мен
қаптау
қолданады;
фундамент,құбыр, сантехника даярлау;қышқыл, сілтір, металл ерітіндісі
төгілуі мүмкін болатын өнеркәсіп цехы едені құрылғылары, сонымен
қатар ауыр машина қозғалысы қарастырылған.
|