93
Жоғарыдағы кластар бойынша бекітілген тығыздықты алу ықтималдығы
(маркалармен салыстырғанда): кепілдік 95 % құрайды (мұндай жоғары
кепілдіктер маркаларда жоқ).
Қысу кезінде бетонның тығыздығы суцементті қатынас немесе
керісінше цементсулы қатынасқа, цемент белсенділігіне, тығыздыққа,
қасиетіне, формасына және толтырушылардың түйіршікті құрамына,
олардың цементті таспен тіркесуіне, бекіту уақыты мен шарттарына
тәуелді болады. Цементтік тас пен толтырушы арасындағы тіркеу
тығыздығы толтырушы бетінің негізгі сапасымен анықталады. Түйіршікті
оңтайлы құрамнан тұратын таза және бұдырлы толтырушы бетонды
тығыз және ұзармерзімді етеді, сонымен қатар, цементті үнемдейді.
Суцемент қатынасының төмендеуімен бетон тығыздығы артады, ал
оның артуымен – төмендейді. Бұл - цементпен тығыздалуда 15...25%
судың қатысумен түсіндіріледі, бірақ қолайлы жайланған бетон қоспасын
алу үшін әдетте 40.70% су енгізіледі (С/Ц= 0,4...0,7). Артық су
тығыздықты төмендететін тесіктерді құрайды.
Бетонның деформациялық
сапалары серіппелік модулімен,
пластикалық және иілгішті деформациямен сипатталады. Аз кернеулерде
бетон серіппелі материал ретінде деформацияланады, ал үлкен кернеулерді
пластикалық (қалдық) деформация пайда болады
.
Сырғыштық – бетонның
статикалық
жүктеменің
ұзақмерзімді
әрекетінде
пластикалық
деформацияның
өсуіне
бейімділігі.
Сырғыштық
деформациясы
құрылымды пайдаланғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң сөне бастайды.
Бетонның отыруы және ісінуі бетонды тығыздау кезінде болатын физико-
химиялық үрдістермен және оның ылғалдылығын өзгертумен байланысты
болады. Орта есеппен ауыр бетонды отырғызу 0,3.0,4 мм/м құрайды.
Ұзындығы үлкен (20.30 м) бетонды мекемелердегі жарылулардың пайда
болуын болдырмау мақсатында ширау жігімен кеседі; бетондардағы
цемент мөлшерін азайтады; қатты қоспаларды, құм мен қиыршық тастың
түйіршікті құрамдарын пайдаланады, бетон құрамын оңтайландырады.
Бетонның су өткізбеушілік қабілеті көбінесе С/Ц қатынасқа, жұқа
ұсақталған және химиялық қоспалар құрамына, тығыздау шарттарына
және бетон жасына, тесіктер құрылымына тәуелді болады. Бетонды
қоспаны тығыздау деңгейінің артуы оның су өткізбеушілік қасиетін
жақсартады. Ауа тартатын немесе газ тудыратын қоспалар борпылдақтық
сипатын өзгертеді. Тесіктер ашық қатынастарған қарағанда, жабық және
су өткізбейтін бола бастайды. Су өткізбеушілік W2; W4...W20
маркаларымен сипатталады.
|