97
Газбетондар кеуек бетондарға қарағанда ірі тесіктерден тұрады,
сондықтан көп жағдайда қоршаған орта
әрекеттерінен қорғалуға
мұқтаж болады.
Кеуек бетондар — ең сұранысқа ие құрылыс материалдары. Олар
пайдалануда есепке алынуы тиіс көптеген оңтайлы қасиеттерге және
ерекшеліктерге ие. Олардың орташа тығыздығы — 300... 1 200 кг/м
3
,
бұл іргетас жүктемесін азайтады. Жылуөткізгіштік 0,08.0,38 Вт/(м • °С)
құрайды. Жоғары борпылдақтық қасиетіне және тесіктерінің үлкен
мөлшеріне байланысты кеуек бетондардың дыбыс сіңіргіш және дыбыс
оқшаулағыш қабілеттері жоғары болады. Сондықтан кеуек бетоннан
ғимараттардағы қалқандарды дайындайды. Олар отқа төзімді болып
келеді. Кеуек бетондардың суыққа төзімділігі 15.100
циклды құрайды
және одан жоғары болуы мүмкін. Олар үшін келесідей суыққа
төзімділік маркалары орнатылаған:F15, F25, F35, F50 и F100. Кеуек
бетондардың кемшілігіне су жұту қабілетінің жоғары болуы жатады.
Кеуек бетон тығыздығы қысу кезінде 0,5 - 15,0 МПа құрайды.
Жоғары тығыздыққа автоклавты өңдеуден өткен бетондан ие болады,
сонымен бірге тұтқыр зат айтарлықтай үнемделеді. Кеуек бетон
тығыздығының кепілді мәндеріне
тәуелді келесідей кластар
қалыпасқан (МПа): В0,5; В0,75; В0,85 . В17,5 және В20.
Негізгі бұйымдар — бұл әртүрлі өлшемдегі тастар мен қабырғалы
блоктар (сурет 8.5,
б).
Оларды шағын және орташа қабаттылықтағы
(төрт-бес қабатқа дейінгі) үйлердің көтеруші сыртқы қабырғаларында
немесе көпқабатты ғимараттардың көтермейтін қабырғаларында
қолдануға болады. Құрылымдық кеуек бетондарды темірбетон
өндірісінде пайдаланады, ал орташа
тығыздығы төмен бетондар
қоршау құрымдарына арналған жылуоқшаулағыш материал ретінде
пайдаланылады, ол үйлердің жылу тиімділігіне арналған заманауи
талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: