Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет78/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   145
сәулеттік материалтану

8.7.
АРНАЙЫ БЕТОНДАР
 
Арнайы бетондар төтенше шарттарда жұмыс істеуге қабілетті 
немесе қарапайым бетондарға сипатты емес қасиеттерге ие. 
B7,5; B10; B15 класындағы айрықша ауыр бетондарды
адамдарды рентгендік у-сәулеленуден қорғайтын құрылыстар 
құрылғысы үшін пайдаланады. 


98
 
Ол үшін бетон құрамына темірден тұратын толтырғыштарды, қатты 
ионды сәулеленуді жақсы жұтатын баритті және басқа да ауыр 
металдарды енгізеді. Мұндай бетондардың тығыздығы 2 800...5 000 
кг/м
3
құрайды.
Ыстыққа төзімді бетондар ретінде 200 °С жоғары температурада 
тығыздықты ұзақ уақыт сақтай алатын отқа төзімде бетондар аталады. 
Оларды өнеркәсіптік пештерді, бу құбырларын, жылу электр 
станцияларын қаптау үшін, қорғау қабырғаларында және АЭС 
жабындыларында қолданады. Дара материалдарға қарағанда ыстыққа 
төзімді бетондарды пайдалану құрылыс құнын төмендетіп, оны 
жылдамдатады. 
Гидротехникалық 
бетон 
қарапайым 
бетоннан 
жоғары 
тығыздылығымен, суөткізгіштігімен, суыққа төзімділігімен, агрессивті 
сулар әрекетіне төзімділігімен ерекшеленелі. Ол үшін сульфатқа төзімді 
және пуццоланды цементтер, түйіршікті құрамы жақсы таңдалған 
толтырушылар, жұқа ұсақталған гидравликалық және инертті қоспалар 
пайдаланылады; пластификацияланған және гиброфобты қоспалардың 
болуы міндетті болып табылады. Гидротехникалық бетон әрдайым суға 
жүктелетін немесе сумен жуылатын құрылыстарды тұрғызу үшін 
қолданылады: көпірлер, бөгеттер, кәріз жүйесі, сумен жабықтау жүйесі, 
жер өңдеу каналдар және т.б
Сәндік бетондар ғимараттар мен мекемелердің құрылымдық 
элементтерін сәулеттік өңдеу үшін қолданылады. Олардың құрамына түсті 
немесе ақ цементтер, сілтілі және жарыққа төзімді пигменттер, түсті тау 
жыныстарынан тұратын толтырушылар кіреді. Пигменттері бар 
қарапайым портландцементтер қара түсті бетондар үшін, ал ақ түстілер
ашық бетондар үшін қолданылады. Бетон құрамына ұсақталған шыны мен
шақпақ тас енгізілу мүмкін. 
Сәндік бетондардан бағаналар, төрт қырлы тіреулер, босағалар, 
шағын сәулет формалары дайындалады; олармен сыртқы және ішкі 
қабырғаларды, іргелерді күптейді; оны жол жабындары ретінде де 
қолданады. Ол қарапайым бетонды жабындыға, жаяужол тақтасына және 
табиғи тас пен ағашқа баламалы болып келеді, сондықтан бұл оның
текстурасын және фактурасын дәл ұқсатады (сурет 8.5). 
Бұл бетон атмосфералық әрекеттерге ұшырағандықтан, темірбетонды 
бұйымдардың сыртқы қабаты немесе дербес элемент бола отырып, оған
жоғары талаптар қойылады. Оның тығыздығы жоғары, себебі 
вибротығыздау немесе виброқұю әдісімен дайындалады (жасанды тас); 
тығыздық бойынша класы — В22 және В30; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет