106
Сәнді сылаудың келесідей әртүрлілігі бар:
■
әктас, цемент, мәрмәрлі үгінді, пигмент,
шақпақ тас негізіндегі
терразитті сылау (шымырланған, дақ жылтырақтары бар
жылтылдаған бет);
■
цементті-әктасты немесе пигмент қоспасы бар немесе ірі үгіндіден,
майда кесектен (мәрмәр, құм тас, әктас, туф) тұратын
толтырушысы бар таза цементтік (едендер) ерітіндісіндегі террацо;
■
гипстік ерітіндіден, пигменттерден
және мәрмәрлі ұнтақтан
жасалған жасанды мәрмәр;
■
сграффито — әктастан, пигментерден және қажетті түстің
төменгі
қабатының біреуіне дейін тілулі кескіні бар құмнан жасалғн
көпқабатты түсті бедерлі ерітінді.
Құрылымдық сәндік сылаулар тасты үгінді түріне және сылау бетін
өңдеу тәсіліне тәуелді тау жыныстарын,
ағаш қабаттын ұқсатуды
орындайды (сурет 9.1). Оларды ғимараттар алдын және іргелерін өңдеу
үшін және бұзуға төзімді жабындарды құру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: