Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет9/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145
сәулеттік материалтану

11
 
Қызуға төзімділерге домна және мартен пештері, цемент кликерін 
күйдіру пештері және т.б. салу үшін қолданылатын шамот қосуымен 
қызуға төзімді саздан жасалған шамот өнімдері жатқызылады. Баяу 
балқитын өнімдерге жылу құрылғыларын қаптау үшін қолданылатын 
баяу балқитын кірпіш жатқызылады. Оңай балқитын өнімдерге қабырға 
салу үшін арналған керамикалық кірпіш жатқызылады. 
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
Механикалық қасиеттер материалдардың сыртқы күш әсерінен 
зақымдануы немесе бүлінуіне қарсыласу қабілетін сипаттайды. Пайда 
болған ішкі кернеулер атомдар арасындағы ішкі байланысты үзуге 
талпынады.Бұл ретте материал деформацияланады, ал шекті кернеуге 
жеткенде зақымданады. 
Беріктік – материалдың әртүрлі сыртқы кернеу әсерінен туындайтын 
ішкі кернеудің бұзылуына қарсыласу қабілеті. Беріктік шегімен беріктік 
бағаланады – бүлінуіне алып келетін жүктеме әсерінен материалда пайда 
болатын кернеумен. Материал беріктігі шегі қысу, созу, бүгілуде және 
т.б. анықталады (1.2. сур.).
R
сж
(
р
), МПа қысу мен созуда беріктік шегі бұзушы материалдың 
Р
сж
(
р
), Н күшінің F, м
2
көлденең қиығы ауданына қатынасымен 
есептеледі: 
1.3.

Бір топталған жүктемеде R
изг
бүгілісінде беріктік шегі келесі 
формула бойынша анықталады: 
(1.10) 
мұндағы l— тіректер арасындағы аралық, м; b, h— жатқызылған 
үлгінің ені мен биіктігі, м. 


12
 
1.2 
сур. Құрылыс материалдарының бүлінетін сынақтарының 
принципиалды сызбалары: 
а, б, в — қысу, созу мен бүгілуде беріктік шегін анықтау 
Материал беріктігі жүктеме салуда құрылым, өлшем, бағытқа 
тәуелді. Тас материалдары қысуда жақсы және созу мен бүгілуде 
айтарлықтай нашар (5-50 есе) жұмыс істейді. Басқа материалдар 
(металл, сүрек, көптеген пластмассалар) қысуда да, созу мен бүгілуде де 
жақсы жұмыс істейді. 
Құрылыс материалдарының беріктігі әдетте марка немесе класспен 
сипатталады, олардың мәні стандарттық өлшемдер үлгілерін сынауда 
алынатын беріктік шегінің шамасына сәйкес келеді. Мысалы, тас 
материалдары үшін келесі маркалар бекітілген: 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50, 
75, 100, 125, 150, 200, 300, 400, 500, 600, 800, 1 000. Марка әрдайым 
шынайы алынған мәнге тең немесе аз, сондықтан қысуда беріктік 
шегімен материалдар, мысалы, 40-тан 49,9 МПа-ға дейін 400 маркасына 
жатқызылады.
Иілгіштік - материалдың жүктеме әсерінен формасы мен өлшемін 
өзгерту мен оларды жүктеме әсері аяқталғаннан кейін қалпына келтіру 
қабілеті. Иілгіштік иілгіштік шегімен бағаланады. Иілгіш материалдарға 
кейбір болат, сүрек, линолеум жатқызылады. 
Созымдылық – материалдың жүктеме әсерінен формасы мен 
өлшемін өзгерту мен оларды жүктеме әсері аяқталғаннан кейін сақтау 
қабілеті (қызған битум,саз қамыры).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет