Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет41/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
aparatty-zhjeler

Атауы



Нөмір Атауы

Жүйе, қосалқы жүйе немесе процесс

Атауы Нөмір



Нөмір Атауы
Тетік

Деректер
жинақтауышы






Атауы

Атауы






Атауы

Атауы



П

роцесс
деректердің кіріс ағынын белгіленген алгоритмдерге сәйкес шығыс деректерге түрлендіру болып табылады. Процесс әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін: бқл кіріс құжаттарды өндеуді және есептерді қалыптастыруды орындайтын ұйымның бөлімшесі (бөлімі), бағдарлама, аппараттық жүзеге асырылған логикалық құрылғы және т.б. болуы мүмкін. Процесс нөмірі оны сәйкестендіру үшін қызмет етеді. Ат өрісінде процестің атауы енгізіледі, бұл ретте «өндеу», «жаңғырту» немесе «түзету» сияқты етістіктерді пайдалану осы процесті жеткілікті түрде толық түсінбеуді білдіріп, одан басқа талдауды талап етеді. Нақты іске асыру өрісіндегі ақпарат осы процесті ұйымның қандай бөлімшесі, бағдарлама немесе аппараттық құрылғы орындап жатқанын көрсетеді.
Деректер жинақтауышы кез келген сәтте жинақтауышқа қоюға болатын және кейбір уақыттан кейін алуға болатын, бұл ретте қою және алу тәсілдері кез келген болуы мүмкін, ақпаратты сақтауға арналған абстрактілі құрылғы болып табылады. Деректер

101
жинақтауышы тізімдіктегі жәшік, жедел жадтағы кесе, магнитті тасығыштағы файл және т.б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.


Деректер жинақтауышы жалпы жағдайда деректер базасының
түп бейнесі болып табылады және онда сақталатын деректердің сипаты ақпараттық үлгімен байланыстырылуы тиіс.
Деректер ағыны дереккөзден қабылдауышқа берілетін ақпаратты айқындайды. Нақты деректер ағыны екі құрылғы арасындағы кабель бойынша берілетін ақпарат, пошта арқылы жіберілетін хаттар, магнитті таспалар немесе бір компьютерден екінші компьютерге тасымалданатын дискеталар болуы мүмкін. Әр деректер ағыны оның құрамын көрсететін атқа ие.
Деректер ағыны диаграммаларының иерархиясын құруды жүйенің жалпы түрін айқындайтын мәнмәтіндік диаграммадан бастайды. Мұндай диаграммада жүйенің сыртқы дүниемен интерфейсін сипаттайды, яғни әзірленіп жатқан жүйе тұтынушылар мен ақпарат дереккөздерімен қалай өзара әрекет ететінін көрсетеді. Әдетте бастапқы мәнмәтіндік диаграмма жұлдыз түрінде болады.



    1. с
      ур. «Көтерме сауда қоймасы» ААЖ үшін Йордан нотациясындағы бастапқы мәнмәтіндік диаграмма (нөлдік деңгей диаграммасы)

Егер жүйеде сыртқы мәннің көп саны көп болса (10 астам), үлестірілген табиғатқа ие болса немесе бар қосалқы жүйелерді қамтыса, онда мәнмәтіндік диаграммалар иерархиясын құрады. Егжей-тегжейін ашу процесінде теңгерімдеу қағидасын сақтайды –
102
қосалқы жүйені егжей-тегжейлеуде тек талданатын қосалқы жүйенің ақпараттық байланысы бар (яғни ол деректер ағынымен байланысты) қосалқы жүйелердің құрамдастары пайдаланыла алады. Егжей-тегжейі ашылмайтын процестерде осы процес функцияларының мәтіндік сипаттамасын қамтуы тиіс ерекшеліктер жасалады.
«Көтерме сауда қоймасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (ААЖ) деректер ағыны диаграммасын құру мысалын келтірейік. «Көтерме сауда қоймасы» ААЖ көтерме сауда үшін сатып алынған тауарлардың қозғалысы мен бар болу туралы деректерді алуға арналған.
Деректер ағыны диаграммаларының иерархиясын құруды мәнмәтіндік диаграммадан бастаймыз, яғни әзірленіп жатқан жүйе ақпаратты қабылдауыштар мен дереккөздермен қалай өзара әрекет ететінін анықтаймыз (4.5. сур).
Тауарлардың келуі бойынша бастапқы құжаттар (кіріс құжаттар) тауарлардың түсуі журналында тіркеледі. Тауарды рәсімдеу және өткізілуін есепке алу сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алынатын тауарларға есеп айырысу тәсілдеріне тәуелді. Қойма менеджері тауарларды сатып алу және босатуды есепке алу журналын жүргізеді. Бастапқы құжаттардың деректері тиісті жинақтауыштарда сақталады.
Әзірленіп жатқан жүйе үшін сыртқы мән болып жеткізушілер, сатып алушылар, қойма менеджері, есепке алу және бақылау бөлімі, тапсырыстарды қабылдау және рәсімдеу бөлімі табылады. Олар туралы мәліметтер тиісті кестелерде (анықтамалықтарда) сақталады. Жеткізуші тауарды қоймаға табыстайды. Тауарды жеткізу құжаттары (жүкқұжаттар, фактура-шоттар) деректер базасына енгізіледі. Сатып алушы тауарларды сатып алуға тапсырыс береді. Тапсырыстарды қабылдау және рәсімдеу бөлімінде келіп түскен тапсырыстың әр жолы тексеріледі. Қоймада қандай да бір позиция болмаған кезде, жеткізушіге өтінім рәсімделеді, яғни қажетті тауарды жеткізуге бастамашылық етіледі. Тапсырыс негізінде тауарды өткізуге құжаттар толтырылады, олар деректер базасында сақталып, басып шығарылады және сатып алушыға беріледі. Әр күннің соңында барлық кіріс құжаттар бухгалтерге беріледі. Тауардың келуі және өткізілуі туралы мәліметтердің негізінде қойма менеджері мен есепке алу бөлімінің қызметкерлері қоймадағы тауардың айналымы мен қалдығы бойынша есептерді қалыптастырады.
«Көтерме сауда қоймасы» ААЖ деректер ағыны диаграммасы 4.6 суретте көрсетілген.

103







    1. сур. «Көтерме сауда қоймасы» ААЖ деректер ағыны диаграммасы

104

105


      1. Диаграмма «Мән-байланыс»

Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты — қандай да бір пән саласының ақиқат өмірдегі нысандары туралы деректерді өңдеу. Ақпараттық жүйеге арналған дерекқорды құра отырып, қолданушы, қажеттілігіне қарай керекті деректер жинағын шығару үшін, белгілерді қалауынша үйлестіріп таңдап алу үшін, ақпараттарды, әртүрлі белгілеріне қарай реттеуге ұмтылады. Бұл егер деректер құрылымдалған жағдайда мүмкін болады, яғни деректерді ұсыну тәсілдері туралы келісімдерге жауап береді.


«Болмыс-байланыс» диаграммасы (ER-деректер үлгісі, ER— Entity- Relationship) деректерді анықтау тәсілін және ақпараттық жүйедегі олардың арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Оған заттық саладығы бизнесережелерін бейнелеп көрсететін мән және байланыс кіреді. «Болмыс-байланыс» диаграммасы, атқарымдық диаграммадан айрмашылығы, деректер құрылымының ерекшеліктерін анықтайды. «Болмыс-байланыс» үлгісінің бірінші нұсқасын Питер Чен ұсынды. Бұдан әрі көптеген авторлармен осыған ұқсас өз нұсқаларын әзірленді. Мән-байланыс диаграммасының барлық нұсқалары бір ғана идея-көрнекі мәтінді сызба түрінде бейнелеп сипаттаудан шығады. Осы тәрізді барлық диаграммалар пән саласының мәндерінің графикалық кескінін, олардың қасиеттерін (атрибуттарын) және мән арасындағы өзара байланысты қолданады.
Б о л м ы с – қарастырылатын пән саласы үшін ақпараттың елеулі мәні болатын бір үлгідегі нысандар тобы. Болмыс деп нақты немесе дерексіз нысандардың (адамдар, оқиғалар, жағдайлар, заттар және т.б.) көп мөршерін атайды.
Әр болмыстың бірегей атауы және де болмысқы тиесілі не болмаса байланыс арқылы ие болатын бір немесе бірнеше атрибуттары болуы, болмыстың әрбір данасы бір мағынада сәйкестендірілетін бір немесе бірнеше атрибуттары болуы қажет.
Болмыс атауы нысан типін немесе санатын (студент), ал болмыс данасы- бұл аталған блмыстың нақты өкілін (Иванов) көрсетеді.
Диаграммада, Баркердің айтқан ақылында, анағұрлым кең таралған болмыс тір бұрықпен, кейде дөңгелектенген бұрыштармен бейнеленеді (4.7-сурет, а).
А т р и б у т — қарастырылатын пән саласы үшін маңызды және болмысты топтастыру, сәйкестендіру, сандық сипаттау немесе айқын көрінген жағдайына арналған болмысты кез келген сипаттама.
Қарастырылатын пәндік сала үшін маңызды және болмысты сыныптау, сәйкестендіру, сандық сипаттау немесе жағдайын көрсету үшін арналған болмысты кез келген сипаттамасы (4.7- сурет).

106


4.7-сурет. Баркер нотациясында болмысты белгіленуі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет