Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет53/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
aparatty-zhjeler

5.3.3. Стратегиялық деңгей жүйелері


Жоғары басқару бөлімінің жұмысын қолдау үшін негізгі құрал ұйымдарды стратегиялық болашақ дамыту жоспарларын жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер болып табылады. Стратегиялық деңгей жүйелері, ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарын жүезеге бағытталған басқару шешімдерін жасап шығаруды қамтамасыз етеді. Стратегиялық деңгейде нарыққа жаңа өнімдерді шығару және жылжыту, қаржыландыру көздерін таңдау, инвесторларды тарту, бизнесүдерістердің реинжинирингтер мәселелері қарастырылады. Көбінесе, стратегиялық басқару деңгейін ұзақ мерзімді жоспарлау деп атайды. Осы деңгейде қабылданған шешімдердің заңдылығы біршама ұзақ мерзім өтеннен кейін- айлар немесе тіпті жылдар өткеннен кейін расталуы мүмкін. Басқару шешімдерін қабылдағаны үшін жауапкершілік өте үлкен және математикавлық аппараттарды қолдану арқылы талдау нәтижелерімен анықталмайды, сонымен бірге жоғарғы деңгейлі менеджерлердің кәсіби дайындығы мен ішкі түйсігімен анықталады. Сонымен, стратегиялық деңгей жоғары рагтағы басышларға бағытталған. Ақпараттық технологияларды ұйымдастыру есебінен, фирмада, сыртқы ортадағы істің ағымдағы жай-күйін көрсететін ақпаратқа қатысты қол жетімділікті, олардың өзара байланысы қамтамасыз етіледі.
Стратегиялық басқару деңгейінің негізгі мақсаттары:
- ұйымның басымдықтар жүйесін анықтау;
— ұйымның болашақ дамыту бағыттарын дамыту;
— алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды таңдау және бағлау.
Ақпараттық технологияның осы бағыттарына сәйкес, жоғары басшылыққа фирманың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін бағалауға және оның қызметін ұзақ болашақта болжауға мүмкіндік беретін, негізгі факторлар бойынша ақпаратқа жедел қолайлы қол жетімділік пен сұрыптауды қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді жоспалау және талдаудың ақпараттық технолгиялық жүйесінің ерекшелігі, көршілес өндіріс қызметтерін ескере отырып, ұйымдардың біріктірме даму үлгілерін құру болып саналады.
Стратегиялық басқару шешімдерін жасап шығару кезінде келесі факторлар ескеріледі:
— елдегі нарықтық қарым-қатынасты дамыту ерекшеліктері;
— кәсіпорын және ұйым қызметінің бейнесіне жатқызылатын, өнімдерді (жұмыстар мен қызметтер) ықтимал болашақ түрлері;
— жаңа өнімдер (тауарлар, қызметтер) түрлерін жасау кезіндегі қолдану үшін ммүмкін өндіріс ресурстарыың әлеуетті түрлері;
— жаңа өнім (тауарлар мен қызметтер) түрлерін болашақ технологиялық әзірлеу үдерістері.
Ақпараттық технологияның қызмет ету үлгісінде атап

149
көрсетілген факторлар есебі көбінесе ұйым қызметіне қатысты ақпараттарды сырттай қолдануға негізделеді. Ослайша, ақпараттық технология дамыған коммуникативтік ортаны (оған қоса Internet) сыртқы ақпараттарды алу, жинақтау және өңдеу үшін орналастыруы қажет.


Біріктірме үлгілерді қолдануға негізделетін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауда ақпараттық технологиялардың қызмет етуіндегі өзгеше ерекшелігін, шешім қабылдау барысындағы басқару қызметкерлерінің өзінің шешуші рөлі деп есептеген жөн. Ақпараттың белгісіздігі мен толық еместігінің жоғары деңгейі шешім қабылдау негізі ретінде субъективті фактор ролін арттырады. Сонымен бірге, автоматтандырылған ақпараттық технология, басқару аппараты қызметін ұйымдастыру үшін басты алғышартты қамтамасыз ететін қосалқы құрал ретінде ұсынылады.
Осылайша, шешімдер қабылдауда стратегиялық деңгейді ақпараттық технологиялық қолдау ұйымның жоғары басқару бөліміне құрылымсыз міндеттерді шешуге көмектеседі, оның негізі сыртқы ортада, әлеутті фирмасы бар сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерді салвыстыру болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау жүйелерін қолдануға қатысты келесі тәсілдерді атап көрсетуге болады:
— біріншісі, алдымен мақсаттар мен оларға қол жеткізу стратегиялары құрылатындығына, ал содан кейін ғана автоматтандырылған ақпараттық технология алдын ала жасап шығыралған стретегияға бейімделетіндігіне негізделеді;
— екіншісі, ұйымның мақсаттарды құру және стратегиялық жоспарлау кезінде стратегиялық ақпараттық жүйені қолдануына негізделеді;
— үшіншісі, екі алдыңғы тәсілдерді синтездеу әдістемесін қолданумен сипатталады.
Ресейлік жағдайларда, ШҚТ алдында тұрған стратегиялық басқару міндеттерін шешу, ресей кәсіпорындары жұмыс істеп жатқан жағдайлардың үнемі өзгеруімен күрделенеді (бірінші кещекте, салық заңнамасында қабылданатын жиі түзетулерді атап көрсеткен жөн), және барлық әлемдік экономика үшін соңғы жылдары көптеген тұрақсыздық факторларының байқалуымен сипатталады. Осыған байланысты қазіргі уақытта ресейлік кәсіпорындарда қабылданатын біріктірілген копоративтік жүйелер, әдетте, жедел әрі тактикалық басқару деңгейлерін автоматтандыру жүзеге асырылған. Стратегиялық басқару деңгейіндегі міндеттерге келетін болсақ, онда олар көптеген жағдайда төменгі деңгейде бар деректер негізінде, сонымен қатар кәсіпорынның топ- менеджерлерінің кәсіби тәжірибесі мен ішкі түйсігінің арқасында шешіледі.

150



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет