Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет56/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75
aparatty-zhjeler

MRP II жүйесі


MRP тұжырымдамасы пайда болғаннан кейін, өндірістің барлық мәселесі шешілгендей болған, оның күрделі емес қағидаттарын жүзеге асыратын компьютерлік бағдарламалар белсенді құрылды және сатылды. Алайда, әлемдік бизнестегі бар жағдайларды бұдан әрі талдау және оны дамыту барысында, MRP тұжырымдамасында маңызды кемшілік бары анықталды. Материалдармен қажеттілікті есептеу кезінде өндірістік қуаттылық, олардың жүктемесі, жұмыс күшінің құны және тағы басқалар ескерілмейді. 1980-ші жылдары, тұйықталған кезеңі бар MRP-жүйесі өндірістік ресурстарды жоспарлау жүйесіне (manufactoryresourceplanning) көшірілді, MRPII (аббревиатуралардың сәйкестілік салдары) атауына ие болды.


MRPII, оның жеке үзінділерін ған емес, барлық өндірістік
үдерісті басқаруға мүмкіндік береді (5.7-сурет).

158




5.7-сур. MRPII әдістемесінің қызмт ету сызбасы.
Бұл жүйе өндірістік кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді жоспарлау үшін құрылған, соның ішінде қаржылық және кадрлық. Өндірістік қуатты жоспарлау және материалдармен тұтынуды жоспарлаудың негізгі қызметтері бір қатар қосымша қызметтерге қосылды:
— Өндірістік өнім санын жинау барысында қолданылған жиынтықтауыш санына сәйкестігін бақылау;
— Тапсырыстардың бөгелуі туралы, өнімдерді сату көлемі және қарқыны туралы күнделікті есепті құру.
MRPII стандарты АҚШ құрылды және өндіріс пен қорларды –
AmericanProductionandInventoryControlSociety (APICS) басқару бойынша Америкалық қоғаммен қуатталады. Өз уақытында APICS

159
«MRPII StandartSystem» құжатын жүйелі түрде шығарды, онда ақпараттық өндірістік жүйелерге қатысты негізгі иалаптар келтірілді. (бұл құжаттың соңғы басылымы 1989 жылы шықты).


«MRPII StandartSystem» сәйкес, MRPII жүйесінде 16 негізгі қызмет топтары (Кәспорынмен ПҚ басқару MRPII санатына жатқызылуы үшін, ол осы қызметтердің белгілі көлемін атқаруы қажет).

  1. Сату және өндірісті жоспарлау.

  2. Сұранысты басқару.

  3. Өндіріс жоспарын құру.

  4. Материалдармен тұтынуды жоспарлау.

  5. Өнімдер сипаттамасы.

  6. Қойманы басқару.

  7. Жоспарлы жеткізілімдер (Scheduled Receipts Subsystem).

  8. Өндірістік цех деңгейінде басқару.

  9. Өндіріс қуатын жоспарлау.

  10. Кірісті/шығысты бақылау.

  11. Материалдық-техникалық жабдықтау.

  12. Ресурстарды бөлуді жоспарлау.

  13. Өндіріс операцияларын жоспарлау және бақылау.

  14. Қаржылық жоспарлау.

  15. Үлгілеу.

  16. Қызмет нәтижелерін бғалау.

MRPII стандарты жекелеген қызмет (рәсімдер) салаларын екі деңгейге бөледі: қажетті және опциалды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету MRPII санатына жатқызылуы үшін, ол қажетті негізгі қызметтерді орындауы қажет. Бағдарламалық қамтамасыз етудің кейбір жеткізушілері осы стандарттың әртүрлі опцияларын қабылдады.
Система MRPII жүйесі сыртқа жағдайларға бейімделуге қабілетті. 5.7-суретте көріп отырғанымыздай, MRPII үшін кері байланыс тән, себебі оның жұмысы барысында құрылған есептер бұдан кейінгі жоспарлау кезеңдерінде есепке алынады. Қажет болған жағдайда, өндіріс бағдарламасы өзгертілуі мүмкін. Бұл қосымша қызметтер сыртқы факторларға қатысты-сұраныс деңгейі, материалдар мен жиынтықтаушыларды жеткізу сенімділігі және т.б. қатысты жоспарлаудың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Әрбір үлгінің жұмыс нәтижелері барлық жүйемен тұтастай талданады, шынында сыртқы факторлардың өзгеруіне қатысты оның орнықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе өнімдерді жиі істеп бітіруді талап ететін қысқа өмірлік кезеңмен өнім өндіретін көптеген кәсіпорындар үшін маңызды. MRPII жүйесінің үздік үлгілері, нарықтағы жағдайларды талдау негізінде шығарылатын өнімдердің тұтыну сипаттамалары мен шығару көлемін оңтайландыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған бағдарламалар кешенін білдіреді. Системы MRPII жүйелері көп
160
жағдайлдарда дәл осы өндіріске бағытталған және кәсіпорынмен жүзеге асырылатын барлық негізгі үдерістерді біріктіруге тартылған, — жабдықтау, өндіріс қоры, сату, жоспарлау, жоспардың орындалуын бақылау, шығындар, қаржы және т.б. секілді.
MRPII санатындағы ақпараттық жүйелер міндеті— материалдар (шикізат), жартылай жайын өнімдер (соның ішінде өндірісте тұрғандар) және дайын өнімдер ағынын оңтайлы құру.
MRPII қолдану нәтижесінде жүзеге асырылуы қажет:
— Кәсіпорын қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы ақпаратты тұтастай және жекелеген тапсырыстар, ресрустар, жоспарларды орындау бойынша толық талдап тексерумен жедел орындау;
— жедел ақпарат негізінде оспарлы деректерді түзету мүмкіндігімен кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді, жедел және егжей- тегжейлі жоспарлау;
— өндірістік емес шығындарды біршама қысқарту және қоймадағы материалдық ресурстарды шынайы қысқартумен өндірістік және материалдық ағындарды оңтайландыру;
— өндірістік қуатты, барлық ресурс түрлерін қолдануда және тапсырыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыруда барынша тиімділікке қол жеткізу мақсатында оған әсер ету мүмкіндігімен өндірістің барлық кезеңін жоспарлау және бақылау;
— өндірістік емес шығындарды қысқарту;
— тұтастай кәсіпорынның қаржылық қызметін бейнелеу.
Стандарттарға сәйкес MRPII жүйесі кез келген уақытта, өндірістің жоспарын орындау үшін материалдық ресурстарда қажеттілікті көрсетууі, сонымен бірге технологиялық үдерістер мен жабдықтау үдерісіне қатысты талаптардың өзгеруіне сәйкес сипаттамада материалдардың ауысуына бірдей әрекет етуі қажет.
Бағдарламаны тестілеу кезінде әртүрлі материалдарды қолдану нұсқаларын, сонымен бірге олардың толыққанды MRP-есептерін алу үшін болжамды тәсілдерін енгізуге әрекет жасау қажет.
MRPII стандартына сәйкестігіне тексеру жүйенің бір қатар қасиеттерінің болуын растауы қажет:
— деректер құрылымын және кәсіпорынның жеткізушінің шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес жабдықтау жоспарын құруға мүмкіндік беретін сұраныстарды құру, оған қоса тапсырыстарды орындау мерзімі бойынша шектеулерді, тиелімдің төменгі топтамасы, шикізаттар мен материалдарды тасымалдау жағдайларын қоса;
— клиенттің тапсырысын толық орындау кезеңін қадағалау мүмкіндігі (қоймада оны ресурстармен қамтамасыз ету жоспары, өндіріс және сатып алу жоспары, материалдық-техникалық жабдықтау және өндірістің барлық кезең сатыларында бұл жоспарды нақты орындау үдерісі);
— тұтынушы тапсырыына сәйкес ресурстарды резервтеу;

161
— тұтынушының «қоймадағы ұстаным жағдайы» қатысты ерікті алынған тапсырысы бойынша ақпарат беру, өндіріс жоспары мен сатып алу жоспары, сонымен қатар тұтынушының аталған тапсырысын қамтамасыз етуге қатысты өндірістік жоспарды орындау барысы туралы ақпараттарды алу, жеткізушілерге тапсырыстары туралы, олардың өмірлік кезеңнің барлық сатыларындағы жағдайы, оған қоса шоттарды төлеу үдерісі;


— өндірістік жоспары мен технологиялық сипаттамаларға сәйкес кәсіпорынның жабдығын (қуатын) (CRP-есеп) жүктемесін жоспарлау мүмкіндігі. Сонымен бірге, бұл жүйе әртүрлі құралды, жабдықты қолдану кезінде жабдықтардың жұмыс режимін балама түрде бейнелеуі және ресурстардағы (MRP) қажеттіліктерді жоспарлаудың қосалқы жүйесімен байланысты болуы қажет;
— тапсырыстарды орындау мерзімін және өндірістік қуатты шынайы жүктмесін және қолда бар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ескеп алып, клиенттердің тапсырысын есептеу мүмкіндігі. Жүйе қосалқы мердігерлермен жеке бөлімшелерді ауыстыру кезінде, шығарылатын өнімдердің (ауысымдылықтың өсуі үстеме жұмыс үшін қлсымша төлемдерге әкелетіндей, сол секілді жабдықтарды жөндеуге кететін шығындардың өсуіне әкеледі) өзіндік құнының өзгеруін есепке ала отырып жұмыстың ауысымдылығын өсіру кезінде «эксперименттеуге» мүмкіндік беруі қажет.
Сонымен, MRPII жүйелер кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді жоспарлау үшін арналған. MRPII тұжырымдамасының негізгі мәні, өндірісті болжау, жоспарлау және бақылау өнімнің барлық өмірлік кезеңі бойынша, шикізатта ысатып алудан бастап және тұтынушыға өнімдерді тиеумен аяқталатындай жүзеге асырылатындығында. MRPII жүйесінде, жұмыс нәтижесі жүйемен тұтастай талданатын көп көлемді үлгілерге біріктірілген, бұл әртүрлі сыртқы факторларға қатысты (атап айтқанда, мысалы, өнімдерге ағымдағы сұраныс және т.б.) оның иілімділігін қамтамасыз етеді.



      1. ERP-жүйелер

Өткен ғасырдың соңғы ширегінде «қоймадағы» өндіріс


«тұтынушының тапсырысымен» өндірісімен ығыстырылды. Маңызды меншікті салмақты көліктік, телекоммуникативтік, қаржылық, корпорацияның оқу бөлімшелері иеленді. Белгілі автономдықты иелене отырып, бұл бөлімшелер тығыз байланыста жұмыс істеді. «Виртуалды кәсіпорын» деп аталатын – географиялық бөлінген не болмаса, бір жобамен жұмыс істйетін және өзара корпорация ішілік материалдық, қаржылық, кадрлық ағындардың күрделі тізбектілігімен байланысты уақытша кәсіпорын бірлестіктер пайда болды. MRP II жүйелерін сәйкес жетілдіруге
162
әрекет ету ERP-жүйелерінің пайда боулына әкелді.
ERP-жүйелерінің (EnterpriseResourcePlanning, ERP — корпорациялар ресурстарын жоспарлау) міндеті — корпопацияның барлық бөлімшелері мен қызметтерін бірыңғай ақпарттық жүйеге біріктіру. Өндірістік және коммерциялық қызметтің барлық жақтары ERP қамтылады: өндіріс, жоспарлау, шарттарды басқару, материалдық-техникалық жабдықтау, қаржы, есептілік, кадрларды басқару, өткізу, қорларды басқару. Осылайша, ERP басты міндеті, заманауи корпорацияларды басқаруда MRPII қағидаттарын тартуға саяды.
ERP негізі— бірыңғай дерекқор, оны тең дәрежеде бухгалтерия, өндіріс, маркетинг қызметі, кадрлар бөлімі, қоймалар қолданады. Осы дерекқорға енгізілген ақпараттар тез арада әртүрлі корпорация бөлімшелеріне қол жетімді бола түседі. Деректерді электронды алмасу инфрақұрылымы, корпорацияның бөлімшелері мен кәсіпорындары арасында, сонымен бірге корпорация мен оның жеткізушілері мен тұтынушылар арасында туындайды.
ERP жүйенің бірнеше анықтамасы бар:
— Біріздендірілген орталықтандырылған дерекқорды, бірыңғай қосымшалар мен қаржылық-экономикалық қызметті:өндірістік, экономикалық және қаржылық, өткізу, сатып алу, өнімдер мен материалдарды сақтау және көптеген басқаларын басқаруға арналған жалпы қолданушылар интерфейсін білдіреді;
— бағдарламалық құралдар мен басқару шешімдерінің кешені, ол қажетті мерзімде жоғары дәлдікпен тұтынушыларлың тапсырысын дұрыс жоспарлау, қайта бөлу және кәсіпорынның барлық ресурстарын бағыттау арқылы тұтынушының тапсырысын орынлау.
ERP санатындағы жүйелер — кәсіпорынның бизнес-үдерістерін жоспарлауды, есептеуді, бақылау және талддаулы автоматтандыруға арналған бірыңғай жүйені құруға мүмкіндік беретін біріктірілген қосымшалар жиынтығы. Көбінесе, осы және өзге ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін бағалау және оны дамыған MRPII жүйесіне немесе ERP-жүйелеріне жатқызу туралы мәселені шешу кезінде аналитиктердің пікірі екі жаққа айрылады.
ERP-жүйелер біріктірілген қолданбалы үлгілер жиынтығынан тұрады, олар кәсіпорынның әртүрлі бизнес-үдерістерін қолдайды және өзара шынайы уақыт ауқымында өзара әрекеттеседі. Әртүрлі өндірушілердің жүйесінде қосалқы жүйелер құрамы әртүрлі. Алайда, бәрінің ұқсас негізгі атқарымдық жиыны бар:
— өндірілетін өнімдер құрамын анықтайтын құрастырымдық және технологиялық сипаттамаларды, сонымен бірге оны әзірлеу үшін қажетті материалдық ресурстар мен операцияларды енгізу;
— сату және өндіру жоспарын құру;
— материалдар мен жиынтықтауыштарда қажеттіліктерді, өнімдерді өндіру жоспарын орынлау үшін жеткізілім мерзімі мен

163
көлемін жоспарлау;


— қорлар мен сатып алуды басқару: шарттарды жүргізу, орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру, есептерді қамтамасыз ету және қойма және цех қорларын оңтайландыру;
— өндіріс қуатын жоспарлау, кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау және бақылау;
— қаржыларды жедел басқару, оған қоса қаржылық жоспарды құру және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру, қаржылық және басқару есебі;
— жобаларды басқару, оған қоса, кезеңдер мен оны жүзеге асыруға қажетті ресрустарды жоспарлау, жоғары күрделілік деңгейі бар ұзақ мерзімді жобалар мониторинг;
— өткізілімді басқару;
— сапаны басқару — сапаны жоспарлауды қолдау, өндіру және сатып алу кезіндегі сапаны бақылау және тексеру;
— техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу, шығындарды есептеу және техникалық қызмет көрсету және жөндеуде ресурстарды жоспарлау;
— қызметкерлерді басқару;
— ақпараттық ағындарды басқару.
ERP-жүйесі басқару мен есептеудің негізгі өрістерін қамтиды, негізгі бизнес-үдерістерді қамти отырып, қаржылық-шаруашылық қызметтерді бейнелеп көрсету үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік құрады. Сол мезетте, сақталатын мәліметтерге қол жетімділікті, сонымен бірге қызметкерлердің мәртебесіне байланысты ос ынемесе өзге әрекеттер мүмкіндігін нақты шектейді.
Шет елдік авторлар, ERP-жүйесінің келесі өзгеше ерекшеліктерін атап көрсетеді:
— өндірістің әртүрлі типтерін (құрастыратын, өңдеуші және т.б.) және кәсіпорын мен ұйым қызметі түрлерін (мысалы, ERP- жүйесі өнеркәсіптік кәсіпорныдарда ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсетуші саласындағы ұйымдарда- банктерде, сақтандыру және сауда компанияларында және т.б.орнатылуы мүмкін) енгізеді.
— кәсіпорынның әртүрлі қызмет бағыттары бойынша ресурстарды жоспарлауды қолдау (тек өнімді өндіру ғана емес);
— ERP-жүйелер, өндіріс, жеткізушілер, серіктестер мен біріктірілген ақпараттық жүйе шегінде тұтынушылардың өзара іс- әрекетін бейнелейтін «виртуалды кәсіпорынға» басқаруға бағытталған;
— ERP-жүйелерде қаржылық қосалқы жүйелерге үлкен назар аударылған;
— көрсетілімдік копорацияларды басқару механизмі қосылған, оған қоса, бірнеше сағаттық белдеулерді, тілдерді, валютаны, бухгалтерлік есеп және есептілік жйүесін қолдау;
— инфрақұрылымға, (Интернет/ Интранет), кеңейтілетіндікке (бірнеше мың қолданшыларға дейін), бағдарламалық қамтамасыз

164
ету мен әртүрлі тұғырнамалардың орнықтылығы, сенімділігі және өнімділігіне қатысты талаптарды арттыру;


— әлдеқашан кәсіпорынмен қолданылатын (CAD/CAM/ CAE/PDM-жүйелермен, АБЖ ТБ, құжат айналымын басқару жүйелерімен және т.б.), қосымшалармен ERP-жүйелерінің кеңейтілушілігіне қатысты, сонымен бірге жаңа қосымшалармен (мысалы, электронды бизнес) қатысты талаптар арттырылды. Сонымен бірге, дәл осы ERP-жүйелер базасында кәсіпорында қолданылатын барлық қосымшаларды біріктіру жүзеге асырылады;
— шешім қабылдауды қолдаудың бағдарламалық құралдарына және деректерді қоймасымен біріктіру құралдарына (кейде жаңа үлгі түрінде ERP-жүйесіне енгізілетін) үлкен көңіл берілген;
— ERP-жүйелер қатарында дамыған баптау құралдары (кескіндеу), басқар қосымшалармен біріктіру және бейімдеу (соның ішінде жүйелерді пайдалану барысында қарқынды қолданылатын) әзірленді.
Сарапшылар, ERP кәсіпорынның барлық бизнес-үдерістерін басқару жүйесі ретінде, жекелеген бөлімшелер қызметін басқару рәсімдерінің барлық технологиялық тізбегі бойынша қаржылық және тауар ағындары қозғалысымен байланыстыратын жүйе ретінде анықтайды.
Преимущества ERP артықшылықтарын тапсырысты орындау барысында мысал ретінде көрсетеміз. Автоматтандыру немесе ішінара («лоскутты») автоматтандыру болмаған жағдайда, клиенттің қабылдаған тапсырысы ұзақ, негізінен «қағаз түрінде», кәсіпорында саяхат бастайды. Тапсырыс, әртүрлі бөлімшелерде әртүрлі компьютерлік бағдарламаларда қайтадан енгізіледі. Бір бөлімшеде тапсырыс параметрлері қажетті материалдар мен жиынтықтаушы түрінде, ал басқасында – өндірістік жоспар түрінде енгізіледі. Сонымен бірге, сәйкес бөлімшелердің ақпараттық жүйесі өзара тек қана «қағаз түріндегі» байланысы болады. Нәтижесінде, көбінесе ешкім кәсіпорында тапсырысты орындау кезеңі қай ккезеңде тұрғандығын, тапсырыс дайын екендігін және шотты төлеуге қоятын уақыт келгендігін білмейді.
ERP-жүйесі енгізілген кәсіпорында әртүрлі бөлімшелердің
«ақпараттық түйісу» мәселесі болмайды. Тапсырыстың орындалу жағдайын анықтау үшін, жүйеге кіріп, тапсырыс нөмірін теру қажет. Аталған жағдайда, тапсырыс нөмірі, олардың қызметін бірге байланыстыра отырып, кәсіпорынның барлық қызметі «көрінетін» ақпараттық өріс болып саналады.
ERP-жүйелерн енгізу ақпаратпен және бөлімшелер арасында өзара іс-әрекетпен жұмыстың жеделділігіне қатысты талапты арттырады. Мысалы, егер қоймап қызметкері (қоймашы) бірнеше күн қоймаға келіп түскен материалдар мен жиынтықтауыштар туралы ақпаратты белсендірмесе, онда өткізу бөлімі, тапсырыс орындау үшін қоймада қажетті мөлшер жоқ деп есептейді.

165
Нәтижесінде тапсырыстарды орындау кешіктіріледі. Ресейлік SAPAG өкілдігінің мамандарының пікірі бойынша, ERP санатындағы БКАЖ енгізу, әдетте, кәсіпорында басқару стратегиясын өзгертеді. Олар, «...біздің тұтынушылар «жүйені» сатып алмайды. Олар тәртіпті сатып алады» деп атап көрсетеді. Бұл жерде, әдетте, кәсіпорында БКАЖ енгізу бизнес үдерістері реинжинирингімен қоса жүреді, яғни, бизнестің шығындар,, пайда және жеделділік секілді мақсатты көрсеткіштерінде түбегейлі жақсартуларға қол жеткізу үшін оларды қайта қайта ойластыру және қайта жобалау (басқару құрылымы өзгергенге дейін).


Жүйенің ERP стандартына сәйкестігін тексеру бірнеше кезеңдерді қамтиды. Тестілеу кезінде өндірістің жедел жоспарлау үлгілері мен қызметкерлерді басқару үлгілері арасындағы байланысты тексерген жөн. Мысалы, қандай да бір қызметкер ауырып қалған жағдайда, ауысымды тапсырмаларды автоматты немесе жартылай автоматты түзету қамтамасыз етілуі қажет.
Жүйе кәсіпорын бюджетімен ресурстардың барлық шығын түрлерін байланыстыру қажет. Бұл, төлемдерді нақты жүзеге асыру кезінде емес, мән-жайлардың пайда болуы сатысында жүйеде жүргізіледі. Жүйе сатып алу жоспарының бюджетпен кіріктірілген механизмінінен тұруы қажет. Тестілеу мән-жайлардың пайда болуының әртүрлі сатыларында (шарттар баптарына міндеттемелер, тапсырыстар мен қойылған шот-фактуралар), сонымен бірге сәйкес кезеңде жеткілікті қаражаттың болмаған кезде жеткізушімен тапсырыстарды және жабдықтау жоспарын құру мүмкіндігіне тест жүргізуде бюджеттік баптардың жай-күйі туралы ақпарат алудан тұрады. Жүйе, жекелеген өнім түрлерін өндіруге кеткен нақты шығындар мен баптар бөлігінде бөлімшелер құрамындағы шығындар туралы, жұмыс тәртібі, ауытқулар факторы және жаапкершілік орталығы, яғни кәсіпорынның құрылымдық бірліктері, белгілі кірістер мен шығындар үшін жауаптылар туралы ақпараттарды ұсынуы қажет. Жүйедегі тест ретінде мынадай сауал ұсынылуы мүмкін: «Нақты бөлімше бойынша нақты жауапкершілік орталығына жататын жоспарлық жүктеме деңгейінен өнімнің өзіндік құнының ауытқуына қандай мөлшерде әсер етті?»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет