Үлгі жүйелер пайдаланушыға пайдалану шешім баламаларын пысықтау және бағалауды жеңілдететін математикалық, статистикалық, қаржы және басқа үлгілерді ұсынады.
Пайдаланушы үлгіні зерттеу процесінде жүйе арқылы диалог жүргізу жолымен оған шешім қабылдау үшін жетіспейтін ақпаратты ала алады.
Үлгі ақпараттық жүйенің негізгі функциялары:
«....үшін қалай істеу керек?» және «егер ....., не болады?» түріндегі үлгілеудің негізгі міндеттерін шешуді қоса алғанда, үлгі
24
математикалық үлгілер ортасында жұмыс істеу мүмкіндігі;
Үлгілеу нәтижелерін жеткілікті жылдам және адекватты түсіндіру;
Үлгінің кіріс параметрлері мен шектеулерін жедел дайындау және түзету;
Үлгінің серпінің графикалық көрсету мүмкіндігі;
Үлгінің қалыптастыру және жұмысы қажетті қадамдарын пайдаланушыға түсіндіру мүмкіндігі.
Сараптамалық жүйелер білімдерді өндеумен байланысты сараптамалық жүйелерді құру есебінен пайдаланушымен ықтимал баламаларды пысықтау мен бағалауын қамтамасыз етеді.
Пайдаланушымен қабылданатын шешімдерді сараптамалық қолдау екі деңгейде жүзеге асырылады.
Бірінші деңгейде сараптамалық қолдау «үлгі басқарушы шешімдер» тұжырымдамасынан шығады, оған сәйкес басқару процесінде жиі туындайтын проблемалық жағдаяттарды біршама біртекті басқару шешімдерінің сыныбына, яғни баламалардың біршама үлгі жиынына келтіруге болады. Осы деңгейде сараптамалық қолдауды іске асыру үшін үлгі баламаларды сақтау және талдаудың ақпараттық қоры құрылады.
Егер пайда болған проблемалық жағдаят бар үлгі баламалар сыныбымен орайластырылмаса, басқарушы шешімдерді сараптамалық қолдаудың екінші деңгейі жұмысқа кіріседі. Бұл деңгей ақпараттық қорда бар деректер мен өзгерту ережелері негізінде баламаларды түрлендіреді.
Ақпараттық жүйелерді деректерді өндеу сипаты бойынша сыныптау бар (1.5 сур.).
Ақпараттық-іздеу жүйелері пайдаланушының сұрауы бойынша ақпаратты енгізуді, жүйелеуді, сақтауды, беруді деректерді күрделі өзгертусіз жүргізеді. Пайдаланушы жүйеге ақпараттық сұраумен – ақпараттық қажеттілікті көрсететін мәтінмен (мысалы, белгілі бір автордың кітаптары тізімін) жүгінеді.
А қпаратты іздеу жүйе әкімшілерімен немесе пайдаланушымен құрастырылатын (және қажет болған сайын
сур. Деректерді өндеу сипаты бойынша ақпараттық жүйелерді сыныптау
25
жаңартылатын) іздеу ауқымында жүргізіледі. Іздеу ауқымының элементтері ақпараттық- іздеуші жүйеге табиғи (немесе оған жақын) тілде енгізіліп, содан кейін индекстеуге ұшыратылады, яғни формальды ақпараттық-іздеу тіліне аударылады. Ақпараттық- іздеуші болып кітапханалық қызмет көрсету жүйелері, билеттерді резервтеу және сату, қонақүйлерде орындарды алдын – ала иелену жүйелері табылады.
Ақпараттық-шешуші жүйелер жоғарыда санамаланған операцияларда басқа, белгілі бір алгоритм бойынша ақпаратты өндеу операцияларын жүзеге асырады. Олар басқарушы және кеңесші болып бөлінеді.
Басқарушы жүйелерде қорытқы ақпарат адаммен қабылданатын шешімдерге тікелей ауыстырылады. Бұл жүйелер үшін есептік сипаттағы міндеттер және деректердің үлкен көлемін өндеу тән. Мысалы, өндірісті немесе тапсырыстарды жоспарлаудың ақпараттық жүйелері, бухгалтерлік есеп жүйелері және т.б.
Кеңесші жүйелер адаммен назарына алынып, басқарушы шешімдерді қалыптастыру кезінде ескерілетін және нақты іс- қимылдарға бастамашы болмайтын ақпаратты пысықтайды. Бұл жүйелер деректерді емес, білімдерді өндеудің зияткерлік процестерін ұқсатады. Кеңесші жүйелерге сараптамалық жүйелерді жатқызады.
суретте ақпараттық жүйелерді қолдану саласы бойынша саралау тәсілдерінің бірі берілген. Шынында, ақпараттық жүйелерді қолдану салалары алуан түрлі, сондықтан оларды қолдану саласы бойынша әртүрлі тәсілдермен саралауға болады. Біз ең таралған сыныптамасын қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |