3.3.2. Өмірлік циклдің шиыршықты үлгісі
ӨЦ шиыршықты үлгісі сарқырама үлгінің санамаланған мәселелерін жеңу үшін ұсынылған болатын. Талдау және жобалау кезеңдерінде техникалық шешімдердің іске асырылуы және тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі түптұлғаларды құру жолымен тексеріледі. Шиыршықтың әр орамы жүйенің жұмысқа қабілетті фрагментін немесе нұсқасын жасауға сәйкес келеді. Бұл жобаның талаптарын, мақсаттары мен сипаттамаларын нақтылауға, әзірлеудің сапасын анықтауға, шиыршықтың келесі орамының жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді.
82
Осылайша, жобаның бөлшектері толықтырылады және жүйелі нақтыланады, нәтижесінде тапсырыс берушінің шын талаптарына жауап беретін негізгі нұсқа таңдалып, соңына дейін жеткізіледі.
Шиыршықты үлгі (3.3.сур.) сарқырама үлгіге қарағанда ақпараттық жүйені әзірлеудің итеративті процесін ұсынады. Бұл ретте өмірлік циклдің талдау және жобалау сияқты бастапқы кезеңдерінің мәні артады. Осы кезеңдерде түптұлғаларды жасау жолымен техникалық шешімдердің іске асырылғыштығы тексеріліп негізделеді. Әр итерация аяқталған жүйе болу үшін итерациядан итерацияға дейін жетілдірілетін бұйымның (немесе шеткі өнім жиынтығының) ішкі немесе сыртқы нұсқасын шығаруға әкелетін әзірлеудің аяқталған циклі болып табылады. Шиыршықтың әр орамында жобаның мақсаты мен сипаттамалары нақтыланады, оның сапасы анықталады, келесі орамдағы жұмыстар жоспарланады. Әр итерацияда жобаның бөлшектері толықтырылып, жүйелі нақтыланады, нәтижесінде ақырғы жүзеге асырылатын негізді нұсқа таңдалады.
Шиыршықты үлгіні пайдалану ағымдағы кезең аяқталмай, жобаны орындаудың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді – аяқталмаған жұмысты келесі итерацияда орындауға болады. Әр итерацияның басты міндеті – жүйенің пайдаланушыларына көрсетуге болатын жұмысқа қабілетті өнімді тезірек құру. Осылайша жобаға нақтылау мен толықтыру енгізу процесі айтарлықтай жеңілдетіледі.
Шиыршықты үлгінің жақсы жақтары. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің шиыршықты тәсілдемесі
сур. АЖ өмірлік циклінің шиыршықты үлгісі
83
сарқырама үлгінің көптеген кемшілігін жеңуге мүмкіндік беріп, сонымен қатар, әзірлеу процесін анағұрлым икемді етіп, қосымша мүмкіндіктердің қатарын қамтамасыз етеді. Итеративті тәсілдеменің жақсы жақтарын қарастырайық.
Итеративті әзірлеу тапсырыс берушінің талаптары өзгерген кезде жобаға өзгерістерді енгізуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Шиыршықты үлгіні пайдаланған кезде ақпараттық жүйенің жекелеген элементтері біртұтасқа бірте-бірте біріктіріледі. Итеративті тәсілдемеде біріктіру үзіліссіз жүргізіледі. Біріктіру элементтердің аз санынан басталатындықтан, оны өткізуде мәселелер аз туындайды (кейбір бағалау бойынша, әзірлеудің сарқырама үлгісін пайдаланған кезде біріктіру жобаның аяғындағы барлық шығындардың 40 % алады).
Тәуекел деңгейін азайту. Осы басымдық алдыңғының салдары болып табылады, өйткені тәуекелдер біріктіру уақытында анықталады. Сондықтан тәуекел деңгейі жобаны әзірлеудің басында жоғары болады. Әзірлеу алға басқан сайын, тәуекелдің күтілетін деңгейі төмендейді. Бұл пайымдау әзірлеудің кез келген үлгісіне қатысты, бірақы шиыршықты үлгіні пайдаланған кезде тәуекелдер деңгейін төмендету ең үлкен жылдамдықпен жүреді. Бұл итеративті тәсілдемеде біріктіру бірінші итерацияда орындалатындығымен және бастапқы итерацияларда жобаның пайдаланылатын аспаптық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің жарамдылығы, әзірлеушілердің біліктілігі және т.с.с сияқты көптеген аспектілері анықталуымен байланысты. 3.4. суретте сарқырама және итеративті тәсілдеме үшін тәуелділік деңгейлерінің әзірлеу уақытына тәуелділігі кестелері берілген.
Итеративті әзірлеу әзірленетін бұйымға тактикалық
өзгерістерді енгізу мүмкіндігін бере отырып, жобаны басқаруда үлкен икемділікті қамтамасыз етеді. Мысалы, жүйенің функционалдылығын төмендету есебінен әзірлеу мерзімін қысқартуға болады немесе жүйенің құрама бөлігі ретінде өзінің әзірленімдерінің орнына шеттегі фирмалардың өнімін пайдалануға болады.
Сур. Тәуекелдердің даму уақытына тәуелділігі
Бұл бәсекелестермен ұсынылатын бұйымның алға жылжуына қарсы тұру қажет болған кезде, бәсекелес күрес жағдайларында өте өзекті
84
болуы мүмкін.
Итеративті тәсілдеме құрамдастарды қайтадан пайдалануды жеңілдетеді (бағдарламалауға құрамдасты тәсілдемені жүзеге асырады). Бұл жобаның басында айқындауға тырысуға қарағанда, жобаның ортақ бөліктері олар ішінара әзірленген кезде айқындау айтарлықтай жеңіл болуымен түсіндіріледі. Бірнеше бастапқы итерацияларды өткізгеннен кейін жобаны талдау келесі итерацияларда жетілдірілетін бірнеше рет пайдаланылатын ортақ құрамдастарын айқындауға мүмкіндік береді.
Шиыршықты үлгі анағұрлым сенімді және тұрақты жүйеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе дамыған сайын, қателер мен әлсіз жерлері әр итерацияда анықталып түзетілуімен байланысты. Бірмезгілде тиімділіктің сыни параметрлері түзетіле алады, ал сарқырама үлгісі кезінде бұл тек жүйені енгізудің алдында ғана іске асырылады.
Итеративті тәсілдеме әзірлеу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді – әр итерацияның аяғында жүргізілетін талдау әзірлеуді ұйымдастыруда ненің өзгертілуі тиістігіне баға беруге және оны келесі итерацияда жақсартуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |