Құрылымдалмаған (қалыптаспаған) міндет — элементтерін
атап көрсету және олар арасындағы байланысты орнату мүмкін емес міндет.
АЖ қамтамасыз ету бөлігі — негізінде атқарымдық қосалқы жүйелердің міндеттері шешілетін (қолдану арқылы) құралдар жиынтығы.
Сәйкестікті растау — нәтижесі құжатты куәлік (сәйкестік туралы
декларация немесе сәйкестік сертификаты) болып саналатын рәсім, және өндіріс өнімдері, үдерістері және жұмыстар емесе қызметтерді пайдалану және кәдеге жарату белгіленген техникалық реттемеге немесе азаматтық- құқықтық шарт талаптарына сәйкес келеді.
Іздеу — кейбір жағдайлармен қанағаттандырылатын, сол нысандардан
тұратын, кейбір көп нысандардан қосалқы көп нысандарды бөлу рәсімі.
Қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП) — өзара сәйкес келетін
және пәндік пакеттер саласы деп аталатын кейбір білім салалардың міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері — кәсіпорынмен өз
құралдарын қолдану тиімділігін талдау үшін арналған көрсеткіштер жиыны, оған қоса әртүрлі құралдар мен міндеттер түрінің қайтарымдылығы және т.б.
Өтімділік (ағымдағы) көрсеткіші — жұмыс капиталы және
компанияның қысқа мерзімді міндеттемелер иелерінің наразылығын қанағаттандыру қабілетін көрсететін басқа да көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері — компанияның табыстылығы мен
әртүрлі ресурстарды тиімді қолдануды көрсететін көрсеткіштер (коэффициенттер) жиыны.
Тұрақтылық көрсеткіші — компанияның қаржылық тәуелсіздігі
мен төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы, қаржыландыру көздері арасындағы әртүрлі ара қатынастар кіреді (қаржылық тәуелсіздік коэффициенті, пайыздарды жабу коэффициенті және т.б.).
200
Инвестициялардың тиімділік көрсеткіші (дисконтталған Cash- Flow-өлшемдер) — таза келген пайда, жобаны сатып алу кезеңі, табыстылықтың ішкі мөлшері және жобаны кешенді талдау үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер.
Достарыңызбен бөлісу: |