Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет26/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   158
операциялық жуйелер

31
 
мультимедиалық атқарымдардың кең қолдауына, жүйені қайта 
қалпына келтіру қызметіне, көне бағдарламалар мен ойындармен 
жақсартылған үйлесімділікке ие болды.
2006 ж. Windows Vista операциялық жүйесі жарыққа шықты. Бұл 
жүйе DirectX негізінде жаңа пайдаланушы интерфейсін Windows Aero 
қолдады, User Control (UAC) жүйесі пайда болды. Іс-әрекеттерді 
бақылау Data Execution Prevention және Address Space Layout 
Randomization (ASLR) және т.б. эксплойттарын қолданудың алдын алу 
технологиясы қолданылды.
Көптеген жаңадан енгізілулерге қарамастан бұл нұсқа кең талқыға 
түсті және әлем бойынша кең қолданысқа ие болған жоқ. Осы нұсқаны 
алмастыру ретінде 2009 жылы Windows 7 операциялық жүйесі шықты. 
Бұл жүйе жаңа DirectX 11-нұсқаға ие болды, ескі қосымшалармен 
үйлесімділігі артты (Windows Vista салыстырғанда), жүйенің 
пайдаланушылық интерфейсі өзгеріске ұшырады және т.б.
2012 ж. Microsoft фирмасы Windows 8 операциялық жүйесін 
шығаруға дайындады. Бұл жүйе құрамындағы ерекшеліктер дауысты 
тану 
механизмдерінде 
қосымша 
жақсартулар 
бар, 
зиянды 
бағдарламалардың енуінен қорғайтын жақсартылған жүйе, интерфейсі 
өзгерген, Windows Phone 7 мобильдік нұсқасының интерфейсіне 
ұқсайды, және т.б. 
Операциялық жүйелердің пайдаланушыларға арналған нұсқасынан 
бөлек Windows топтары серверлерге, деректерді өңдеудің үлкен 
орталықтарына арналған арнайы нұсқалары бар. Пайдаланушыларға 
арналған әр жаңа Windows нұсқасы шыққанда, әсіресе Windows NT 
ядросы негізінде, операциялық жүйенің серверлік нұсқасы қатар 
шығады (іс жүзінде сол ядрода). Осылайша келесідей серверлік 
нұсқалар шықты, Windows Server 2003, Windows Server 2008, Windows 
Small Business 2008, Windows Server 2008 R2, Windows Server 8.
«БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ» МІНДЕТІНІҢ ҚОЙЫЛУЫ 
Материалды түсіндіруді түсінікті ету мақсатында оқулықта 
келтірілген мысалдардың басым бөлігі қосымшаны біртіндеп жасап 
шығаруға арналады. Ол қосымша студенттерге бақылау жұмысын 
тарату және орындалған жұмысты оқытушыға қайтадан жинап беруді 
автоматтандырады. Қосымшаның шартты атауы — «Білімді тексеру».  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет