Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет3/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
АҚПАРАТТЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕРДІ 
ӘЗІРЛЕГЕН 
КЕЗДЕГІ 
ЖҮЙЕЛІК 
ТӘСІЛДЕМЕ
1.1. 
Жалпы ережелер 
Қоршаған ортадан оқшауланған жəне онымен қандай да бір 
бүтіндік ретінде өзара əрекеттесетін қандай да бір элементтер 
жиынтығы жүйе деп аталады. Жүйенің маңызды ерекшелігі оның 
функциясын жекелеген элементтермен орындаудың мүмкін еместігі. 
Осы ерекшелік эмердженттілік деп аталатын болды.Жүйе 
неғұрлым күрделі болса, оны құрайтын элементтер мен оның 
арасындағы айырмашылық соғұрлым көп болады.
Жүйе қоршаған ортамен өзара əрекеттеседі. Бұл ретте жалпы 
мынадай алмасу нысандары белгіленеді: энергиямен алмасу, затпен 
алмасу, ақпаратпен алмасу. 
Жүйелер екі үлкен санатқа бөлінеді: табиғи жəне жасанды. 
Жасанды жүйелерді адам өз қызметі үдерісінде жасайды. Жасанды 
жүйелер құрамына жүйенің үш негізгі санаты кіреді: техникалық, 
автоматтандырылған жəне ұйымдастырушылық. Адаммен құрылған 
жүйелер белгілі бір мақсатты қанағаттандыру үшін пайда болады.
Бұл ретте себеп-салдарлық тізбек туралы айтуға болады: қажеттілік 
— мақсат— жүйенің жұмысы—нəтиже. Осы реттілікте қажеттілік 
адамды сыртқы ортамен, соның ішінде əлеуметтік ортамен 
объектівиті байланыстыратын нəрсе, оның тіршілік əрекеті мен 
өмірін қамтамасыз етудің қандай да бір шарты ретінде белгіленеді. 
Өз кезегінде мақсат — тəжірибе нəтижелері бойынша 
бағаланған, қолда бар нақты мүмкіндіктер жағдайында бастапқы 
қажеттілікті қанағаттандыра алатын келешек нəтиженің қандай да 
бір моделі туралы жиынтық ұғым. 
Нəтижені алу үшін жүйенің белгілі бір жұмыс істеу əдісі қажет, 
яғни жүйені басқару қажеттілігі туындайды.
Жүйені басқару жалпы түрінде үш əдіспен іске асырылуы 
мүмкін:
1)
басқаруды
шығыс 
сигналдарды 
ескере 
отырып, 
қалыптастыру; 
2)
басқаруды шығыс сигналдардың өзгеруін жəне жүйенің
құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып қалыптастыру; 



3)
басқаруды шығыс сигналдардың, құрылымның өзгеруінескере
отырып жəне сыртқы ортаның əсерін ескере отырып қалыптастыру. 
Соңғы екі басқару əдісін басқарудың бейімделме типіне 
жатқызуға болады
Кез келген типтегі басқару жүйелерінде мынадай құрамдас 
элементтерді белгілейді: X кіріс сигналдар жиыны, Y шығыс 
сигналдар жиыны жəне V ауытқулар жүйесіне əсер ету арналары
(1.1 сур.). Нысандандырылған түрде осы жиындарды былай 
көрсетуге болады:
 X = {
 }; 

={
 }; 

= {
,… 
}. 
Жүйедегі сыртқы ауытқулар кедергілер «шуы» болып табылады. 1.1 
суретінде ашық басқару контуры бар жүйе көрсетілген. Жүйенің дұрыс 
жұмыс істеуін бақылау жəне оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 
тұйық басқару контуры пайдаланылады (1.2 сур.). Осындай жүйелер 
кері байланыс жүйелері деп аталады. Жүйелердің көбінде теріс кері 
байланыс қағидаты іске асырылады. X жалпылаған кіріс пен
жалпылаған шығыс арасындағы айырмасы жүйенің келісілмеуі деп 
аталады. Келісілмеудің болмауы жүйе өз функцияларын дəл 
орындайтыны білдіреді.
Элемент жəне құрылым ұғымы маңызды жүйелік ұғым болып 
табылады. мынадай анықтамаларды енгіземіз. 
Жүйенің элементі деп оның бөлінбейтін бөлігі аталады. 
Белгілі бір əдіспен біріктірілген жүйе элементтерінің жиынтығы 
жүйенің құрылымы деп аталады. Жүйенің құрылымын жалпы түрде 
мынадай формула арқылы сипатауға болады
S={
 } 
онда iжəне у 1 мен nаралығында өзгереді; n— жүйедегі байланыстар 
саны. 
Жүйе элементтерінің жиынтығы уақыт шамасында өзгеріп тұратын 
белгілі бір күйлер өлшемдерінің жинағымен сипатталады: 
Z ={
}, 



онда Z— жүйенің күйлері жиыны; z
4
— жүй өлшемінің мағынасы. 
Егер жүйені басқару үдерісінде күй өлшемдері қандай да бір 
тұрақты мағыналарға ие болуы тиіс болса, онда жүйенің осындай 
күйі гомеостазис деп аталады.
Құрылымы тұрғысынан қарапайым, күрделі жəне үлкен жүйелер 
белгіленеді. Қарапайым жүйелер белгілі бір элементтер жинағынан 
тұрады. Күрделі жүйелер жекелеген қосалқы жүйелерді қамтиды, ал 
үлкен жүйелер бір бірімен өзара əрекеттесетін кеңістікте 
үлестірілген күрделі жүйелердің жиынтығы болып табылады. 
Техникалық басқару жүйелері — бұл элементтер ретінде 
техникалық құрылғыларды қамтитын жəне біршама уақыт аралығы 
ішінде адамның қатысуынсыз жұмыс істей алатын жүйелер. 
Осындай басқару жүйелерінің мынадай ерекшеліктері бар: 

анық белгіленген жалғыз басқару мақсаты;

басқару контурында адамның болмауы;

бастапқы деректердің жеткілікті жоғары анықтығы жəне
жұмыс істеу үдерісін нысандандыру мүмкіндігі.
Техникалық жүйелерде басқару объектісін жəне басқарушы 
жүйені оңай айырып алуға болады. 
Автоматтандырылған басқару жүйелерібұл элементтер 
ретінде техникалық жүйелерді де, сондай-ақ осы жүйелермен өзара 
əрекеттесетін персоналды да қамтитын жүйелер. 
Ұйымдық жүйелер қоғамды пайда болады. Осындай жүйе 
ретінде белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметі саналы түрде 
үйлестірілетін адамдар ұжымы танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет