73
VBP —
жобаның басты файлы, оны əзірлеу ортасына жүктеу үшін
пайдаланылады.
FRM — оларда жоба нысандарының сипаттамалары жəне
оқиғалық
рəсімдердің кодтары
сақталатын файлдар;
BAS — бағдарламалық кодтың модульдерін сақтайтын файлдар.
Модульдер барлық жоба үшін жаһандық рəсімдерді, айнымалы шамаларды
жəне константаларды сақтау үшін қолданылады ;
CLS — жобада пайдаланылатын сыныптардың кодтарын қамтитын
файлдар.
Бағдарламаның интерфейсін əзірлегеннен кейін құрылатын жүйенің
интерфейсі аймағында болған оқиғаларды бағдарламалау орындалады.
Оқиға — бұл бағдарламамен өзара əрекеттесу үдерісінде пайдаланушымен
орындалған əрекет. Оқиғаларды бағдарламалау оқиғалық рəсімдер
механизмі арқылы жүзеге асырылады. Жалпы осындай рəсімнің
құрылымы мынадай:
d Sub name_Event(p)
'Операторлар
End Sub
Мұнда name — интерфейс элементінің сəйкестендіргіші; d — рəсімге
қолжетімділікті сипатағыш. Болжамды мағыналары: private —
жергілікті
қолжетімділік, public — жаһандық қолжетімділік; Event —
оқиғаның
атауы; р — рəсімнің нысандық өлшемдерінің тізімі, болмауы мүмкін.
VB оқиғалар белгілі бір түрде сыныпталған жəне олардың жүйелік
атаулары бар. Мысалы: Click — тінтуірді шерту, KeyPress — пернені басу
жəне т.б.
Қажет болған жағдайда əзірлеуші бағдарламаның жұмыс алгоритміне
сүйене отырып, жобада бағдарламалық кодтың модльдерін жəне
сыныптарды құрады.
Оқиғаларды, модульдерді жəне сыныптарды
бағдарламалау барысында
VB əзірлеушіге бағдарламалық кодтың арнайы редаткорын ұсынады.
Редактор оқиғалық рəсімнің «қаңқасын» автоматты түрде қалыптастырып,
бағдарламалық кодты жазу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламалық кодты енгізген кезде Enter пернесін басқаннан кейін
енгізілген оператордың синтаксисі тексеріледі, егер оператор дұрыс болса,
жол пішімделінеді. Қате болған
жағдайда, қатенің сипаттамасы
көрсетілген
терезе шығады, бұл ретте,
егер осы терезе арқылы
анықтамалық жүйеге жүгінсе, қатенің сипаты туралы қосымша ақпаратты
алуға болады. 2.9-суретте Click пəрменді батырмасы үшін оқиғалық
рəсімді жазу үдерісі көрсетілген.
Бағдарламаны əзірлеу үдерісінде əзірлеуші бағдарламалау жүйесінің
ретке келтіру құралдарын пайдалана алады: