14
декомпозициясын жүргізу қажет.
Зерттеуші екі талдау бағытының біреуін жүзеге асыра алады:
жүйені ықтимал жаңғырту жолдарының қажеттілігін бағалау үшін
жүйенің жай-күйін анықтау; оңтайлы нұсқасын таңдау үшін жаңа
құрылған жүйенің нұсқаларын зерттеу.
Жүйені талдау үдерісі мынадай əрекеттермен толықтырылуы
мүмкін:
•
қосалқы жүйелерді жəне жүйенің жұмыс істеу үдерісіне оң
немесе теріс əсер ететін қоршаған орта жағынан кедергілерді бөліп
шығару;
•
жүйенің жұмысын бағалаудың негізгі жəне екінші дəрежедегі
критерийлерін белгілеу;
•
жүйе жұмысының кейбір жалпы алгоритмдерін белгілеу
талпыныстары.
Саладағы ААЖ құрылымын əзірлеген кезде:
•
жүйе тораптары жиынын жəне олардың арасындағы
байланыстарды анықтау;
•
автоматтандырылған
жүйенің
техникалық
құралдары
көмегімен орындалатын
міндеттерді сыныптау;
•
міндеттерді қосалқы жүйелер бойынша үлестіру;
•
жүйенің
тиімді
жұмыс
істеуін
қамтамасыз
ететін
бағдарламалық жəне аппараттық құралдарды таңдау қажет.
ААЖ құрған кезде технологиялық үдерістерді басқару үдерісін
қолдау үшін:
•
технологиялық үдерістерді өндірістік қосалқы жүйелер
бойынша үлестіру схемасын əзірлеу;
•
басқару функцияларын белгілеу жəне өндірістік қосалқы
жүйелер бойынша сыныптау;
•
жүйенің функцияларын іске асыру үшін алгоритмді əзірлеу
немесе таңдап алу қажет.
Ұйымдық жүйенің құрылымы адамдар немесе ұйымдық жүйені
құратын құрылымдық бөлімшелері арасында жүйе алдында
қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған міндеттерді жəне
өкілеттктерді үлестіру нысаны ретінде түсініледі.
Жүйе құрылымының негізгі сипаттамаларын
екі топқа бөлуге
болады. Бірінші топқа жүйелердің иерархиялығымен байланысты
сипаттамалар кіреді: қарастырылатын жүйенің қосалқы жүйелері
саны, деңгейлер (қосалқы жүйелер) арасындағы өзара байланыстар
сипаты, басқарудағы орталықтандыру жəне орталықсыздандыру
дəрежесі. Екінші топқа жүйе немесе өзге құрылым жұмысының
тиімділігі жатады. Бұл ретте тиімділік –бұл жүйенің жұмыс істеуіне
жұмсалатын
шығындар, оның сенімділігі, сыртқы кедергілерге
төзімділігі. Ақпараттық жүйелер жұмысының тиімділігінің
15
сипаттамалары байланыс арналарының тезəрекеттігі жəне өткізу
қабілеттігі болып табылады.
Ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаты түпкі
пайдаланушыға
ақпаратты беруде тұрады. Ақпараттық-іздестіру жүйелерінде бұл
мақсатта арнайы сұрау салу тілі қолданылады. Сондықтан осындай
жүйелердің жұмысын талдаған кезде екі талдау түрі ерекше мəнге ие
болады: функционалдық жəне ақпараттық.
Ф у н к ц и о н а л д ы қ т а л д а у оның жұмысының тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мынадай көрсеткіштер негізгі
маңызға ие болады:
•
жүйеге түпкі пайдаланушыға ақпараттық ресурсты беру үшін
қажетті уақыт;
•
алынған нəтижелердің пайдаланушының сұрау салуына сəйкестігі
дəрежесі;
•
оларды пайдалану пайдаланушының сұрай салуын өңдеу үшін
қажетті есептеуіш ресурстар;
•
өткізу қабілеттілігі, яғни жүйе уақыт
шамасы ішінде өңдейтін
құжаттар жəне ақпараттық сұрау салулар саны.
Жүйенің ӛнімділігі пайдаланушылар санын жəне олар тарапынан
жүйеге жүгіну жиілігін сипаттайды.
Сенімділік — бұл жүйенің берілген жағдайларда талап етілетін
уақыт ішінде өз функцияларын орындау ықтималдығы.
Сондай-ақ, жүйе қызмет көрсететін ақпараттық сұрай салулардың
типтерін есепке алу қажет.
Алынған ақпараттың сапасын бағалау əдістемелерінің бірі [1]
пайдаланушыға құжаттарды беру үдерісін сипаттайтын жалпыланған
көрсеткіштер жинағына негізделген. Осындай тəсілдеме
кезінде
мынадай құжаттар ауқымы белгіленеді (1.1 кесте):
•
A— берілген релеванттық құжаттар ауқымы;
•
В — берілген релеванттық емес құжаттар ауқымы;
•
С — берілмеген релеванттық құжаттар ауқымы;
•
D— берілмеген релеванттық емес құжаттар ауқымы.
Достарыңызбен бөлісу: