Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


екіншіден, зарядталған еркін бөлшектерді бағыттап қозғайтын  электр өрісі



Pdf көрінісі
бет103/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   204
8сынып физика (2)

екіншіден, зарядталған еркін бөлшектерді бағыттап қозғайтын 
электр өрісі (потенциалдар айырымы) қажет.
Электр тогы үзбей жүріп тұруы үшін негізгі екі шарттан басқа тағы 
да қосалқы екі шартты орындау қажет. Олардың біріншісін 
ток көзі 
деп, ал екіншісін 
тұйықталған электр тізбегі деп атайды. Енді осы 
ұғымдардың физикалық мағыналарын ашайық.
4. Электр тогы ұзақ жүріп тұруы үшін өткізгіштердің ұштарындағы 
потенциалдар айырымын нөлге жеткізбейтін (
U = j
1
 – j
2
  0) жағдай жа-
сау керек. Мұндай жағдайда өткізгіштердің ішінде зарядтарды бағыттап 
қозғайтын электр өрісі пайда болады (
Е = U/d  0). Міне, осы жұмысты 
ток көзі атқарады.
Ток көзі деп өткізгіштердің ұштарындағы потенциалдар айы-
рымын нөлге теңестірмей, оң және теріс зарядтарды бөлектеп 
тұратын арнайы қондырғыны айтады.
Ток көзі болатын ондай қарапайым қондырғыларға мысал ретінде 
мектеп зертханасындағы электрофор машинасын және аккумуляторлар 
мен әртүрлі электр батареяларын атауға болады (сурет 5.2 және 5.3). 
Электрофор машинасында әраттас зарядтарды бір-бірінен бөлектеу 
үшін оның табақшаларын айналдырып, жұмыс істеу керек. Электр энер-
гиясын өндіретін ірі су электр стансыларында турбиналар мен роторлар-
ды айналдыратын мұндай жұмыстарды құлап аққан су, ал жылу электр 
стансыларында үлкен қысымда шығатын бу атқарады.
Аккумуляторлар мен батареяларда оң және теріс зарядтарды бөлу үшін 
электролиттегі (сурет 5.3, 
а) заттардың химиялық реакцияларында бо-
сайтын ішкі энергиясы жұмыс жасайды. Аккумулятордың полюстерінде 
бөлінген әраттас зарядтар жинақталады; сөйтіп, электродтардың ара-
сында кернеулігі 
Е болатын электр өрісі пайда болады. Ендеше, ток 
Сурет 5.2: а) ток көздері; ә) электрофор машинасы
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


116
көздерінде электрлік емес энергиялар электр энергиясына түрленеді. 
Мысалы: электрофор машинасында қол күшінің механикалық энер-
гиясы электр энергиясына айналады; ал батарейкалар мен аккумуля-
торларда химиялық реакцияларға қатысатын заттардың ішкі энергия- 
лары, күн электр батареяларында Күн сәулесінің энергиясы электр энер-
гиясына түрленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет