118
3. Ток көзі деп нені айтамыз? Ток көзінің басты қызметіне не жатады?
Бөгде күштер дегеніміз қандай күштер? Мысалдар келтіріңдер.
4. Тұйық электр тізбегі дегеніміз не және оның қандай қажеттігі бар?
Тізбекке қосылған ток көзі, тұтынушы шам, ажыратқыш кілт қандай
шартты белгілермен белгіленеді? Сызбасын салып түсіндіріңдер.
5. Тұйық электр тізбегі қандай бөліктерден тұрады және оларда қандай
құбылыстар орын алады?
1.
Техникалық майларынан тазартылған үлкен
темір шеге мен жуан мыс сымның кесіндісін
лимонға енгізіп (сурет 5.5), сырты оқшаулағыш
диэлектрикпен қапталған өткізгіш сымдармен
гальванометрге қосыңдар.
2.
Жұмыс дәптерлеріңе
гальванометрдің белгілі
бір уақыт аралықтарындағы көрсетулерін жа-
зып отырыңдар.
3.
Орын алған құбылысқа теориялық талдаулар
жасап, қысқаша реферат жазыңдар.
Сурет 5.5
Эксперименттік тапсырма және теориялық талдау
Сурет 5.6.
Тұрақты ток көзінде кедергілері әртүрлі электр шамы әртүрлі
жанады
а)
ә)
§23.
ТОК КҮШІ. ӨТКІЗГІШТІҢ
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КЕДЕРГІСІ. ЭЛЕКТР КЕРНЕУІ
1. Электр тізбегіне екі түрлі электр шамын кезегімен ток көзіне
қосатын болсақ, онда олардың біркелкі жанбағанын көреміз:
біреуі
жарқырап жанса (сурет 5.6,
а), екіншісі сығырайып (сурет 5.6,
ә) көмескі
жанады. Мұндай көрініс бірінші шамнан өтетін электр зарядының
мөлшеріне қарағанда екінші шамнан өтетін заряд шамасының кем екенін
білдіреді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
119
Бұл құбылысты диаметрлері екі түрлі құбырмен аққан суға ұқсатуға
болады: диаметрі үлкен құбырмен
судың көп мөлшері ағады, диаметрі
кіші құбырдан су аз ағады. Өйткені әртүрлі
құбырлар ағатын суға
әртүрлі «
механикалық кедергі» жасайды. Электр тізбегінен ток өткенде
де осыған ұқсас құбылыс орын алады: тізбектегі жарқырап жанған шам-
нан өтетін
электр зарядының мөлшері көп, ал көмескі жанған шамнан
аз заряд өтеді. Өйткені тізбекке жалғанған әртүрлі шамдар зарядтардың
қозғалысына әртүрлі «
электрлік кедергі» жасайды.
Сонымен, тізбектегі электр тогын және оған бөгет болатын өткізгіштің
кедергісін сандық тұрғыдан сипаттау үшін
ток күші және
өткізгіштің
электр кедергісі деген физикалық ұғымдар енгізіледі.
Оларды ретіне
қарай
Достарыңызбен бөлісу: