Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет107/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204
8сынып физика (2)

және R әріптерімен белгілейді.
Ток күші
деп бірлік уақытта өткізгіштің көлденең қимасынан 
өтетін зарядтың мөлшерін айтады:
I = 
q
t . 
Бұл формуладан ток күшінің заряд шамасына тура пропорционал 
өзгеретінін көреміз. Шынында да, 1-шамнан өткен зарядтардың мөлшері 
көп, сондықтан одан өтетін ток күші де үлкен (шам жарқырап жанады, 
сурет 5.6, 
а). Ал 2-шамнан өткен зарядтардың мөлшері аз, сондықтан 
одан өтетін ток күші де аз (шам сығырайып жанады, сурет 5.6, 
ә). 
Уақыт өткен сайын токтың күші өзгермесе, ондай ток тұрақты 
ток деп аталады.
2. Халықаралық бірліктер жүйесінде токтың күші негізгі 7 бірліктің 
бірі болып табылады. Ток күші 
ампермен (А) өлшенеді: 
1 А = 
1 Кл
1 с
.
Бір ампер деп 1 секундта өткізгіштің көлденең қимасынан өткен 
1 кулон зарядты айтады.
Токтың күшін 
амперметр деп аталатын аспаппен өлшейді (сурет 
5.7). Үлкен токтарды 
килоамперметрмен (1 кА 10

А), кіші токтар-
ды 
милли немесе микроамперметрмен (1 мА 10
–3 
А; 1 мкА 
10
–6 
А) 
өлшейді.
Электр кедергісі мен амперметрдің сызбалардағы 
шартты белгілері 
тізбекте (сурет 5.7, 
ә) көрсетілген.
Тізбектегі токты амперметрмен өлшеу үшін қауіпсіздік техника- 
сын қатаң сақтау керек. Зертханалық жұмыстарды жасағанда ампер- 
метрді тікелей ток көзіне қосуға болмайды. Амперметрді жалғағанда 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


120
тізбекте жеткілікті 
R кедергісі бар жүктемелердің (электр тұтынушы 
құралдардың) қосылғанына және амперметрдің полюстері ток көзінің 
сәйкес полюстеріне бағытталғанына көз жеткізу керек. Сонымен қатар 
амперметрдің қажетті түрін таңдап, әрі оны ток күші өлшенетін тізбектің 
бөлігіне тек 
тізбектеп қосу қажет (сурет 5.7, ә).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет