электрондар болып табылады. Металдардың электрондық жылу-
өткізгіштігі атомдық (иондық) жылуөткізгіштіктен әлдеқайда жоғары
болады.
5. Өткізгіштерден ток өткенде бөлінетін энергия (жылу) мөлшерін
бір-біріне тәуелсіз ағылшын ғалымы Дж. Джоуль және орыс физигі
Э. Ленц зерттеді. Олар өткізгіште бөлінетін жылудың мөлшерін жоғары-
да көрсетілген қондырғыны пайдаланып (сурет 5.21, б), тәжірибе жүзін-
де анықтады.
Тізбектегі резистордың кедергілерін
R
1
, R
2
, R
3
… R
n
шамаларына
өзгертіп, оларға сәйкес келетін
І
1
, І
2
, І
3
… І
n
ток күштерін амперметрмен
өлшеп отырды. Белгілі бір уақыт ішінде әр резисторда бөлініп шығатын
жылудың
Q
1
, Q
2
, Q
3
… Q
n
мөлшері
Q = сm(t
2
– t
1
) формуласы бойын-
ша калориметрлік тәсілмен анықталды. Формуладағы
t
1
қондырғыдағы
судың бастапқы температурасы,
t
2
белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі
температурасы.
Тәжірибе барысында анықталған
ток күштері мен кедергілердің
мәндерін резисторларда
бөлініп шыққан жылумен салыстыра отырып,
Джоуль мен Ленц мынадай тұжырым жасады:
Өткізгіштен ток өткенде одан бөлініп шығатын жылудың мөл-
шері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың
өткен уақытына тура пропорционал болады:
Q = І
2
Достарыңызбен бөлісу: |