167
сымдары оралады. Сымдардан тұрақты ток өткенде оның төңірегінде
туындайтын магнит өрісін болат пластина күшейте түседі. Сөйтіп,
статордың магнит өрісімен ротордың күшейтілген магнит өрістері
әсерлесіп, электрқозғалтқыштың айналдырушы моментін арттырады.
Жылу қозғалтқыштарына қарағанда электрқозғалтқыштарының
көптеген артықшылықтары бар:
біріншіден, олардың ПӘК-і 80%-ға
жетеді;
екіншіден, қолданыс аяларына
қарай көлемі кішкентай өте
нәзік қозғалтқыштар жасауға болады;
үшіншіден, электрқозғалт-
қыштары дыбыс шығармайды.
6. Тұрақты токтың электр өлшеуіш аспаптары жоғарыда қарас-
тырған тұрақты токтың электрқозғалтқышына
ұқсас жұмыс жасай-
ды. Олардың айырмашылықтары мынаған саяды:
электрқозғалтқы-
шының роторлары үздіксіз айналуға арналған және оған қосылған
сыртқы механизмдерді қозғалысқа келтіретін айналдырушы моментті
туғызатын күшті магнит өрістерімен қамтамасыз етеді. Ал
электр
өлшеуіш аспаптары үшін мұндай қатаң талаптар қажет емес, өйткені
оның айналдырушы күш моменті тек өз аспабының тілін шкала
аймағында ғана бұруға есептелген.
Электр өлшеуіш аспаптарының көптеген жүйелері мен түрлері
бар.
Біз олардың
магнитэлектрлік жүйе және
электрмагниттік
жүйе деп аталатын екі түрлі жүйелерін қарастырамыз. Бұл екі жүйеге
жататын аспаптарды бір-бірінен шкалаларына қарап ажыратуға бо-
лады. Магнитэлектрлік жүйеге жататын аспаптардың шкалаларының
бөліктері
біркелкі (сурет 6.14,
а), ал электрмагниттік аспаптарда (су-
рет 6.14,
ә)
әркелкі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: