Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


reflection Линзаның оптикалық күші Оптическая сила линзы



Pdf көрінісі
бет164/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   204
8сынып физика (2)

reflection
Линзаның оптикалық күші Оптическая сила линзы
Optical forсе of the lens
Линзаның формуласы
Формула линзы
The lens formula
 Бұл тарауда оқушылар терең игеруге міндетті алдыңғы бетте көрсетілген 
бағдарламалық оқу мақсаттарымен қатар, әр оқушының есінде ұзақ 
сақталуға тиісті мына негізгі физикалық ұғымдар қарастырылады: 
«жарықтың таралу, шағылу, сыну заңдары», «толық ішкі шағылу», «заттың 
сыну көрсеткіші», «линзаның фокустық қашықтығы және оптикалық күші». 
Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын
тілдеріндегі минимумы
§35.
 
ЖАРЫҚТЫҢ ТҮЗУСЫЗЫҚТЫ ТАРАЛУ ЗАҢЫ
1. Жарықтың түзусызықты таралу заңы – көне заманда ашылған 
табиғат заңдарының бірі. Бұл туралы біздің заманымыздан 300 жыл 
бұрын Мысырдың элладалық (грекиялық) Александрия қаласында 
туған «геометрияның атасы» аталған Евклид жазып қалдырды. Адамзат 
ұрпағының сан ғасырлық өмірлік тәжірибелерінің қорытындысы ретінде 
бұл заң былайша тұжырымдалады:
 
Мөлдір біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен тарайды.
Заңның дұрыстығын ашық күні шымқай қараңғы бөлмеге тар 
саңылаудан немесе кішкентай тесіктен түскен жарықтың түзу бойымен 
тарайтыны растайды (сурет 7.1, 
а). Заңның дұрыстығына ашық күнгі 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


177
Сурет 7.1: 
а) жарық сәулелеріә) жарық шоқтары 
а)
ә)
әртүрлі мөлдір емес денелердің (адамдардың, ағаштардың, ғимараттардың 
т.с.с.) көлеңкелері де мысал бола алады. Жарықтың түзу бойымен 
тарайтындығының нақты дәлелі – өткен ғасырдың екінші жартысын-
да ашылған ұлы жаңалықтардың бірі – 
кванттық генераторлардан 
шығатын 
лазер сәулелері болып табылады (сурет 7.1, ә). 
2. Жарық материяның заттық түріне жатпайды, өрістік түріне жата-
ды. Ол бос кеңістікте жан-жағына бірдей 3 · 10

м/с жылдамдықпен тарай-
тын электрмагниттік өріс түріндегі айрықша толқын болып табылады. 
Жарықтың табиғаты мен қасиеттері туралы жоғары сыныптарда кеңірек 
айтылатын болады. Біз бұл тақырыпта жарықтың түзу сызық бойы- 
мен таралу заңына негізделген практикалық маңызы бар ұғымдарға 
тоқталамыз. Бұл ұғымдарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет