Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет187/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204
8сынып физика (2)

1дптр = 
 
1
м
 = м
–1
.
Шашыратқыш линзаның фокус қашықтығы мен оптикалық күші 
теріс сандармен жазылады.
4. Линзалардың көмегімен жарықты жинап немесе шашыратып 
басқарумен қатар, нәрселердің әртүрлі кескіндерін де алуға болады. 
Нәрселердің кескіндерін линзаларда салу үшін оның әр нүктесінен 
шығатын көптеген сәулелердің ішінен үш сәулені таңдайды. Бұл 
сәулелерді қалай таңдайтынын жинағыш линза мысалында көрсетейік 
(сурет 7.24). Нәрсе (АВ) линзадан едәуір алыс (d > 2
F) орналассын. 
Нәрсенің А нүктесінің линзадағы кескінін салуға таңдап алынған 
сәулелерге мыналар жатады:
Сурет 7.24. Дөңес линзадағы кескін
Бірінші сәуле – бас оптикалық өске параллель АН сәуле. Бұл сәуле 
НН бас оптикалық жазықтықта сынады; сынған НА
1
сәуле линзаның 
F бас фокусы арқылы өтеді.
Екінші сәуле – линзаның О оптикалық центрі арқылы сынбай өтетін 
АО сәулесі. АО сәулесі НА

сәулесімен А

нүктесінде қиылысады. Екі 
сәуленің қиылысқан А

нүктесі нәрсенің А нүктесінің дөңес (жинағыш) 
линзадағы кескіні болып табылады.
Үшінші сәуле – линзаның 2-бас фокусы арқылы өтіп, НН бас 
оптикалық жазықтықта сынады да, бас оптикалық өске параллель та-
рап, А

нүктесінде алдыңғы екі сәулемен қиылысады. 
Міне, осы үш сәуленің екеуімен ғана нәрсенің бойындағы кез кел-
ген нүктенің линзадағы кескіні салынады. Дәл осындай әдіспен В 
нүктенің линзадағы В
1
кескінін де, онымен қоса тұтас нәрсенің А
1
В
1
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


203
кескінін де саламыз. Сонымен, нәрсе жинағыш линзадан едәуір алыста 
орналасса, оның линзадағы кескіні 
төңкерілген, кішірейтілген және 
шын кескін болып табылады.
5. Төменде екі сәулені ғана пайдаланып, әртүрлі қашықтықтағы 
нәрселердің жинағыш линзадағы кескіндерін қалай салуға болатынын 
көрсетеміз. 
Егер нәрсе линзадан едәуір алыс (d > 2
F) орналасса (сурет 7.25, а), 
онда екі ғана сәулені пайдаланып, жоғарыда көрсеткеніміздей (сурет 7.24), 
төңкерілген, кішірейген және шын кескін аламыз. (Сынған сәулелердің 
жолына қойылған жылжымалы экраннан бұл кескінді көре аламыз).
Егер нәрсе линзадан шексіз алыста орналасқан болса (сурет 7.25, 
ә), 
онда нәрсенің бойындағы кез келген нүктелерден тарайтын сәулелердің 
барлығы да бас өске іс жүзінде параллель болады да, линзаның бас 
жазықтығынан сынып, оның бас фокусында жинақталып тоғысады. 
Сөйтіп, линзадан шексіз алыста орналасқан нәрсенің кескіні
 шын, төң- 
керілген және нүктеге дейін кішірейген кескін түрінде көрінеді. (Экран-
ның орта тұсында өте кішкентай төңкерілген кескін пайда болады).
Егер нәрсе линзадан екі фокус қашықтығында (
2F) орналасса (су-
рет 7.25, 
б), онда төңкерілген, шын және өлшемі нәрсемен бірдей кескін 
аламыз.
Сурет 7. 25. Нәрсенің жинағыш линзадағы кескіндері
а)
б)
г)
ә)
в)
д)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


204
Егер нәрсе линзаның алдыңғы фокусына жетпей 
F < d < 2F арасы-
на орналасса (сурет 7.25, 
в), онда төңкерілген, үлкейтілген және шын 
кескін аламыз.
Егер нәрсе линзаның алдыңғы фокусын басып өтетін вертикаль 
жазықтықта орналасса (сурет 7.25, 
г), онда барлық сынған сәулелер 
линзадан параллель өтіп, кескін шексіздікке кетіп жоғалады. (Экранда 
кескінсіз ақ жарық қана көрінеді).
Егер нәрсе линза мен оның бас фокусы арасына орналасса (сурет 
7.25, 
д), онда нәрсенің ұшынан шыққан екі сәуле линзадан шашырай сы-
нып, бір-бірімен қиылыспайды. Олар тараған бағыттарында емес, қарама-
қарсы бағытта ғана жорамал нүктеде қиылысады (үзілісті сызықтар). 
Бұл жағдайда линзада нәрсенің 
жалған, үлкейтілген және тура кескіні 
пайда болады. Нәрсенің нақ осындай кескінін лупадан қарағанда көреміз.
Сонымен, дөңес линзадағы дене кескінінің пішіні оның линзадан ор-
наласу қашықтығына байланысты өзгеріп отырады.
6. Енді нәрсенің ойыс (шашыратқыш) 
линзадағы кескінін қарастырайық (сурет 
7.26). АВ денесі берілсін. Дененің кез кел-
ген нүктесінің (мысалы, А нүктесінің) ойыс 
айнадағы кескінін салу үшін жоғарыда си- 
патталған үш сәуленің ішінен екі сәулені 
таңдап аламыз. Олардың бірі А нүктесінен 
бас оптикалық өске параллель қозғалып
ойыс линзадан шашырай сынады. А нүк-
тесінен шыққан екінші сәуле линзаның центрі арқылы сынбай өтеді. Бір-
бірінен алшақтай түскен бұл екі сәуле линзаның сыртында қиылыспайды. 
Бірінші сынған сәуленің жорамал фокусқа бағытталған жалғасы (үзілісті 
сызық) екінші сәулемен линзаның алдыңғы жағында А′ нүктесінде 
қиылысады. Міне, осы нүкте А нүктесінің жорамал кескінін береді. Осы-
лайша, В нүктесінің де В′
жорамал кескінін табамыз. Сөйтіп, нәрсенің 
ойыс линзадағы кескіні 
жалғанкішірейтілген және тура кескін болып 
табылады.
Ойыс линзадағы кескін дене линзадан қандай қашықтықта орналасса 
да 
жалғанкішірейтілген және тура күйінде қала береді (сурет. 7.26).
7. Дененің өз өлшемі мен оның линзадағы кескінінің өлшемі 
бірдей бола бермейтінін көрдік. Дене мен кескіннің өлшемдерінің 
айырмашылығын 
үлкейту деп аталатын шама сипаттайды. Үлкейту 
Г әрпімен белгіленеді.
Сурет 7.26. Ойыс айнадағы 
кескін
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


205


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет