ЖЫЛУ ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ ЭНЕРГИЯНЫҢ САҚТАЛУ ЖӘНЕ АЙНАЛУ ЗАҢЫ 1. 7-сынып физикасында механикалық энергияның сақталу заңын
былайша тұжырымдаған едік:
сыртқы ортамен байланыспайтын тұйықталған денелер жүйесінде механикалық энергия өзгермей сақталады, тек бір түрден екінші түрге айнала алады: Е м = Е к + Е п = сonst. Бұған қоса тұйық жүйеде денелердің кинетикалық және потенциал-
дық энергиялары бір-біріне түрленіп, ∆
Е м = ∆Е к + ∆Е п шамасына өзгере
алатындығы көрсетілген болатын. Сонымен қатар
энергия өзгерісінің өлшемін жұмыс деп атаған болатынбыз. Мұндай анықтаманың физи-
калық мағынасы мынаған саяды:
∆Е м механикалық энергия өзгерісі есебінен Ажұмысы жасалады; керісінше,
атқарылған А жұмысы есебінен механикалық энергия ∆Е м шамасына өзгереді: А = ∆Е м ; А = ∆Е к ; А = ∆Е п . Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
42
Жұмыс пен энергия өзгерістері арасындағы осындай тепе-теңдік бай-
ланыс
эквивалентті байланыс деп аталады.