Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет33/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   204
8сынып физика (2)

2.
 Нақты жағдайда сыртқы ортамен әрекеттеспейтін тұйықталған де-
нелер жүйесін жасай алмаймыз. Оның үстіне тұйық жүйедегі денелер 
арасында әртүрлі үйкеліс күштері әрекет етеді де, олардың температура-
лары жоғарылай бас тайды. Мұндай жағдайда механикалық энергияның 
сақталу заңы орындалмайды:
 Е
м 
= Е
к 
+ Е
п
  сonst.
3. Механикалық энергияның сақталмауы оның түгел жоғалып 
кеткенін білдірмейді. «Сонда ол қайда кетеді?» деген сұрақ туындай-
ды. Бұл сұрақтың дұрыс жауабын табу үшін қозғалыс түрлерін ажы-
рата білуіміз керек.
Физикада қозғалыстарды 
макроскопиялық денелердің механика- 
лық қозғалысы және микроскопиялық бөлшектердің жылулық 
қозғалысы деп екі түрге бөледі. Заттардың микроскопиялық бөл-
шектерінің үздіксіз бейберекет қозғалысын 
жылулық қозғалыс деп
атағанбыз. Жылулық қозғалысқа қатысатын бөлшектер де механи-
калық қозғалысқа қатысатын денелер сияқты, кинетикалық және 
потенциалдық энергияларды иеленеді. 
Заттардың микроскопия- 
лық бөлшектерінің кинетикалық және потенциалдық энергияла-
рының қосындысын дененің ішкі энергиясы деп атап, U әрпімен 
белгілегенбіз:
 U = E
к 
+
 
E
п
.
Механикалық қозғалыс кезінде үйкеліс күштері салдарынан дене- 
лердің жылдамдықтары азайып, температураларының жоғарылай- 
тыны белгілі. Демек, олардың механикалық энергиялары да кемиді.
Есесіне денелердің температурасы жоғарылайды. Ал температура-
ның жоғарылауы дененің құрамындағы бөлшектердің жылдамдығын
арттырып, оның ішкі энергиясын өсіреді. Ендеше, макроскопиялық
денелердің механикалық энергиясы мүлдем жоғалып кетпейді, энер-
гияның басқа түріне – микроскопиялық бөлшектердің ішкі энергия-
сына түрленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет