53
§11.
3. Суы бар ыдысты калориметрдің сыртқы ыдысының ішіне қойып, судың
t
cу
температурасын өлшеңдер.
4. Мұз кесегін сүзгі
қағазбен құрғатып алып, суға салыңдар.
5. Термометрмен суды мұз ерігенше араластыра отырып, калориметрдің ең
төменгі
t
о
С
температурасын тіркеңдер.
6. Суды ыдысымен таразыға қайта тартып,
мұздың
m
м
массасын анық-
таңдар.
7. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер:
m
к
, к
г
m
су
, к
г
t
cу
= t
к
t
m
м
8.
Жылу балансының
Q
1
+ Q
2
= Q
3
+ Q
4
теңдеуін
пайдаланып, мұздың
меншікті жылусыйымдылығын анықтаңдар. Мұндағы:
Q
1
= c
к
m
к
(
t
к
– t) – калориметр ыдысының берген жылуы;
Q
2
= c
су
m
су
(
t
су
– t) –
судың берген жылуы;
Q
3
= λ
m
м
– мұзды балқытуға кеткен жылу;
Q
4
= c
су
m
м
(
t – t
балқу
) – мұздан шыққан судың алған жылуы.
9. Қорытынды жасаңдар.
БУЛАНУ ЖӘНЕ КОНДЕНСАЦИЯ. ҚАНЫҚҚАН
ЖӘНЕ ҚАНЫҚПАҒАН БУЛАР
1. Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне сұйықтардың буға
айналу процесі де жатады. Сұйықтардың буға (газ тәріздес күйге)
айналуының екі тәсілі бар: бірі –
булану, екіншісі –
қайнау.
Сұйықтың буға айналу құбылысы бу түзілу деп аталады. Ал
була-
ну
деп сұйық бетінде орын алатын бу түзілу процесін айтады.
Булану процесінде сұйықтың моле-
куласы
оның бетінен босап шығып, бу
түзеді. Газ молекулаларындай емес, сұйық
молекулаларының арасында едәуір тар-
тылыс күштері сақталады (сурет 2.4).
Сұйықтың ішкі А молекуласын басқа мо-
лекулалар жан-жағынан бірдей күшпен
тартады. Сондықтан
сұйық ішіндегі моле
-
кулаларға әрекет ететін қорытқы күш нөл-
ге теңеледі де, олар кез келген бағытта
Сурет 2.4.
Сұйық молекулалары
В
А
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
54
еркін қозғалуға мүмкіндік алады. Ал сұйық бетінде орналасқан
В
моле
кулаға әрекет ететін күштер бірін-бірі теңгермейді. Молекуланы
төмен қарай тартатын күш оны жоғары қарай тартатын күштен
әлде-
қайда артық. Өйткені сыртқы ортадағы ауаның тығыздығы сұйыққа
қарағанда өте аз.
Сондықтан
В молекуласын сұйықтың сыртына қарай
тартатын күш оны ішке қарай тартатын күштен кем болады. Ендеше,
«Бу түзілу процесі кезінде сұйық молекулалары оның беткі қабатынан
қалай босап шығады?» деген сұрақ туындайды.
Шынында да, молекула беткі қабаттан босап шығуы үшін белгілі
бір
А жұмысын атқару қажет. Мұндай жұмысты жылдамдықтары үл-
кен молекулалар ғана ∆
U ішкі энергия өсімшесі
есебінен істей алады
(
А = ∆
U)
. Олай болса, жылдамдықтары үлкен, кинетикалық энергия-
лары аса мол молекулалар ғана сұйықтан шығып кете алады да, оның
орташа кинетикалық энергиясын төмендетеді. Сөйтіп, булану процесінде
дене ішкі энергиясын кемітіп, бірте-бірте салқындай бастайды. Ендеше,
булану әрдайым жылу жұтылу процесімен жалғаса жүреді. Сондықтан
бірдей массада будың ішкі энергиясы оның өз сұйығының ішкі энергиясы-
нан артық болады:
Достарыңызбен бөлісу: