Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


m әрпімен белгілегеніміз сияқты электр  зарядының шамасын  q



Pdf көрінісі
бет77/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   204
8сынып физика (2)

m әрпімен белгілегеніміз сияқты электр 
зарядының шамасын 
q әрпімен белгілейді. Халықаралық бірліктер 
Сурет 4.3. Электроскоп
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


91
жүйесінде заряд бірлігіне 
кулон (Кл) алынады (оның мағынасы келесі 
тақырыпта ашылады). Масса материяның заттық түрін сипаттайтын 
шама болса, заряд материяның екінші түрі болып табылатын 
өрістік 
түрін сипаттайтын шама. Расында да, химиялық элементтердің атом-
дарын алатын болсақ, олар материяның заттық қасиеттерін де, өрістік 
қасиеттерін де иеленеді. Қалыпты жағдайда атомдар электр қасиеттерін 
білдірмейді. Ондай атомдарды бейтарап атомдар деп атайды. Алайда 
атомдардың (денелердің де) бейтарап болуы оларда электр зарядтары 
жоқ дегенді білдірмейді; тек оң зарядтар (+
q) мен теріс зарядтардың 
(–
q) абсолют шамаларының теңгеріліп тұрғанын ғана білдіреді
(|+
q| = |–q|). Расында да, мысал ретінде көміртектің бейтарап атомын 
алатын болсақ (сурет 4.4, 
а), оның ядросындағы алты протонның оң за-
рядын сыртқы қабаттағы алты электронның теріс зарядтары теңгеріп 
тұрады. Денелерді үйкеген кезде ең сыртқы қабаттағы электрондар 
атомдардан оңай ажырайды. Егер бейтарап атом бір электронынан 
айырылып қалса, онда ол 
оң зарядты ионға, ал босаған электрон-
ды қосып алған басқа бейтарап атом 
теріс зарядты ионға айналады.
Міне, осылайша денелердің біреуінде оң зарядтар, екіншісінде теріс 
зарядтар басым болып, олар екі түрлі электрленеді.
Келесі тақырыптарда қарастыратын электрлік және магниттік 
құбылыстардың барлығы да электр зарядтарының шынайылығының, 
қозғалысының және өзара әрекеттесулерінің көріністері болып табы-
лады. Сондықтан электр зарядына мынадай анықтама бере аламыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет