95
ұшына орналасқан шарик (3) α бұрышына бұрылып,
серпімді кварц
қылын бұрап ширатады.
Зарядтардың өзара тебілу күші ширатылған
кварц қылының серпімділік күшіне теңелгенде алтын шариктер (3 және
5) белгілі бір
r арақашықтықта нық орналасады.
Кулон тәжірибені
сан рет қайталай жасап, α бұрышын да,
екі за-
рядтың
r арақашықтығын да өлшеп отырды. Сөйтіп, ол өлшенген шама-
лар арқылы зарядтардың өзара әрекеттесу күшін (яғни ширатқан кварц
қылының серпімділік күшін) есептеп бағалай алды. Тәжірибелердің нәти-
желері тыныштықтағы
электр зарядтарының өзара әрекеттесу күші
олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болаты-
нын көрсетті:
F ~ 1
r
2
.
3. Бұдан кейін Кулон зарядталған
денелердің өзара әрекеттесу
күштерінің олардың
зарядтарының шамаларына тәуелділігін анықтады.
Ол үшін Кулон зарядтарды өзгертіп отырудың өте ұтымды қарапайым
тәсілін қолданды. Ол алтынмен қапталған шариктердегі алғашқы заряд-
тардың шамаларын 2, 4, 8 т.б. есе азайту үшін дәл сондай заряды жоқ
басқа шарикті (6) пайдаланды. Мұндай заряды жоқ шарикті зерттелетін
шариктерге (3 және 5) жанастырғанда олар алдыңғы жолдағы зарядта-
рын 2 есеге кемітіп отырады.
Осылайша, шамалары әртүрлі зарядтарды пайдаланып жүргізген
тәжірибелердің нәтижелері тыныштықтағы
электр зарядтарының өзара
әрекеттесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропор-
ционал болатынын көрсетті:
Достарыңызбен бөлісу: