электр тұрақтысы деп аталатын шама.
4. Егер нүктелік зарядтар вакуумда емес, басқа бір диэлектрлік ор-
тада орналасқан болса, онда мұндай ортадағы нүктелік зарядтардың
кулондық әрекеттесу күші мына формула бойынша табылады:
Ғ
ор
=
q
1
q
2
4
pε
0
ε
r
2
,
мұндағы ε –
ортаның диэлектрлік өтімділігі деп аталатын физикалық
шама.
Зарядтардың вакуумдағы
Ғ әрекеттесу күшін олардың диэлектриктік
ортадағы
Ғ
ор
әрекеттесу күшіне бөліп, берілген ортаның диэлектриктік
өтімділігін табамыз: ε
= Ғ/Ғ
ор
.
Бұл қатынас, біріншіден, диэлектрлік өтімділіктің өлшемсіз шама
екенін білдіреді; екіншіден, зарядтардың берілген ортадағы әрекеттесу
күшінің сондай аралықта вакуумдағы әрекеттесу күшінен қанша есе
кем болатынын көрсетеді. Ортаның диэлектрлік өтімділігі эксперимент-
те анықталып, кесте түрінде беріледі. Мысалы, вакуумның (ауаның да)
диэлектрлік өтімділігі бірге тең (ε
= 1), судың диэлектрлік өтімділігі
ε
су
= 81 т.б.
5. Әрекеттесетін
нүктелік зарядтардағы Кулон күші оларды қосатын
түзудің бойында жатады (сурет 4.5, б). Аттас зарядтарға әрекет ететін
күштер зарядтарды ажыратуға тырысады, сөйтіп, олар бір-бірінен
тебіледі. Әраттас зарядтарға әрекет ететін күштер зарядтарды біріктіруге
тырысады, сөйтіп, олар бір-бірін тартады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде заряд бірлігіне
кулон (Кл) алына-
ды дедік. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесу күштерінің фор-
муласы белгілі болғаннан кейін
кулон бірлігінің физикалық мағынасын
ашуға болады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|