100
ған көрінісіне (сурет 4.6) мейлінше жақын сызықтар түрінде салынуы
көзделеді. Яғни күш сызықтарының жиілігі зарядтарға жақында-
ған сайын, өрістің күшейгенін
білдіріп, арта түсуі керек. Оған қоса
күш сызықтарының бағыттары да көрсетілді. Қағаз үгінділерінің әрат-
тас зарядтарда тұйықталатынын ескеріп, электрстатикалық өрістің күш
сызықтары оң зарядтан шығады, теріс зарядқа
еніп тұйықталады деп
келісілді.
Осы талаптарға орай жеке нүктелік зарядтың электр өрісін бейне-
лей тін күш сызықтары (сурет 4.7
а және
ә) зарядтан алыстаған са йын
жиілігі азаятын радиал сызықтар түрінде салынды.
Әраттас қос
зарядтардың электр өрісі де (сурет 4.7,
б) тәжірибедегі көрініске ұқсас
(сурет 4.6,
ә) күш сызықтары арқылы бейнеленді. Сол сияқты әраттас
зарядталған параллель екі өткізгіштің арасындағы электр өрісінің күш
сызықтары (сурет 4.8,
а) да тәжірибеде алынған көрініске (сурет 4.6,
б)
сәйкес орналас тырылды. Сонымен қатар барлық жағдайларда да оң
зарядтан шығып, теріс зарядпен тұйықталатын электр өрісінің күш
сызықтарының бағыттары да көрсетілді.
Сурет 4.7.
Нүктелік зарядтардың электр өрісінің күш
сызықтары
а)
ә)
б)
4. Енді электр өрісін сипаттайтын физикалық шамаларды анықтайық.
Ол үшін кез келген
q нүктелік зарядтың туғызған электр өрісінің
қасиеттерін, сынақ зарядтарын пайдаланып зерттеп көрейік.
Сынақ за-
Достарыңызбен бөлісу: