15
§3.
ІШКІ ЭНЕРГИЯ. ІШКІ ЭНЕРГИЯНЫ
ӨЗГЕРТУ ТӘСІЛДЕРІ
1. 7-сынып физикасын оқығанда дененің «механикалық энергиясы»
ұғымымен танысқан едік. Механикалық энергия (Е)
тұтас дененің
кинетикалық (Е
к
) және потенциалдық (Е
п
) энергияларының қосындысы-
нан тұратынын білеміз:
Е = Е
к
+ Е
п
.
Механикалық энергия және оның түрлері: кинетикалық энергия да,
потенциалдық энергия да
салыстырмалы шамалар болып табылады.
Расында да, 7-сынып физикасында көрсеткеніміздей,
санақ жүйесін
таңдауымызға қарай дененің механикалық энергиясы аз да, көп те, тіпті
нөлге де теңелуі мүмкін.
Алайда дененің механикалық энергиясының
нөлге теңелуі табиғат-
тың іргелі әмбебап заңы –
энергияның сақталу және бір түрден екінші
түрге айналу заңын теріске шығара алмайды. Ендеше, механикалық
энергия біз білмейтін энергияның басқа бір түріне
айналады деген
қорытынды жасай аламыз. Физикада энергияның бұл түрін
ішкі энергия
деп атайды. Енді
ішкі энергияның табиғаты мен
физикалық мағынасын
ашуға тоқталайық.
2. Егер
болат шарикті үлкен биіктіктен шомбал болаттың бетіне
құлатсақ, соғылғаннан кейін оның температурасының біршама көте-
рілгенін сезінеміз. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Егер
болат
шардың орнына
болат балға алып,
темір шегені төске салып
ұзағырақ соққыласақ, екеуінің де әсіресе
шегенің едәуір қызатынын
білеміз.
Жоғарыдағы мысалдар денелердің қозғалыстары мен әрекеттесулері
салдарынан
олардың
температураларының
жоғарылайтындығын
айғақтайды. Ал
температураның жоғарылауы, алдыңғы тақырыпта
айтқанымыздай,
бөлшектердің (молекулалар мен атомдардың) орта-
ша кинетикалық энергиясының өскендігін білдіреді. Ендеше, денелердің
механикалық энергиясы мүлдем
жоғалып кетпейді, сол денелердің
бойындағы бөлшектердің кинетикалық және потенциалдық энергияла-
рын молайтуға жұмсалады. Денелердегі
атомдар мен молекулалардың
кинетикалық және потенциалдық энергияларын
ішкі энергия дейді де,
U
әрпімен белгілейді. Сонымен, ішкі энергияға оның физикалық мағынасын
ашатын мынадай анықтама бере аламыз:
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217